Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет35/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Сабақтың мақсаты:
7.
Топырақтың құрамы,оның түрлері және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
8.
Баяндау,түсінігін айта білу,ойлау қабілетін арттыру,дәлелдеу.
Оқушылардың байқағыштығын,пәнге деген қызығушылығын дамыту.
9.
Табиғатты аялауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Өз елін,жерін, табиғатын аялай білуге, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі-тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, топтық, жеке жұмыстар
Көрнекілігі: Топырақтың және оның түрлерінің суреттері, слайд-суреттер, сызбалар, құпиясөз, кестесөз, карта.
                                                         Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
  Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
 І топ Пайдалы қазбалар (топтастыру)
 ІІ топ «Венн» диаграммасы. Пайдалы қазба.
 ІІІ топ. (эссе). Пайдалы қазбалардың пайдасы.
2. Пайдалы қазба, байлық туралы мақал-мәтел айту.
249

3. Қорытынды. Жұмбақ жасыру, шешу.
ІІІ. Негізгі бөлім
 1.Қызығушылығын ояту.
«Мен тапқыр» ойыны
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына, не алдына дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір шумақ өлең
шығады.
Қршғнмрлм
Ндгнкркм,дм
Слсллқтсқтйқ,
Мдқтйқ,мқтйқ
оааөіәеі,
еееөеәеі.
Оұуыыааы
аааыааы
-Ненің арқасында жеріміз көркейіп тұр?
-Олай болса 2 кластағы топырақ туралы алған білімдерімізді еске түсірейік.
Сызықтық диктант аламын.Жауап дұрыс болса,түзу сызық,ал бұрыс болса,бұрышпен белгілейді.
 -Стақандағы суға құрғақ топырақты салғанда, көпіршік пайда болды.Ол топырақ арасындағы ауа.
 -Топырақты отқа қыздырғанда, одан ауа бөлініп шықты.
 -Топырақты одан әрі қыздырғанда одан бу шықты. 
 -Топырақтың құрамында су, ауа, саз, кұм, шірінді бар.
 -Суға салып араластырған сұр топырақ тұнғанда, астына саз, үстіне құм тұнады.
Соңында жауаптарын өздері тексерін, бағалайды.
Жауабы:   vv  v
2. Мағынаны тану.
а) Мәтінмен толық танысу.
ә) Мәтінді талдау.
Оқып білгендерін слайдтағы сызба бойынша әңгімелейді. І топ.
ІҮ. Қорытынды
Дәптерге жазу
«Кестесөз» шешу. Танысқан жаңа сөздерді тауып жазады.
қ а р а л а қ о ң ы р ы с о р с у м и к р о б
Шешуі: қаралақоңырысорсумикроб
«Бәйге» ойыны арқылы жаңа сабақты қорыту. Әр қатар бір-біріне сұрақ беріп, жауабын айтады.
10
10
10
 
20
20
20
30
30
30
Ү. Бекіту.
Экологиялық   тұжырым.Картадан   көрсету.Қазақстан   картасын   пайдаланып,Қазақстанның   кең   байтақ     жерінде   асқар  тау
да,ұшы   қиыры   жоқ   жазық   дала   да,тұзы   шығып   жатқан   сортаң   да   бар.   Осының   бәрі   біздің   табиғатымыздың   сан
алуандығы.Ендеше,Отанымызды,атамекен жерімізді аялай білейік,қадір тұтайық!
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
ҮІІ. Бағалау
* * * * *
ЮКО г.Шымкент осш №84 им. Циолковского учитель физической культуры 
І категория Галиева Рамиля Насатовна
Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды 
пайдалана отырып, білім сапасын арттыру
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге 
асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру 
ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып 
отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен 
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік маңызы бар мәселелермен тең дәрежеде 
екендігі баса көрсетілген. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын 
құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін 
жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен 
жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған 
білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. 
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз: 
І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, 
отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру; 
ІІ. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында 
денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не? 
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше, адамның әлеуметтік – 
психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады: 
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану; 
250

- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; 
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; 
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; 
- дұрыс жыныстық тәрбие алу; 
- зиянды әдеттерден аулақ болу. 
Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз 
керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының 
дамуына мұрындық болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет 
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер 
үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді. 
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары. Білім – қоғамды тұрақтандыратын, 
рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа 
әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың 
дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің 
басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан 
әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. 
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, 
бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын
арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, 
сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы 
белгілі спортшылар өмірін алуға болады. 
Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық 
технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы
оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар
туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл 
тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі 
деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз 
қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. 
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың 
мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді 
әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» 
Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту 
жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды 
игертуді береді. 
Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да болады. Осы технологияның 
шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын 
түрінде ұйымдастыру), сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады. 
Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, 
құрметі, эстетикалық талғамы да артып келеді. Мысалы, дене шынықтыру сабағында 5-6 сыныптарына сергіту сәтін алатын 
болсақ, өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау 
жасау мақсатында, қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталдым, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, 
сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын 
әдісінде болатына көз жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында 6 сыныптар арасында «Көңілді мәре» сайысы 
оқушылардың ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына пәндерді 
байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ көрермендердің көңілінен шықты, сабақта биология, химия, математика, сурет, 
алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтыру пәндерінен құралған ойындар пайдаланылды. Сабақты қызықты өткізу 
үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған 
сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: 
«Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, 
белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу талабы 
қойылды. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге машықтанады, логикалық ойлау 
қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды. Тәңертеңгілік бой жазу және сергіту жаттығулары мен бірге 
мектебімізде ұлттық өнеріміз «Қара жорға» биін жаңғырту үстіндеміз, биді сергіту, тәңертеңгі бой жазу жаттығуларының 
орнына да пайдалануға болатынына көз жеткіздік. Сондай-ақ «Спорт әлеміне саяхат» тақырыбында мультимедиалық 
проектор арқылы 5«А» сынып оқушылармен зияткерлік ойын сабағын өткізіп оқушылардың спортқа деген қызығушылығын
арттырдық. Бұл сабақта Қазақстан спортының алғашқы шыққан, атақты да данықты чемпиондарынан бастап қәзіргі таңдағы
олимпиада чемпиондары туралы викторина сайысы оқушылардың көңілінен шығып, оқушыларымыз өз елінің патриоты 
екендерін сабақ барысында дәлелдеп, мүдірместен жауап беруге тырысты. Сондай-ақ қатарынан үшінші жыл мемлекеттік 
тілдегі мектептердің 5-8 сынып оқушылары арасында ұлттық ойын және спорттық ойын түрлерінен жарыстар 
ұйымдастырып жеңіпаздарды анықтап оқушылардың кішкене кезінен бастап спортқа деген қызығушылығын арттыру 
мақсатында тынымды еңбектер атқару үстіндеміз. Қала көлемінде Наурыз айында ұлттық мерекемізді насихаттау 
барысында «Төрт түлікке ен салу», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық ату» ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, 
ұлттық ойын өнерімізді өзге ұлт өкілдеріне насихаттау басты міндетіміз. Екінші жыл аталып өтіп жатқан облыстық ұлттық 
ойындар фестиваліне қатысып асық ойынының «Шыр» түрінен топтық есепте жүлделі ІІ орынға ие болып қаламыздың 
қоржынына ұпай әкелдім. 
Бұл ұлттық ойындар фестивалінің ұйымдастырылуы, тұсауы кесілуі ұлтымыз үшін үлкен жетістік деп білемін. 
Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл әдістегі бағдарламалардың 
желісінде «Намыс дода», «Толағай» «Асық ату» атты спорттық, ұлттық ойындар сайысын сынып аралық топтық сайыс 
түрінде өткіздім. Әр тоқсан сайын қала қазақ мектептері арасында ұлттық және спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп , 
251

әсіресе «Асық ату» ойыны оқушылардың арасында қызығушылығын арттырды. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын адам 
өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты 
арттырады. 
Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде оқушының: 
- Салт - дәстүрді құрметтеуі; 
- Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы; 
- Намысқойлығы; 
- Жүйке жүйесінің шынығуы; 
- Ойлау қабілетінің дамуы; 
- Білім алуға құштарлығы; 
Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында: 
Алдымен оқушының «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету.Оқушының «Қашан?» деген 
сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет.Оқушының «Қайда?» деген сұрағына: 
Оқушының және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет. 
Өзімнің 6-сыныптарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен оқушыларға өткен тақырыптарға 
байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ 
барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. 
Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының
ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. 
Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. Олар мыналар: 
- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну; 
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау; 
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу; 
Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған 
ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін 
тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. 
Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Санамақ» сонымен қатар қозғалмалы ойындар және 
ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру. 
Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. 
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да 
маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, 
арқан тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 
оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, 
салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы
артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады. 
Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық 
зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. Жаңа идеяларды еңгізу барысындағы 
орындалатын міндеттер: 
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру. 
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту. 
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану. 
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету. 
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру. 
6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру. 
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән 
беру керек. 
Жұмысымның нәтижесі: 
1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады. 
2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді. 
3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады. 
4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
* * * * *
ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №77 Хамза атындағы 
жалпы орта мектеп ағылшын пәні мұғалімі Сайдиганиев Дилмурад Абдиганиевич
The theme of the lesson: «Good Health is Above Wealth».
The aims of the lesson: 1) To improve skills of use in speech of lexicon on a
Theme of « Health», to promote formation of knowledge about various trades, to develop speech skills;
2) To develop logic thinking, memory, speech, attention, imagination, culture of thinking and behavior;
3) To create favorable conditions for comprehension both realization of the personal and social importance of process of mastering 
by foreign language, for education of the multilingual polycultural person.
Kind: the integrated lesson
The forms of organization of job at a lesson: frontal, individual, group.
Organization moment.
T.: Good morning, my dear friends! I’m glad to see you! Sit down, please.
How are you today?
What is the day today?
What’s do you think about today’s weather?
Do you like it?
252

Phonetic drill.
T.: Look at the blackboard. You can see these some English proverbs. They are connected with the theme of our lesson. Pronounce 
these sounds and proverbs after me.
[ p ] [k ] [ d] [ ei] An apple a day keeps a doctor away.
[θ] [w] [e] Good health is above wealth.
[ з:] [ r ] [h ] [ θ] Early to bed,
Early to rise -
Makes a man healthy, wealthy and wise.
T.: Read and translate these proverbs. At the end of the lesson, you’ll choose the one that could be the title of our lesson.
T.: Boys and girls, today we have a guest, a reporter from a famous TV programme “Health”. She would like you to answer some of 
her questions about health and health habits.
- How often do you brush your teeth?
- Do you go to the swimming pool? How often?
- How often do you wash you hands?
- How often do you visit a dentist?
- Do you like to visit doctors?
R.: Thank you very much. Don’t forget to watch our programme.
T.: I see that you don’t like doctors at all. But sometimes it is necessary to visit them. Today we’ll go to the British hospital. First we 
should revise our vocabulary on the topic. Look at the human body. Come to the board, name and write the parts of the body.
T.: I see that you are tired. Let’s have a rest and remember a wonderful English song “Head and Shoulders”
Head and shoulders,
Knees and toes, knees and toes, knees and toes!
Head and shoulders,
Knees and toes,, knees and toes, knees and toes!
Eyes and ears, and mouth and nose!
Head and shoulders,
Knees and toes, knees and toes,
Knees and toes!
Arms and legs, feet and hands,
Feet and hands!
Arms and legs, feet and hands,
Feet and hands!
Eyes and ears, and mouth and nose!
Arms and legs, feet and hands,
Feet and hands.
T.: Thank you. Clap you hands.
T.: When do people go to the doctor? Right. When they have some problems with their health. Now, have a look at some children. 
Say what problems they have and give them some pieces of advice.
T.: What problems does Ruth have?
P1: She has a headache. I think she should visit a doctor. She shouldn’t take any tablets without his advice. She should stay in bed.
T.: Do you remember a song about children who had many problems with their health? Let’s sing this song!
Ruth has a toothache,
Teddy has a cold.
Fred has a headache.
Eddie’s getting old.
Sam has a stomachache.
Frankie has the flu.
Jack has a backache.
Tony has one, too.
Ruth has a toothache,
Teddy has a cold.
Fred has a headache.
Eddie’s getting old.
T.: Great! How beautifully you sing! Clap you hands!
T.: We are in the hospital at last. But, look, there are a lot of different doctors. What doctors should we choose? Match the photos and
the doctors?
T.: Well done! Will you answer my questions about doctors?
- What doctors will you visit?
▪ if you have a broken leg?
▪ if you have a toothache?
▪ if your pet doesn’t feel well?
- What doctors usually help children?
T.: Very good! And now it’s time to speak about health. Take the card and make up a dialogue according to the situation.
Pupil card 1
Your friend has a cold. Give advice.
You begin a conversation.
253

Pupil card 2
You have a cold. Describe your condition. Listen to you friend.
Pupil card 1
You are a dentist.
Your patient has a terrible toothache.
Examine him/her. Give advice. You begin a conversation.
- Express hope Pupil card 2
You have a terrible toothache.
Describe your condition. Listen to you doctor.
T.: Thank you very much. Now I think you can tell me which proverb you have chosen as a title of our lesson.
Thank you.
Our lesson is over. I wish you good health and happiness. And don’ forget that “Good Health is Above Wealth”! Good bye!
* * * * *
ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы 
 
№77 Хамза атындағы жалпы орта мектеп дене
 шынықтыру пәні мұғалімі Юлдашев Ёркинжан Ирисдавлатович
Сабақтың тақырыбы:Төменгі сөреден шығу тәсілдері. 100 м-ге жүгіру
Оқушыларды сапқа тұрғызу, кезекші мәліметі, сәлемдесу.
Сабақтың мақсатын, міндетін түсіндіру.
Назар аударатын зейін жаттығулары.
1. Оң - ға 1 - 2
2. Сол - ға 1 - 2
3. Ай - нал 1 - 2
4. Секіріп айнал
Жүру үстінде орындалатын жаттығулар.
Жүгіріп жасалатын жаттығулар.
Жалпы дене - қимыл жаттығуларды орында тұрып немесе қозғалыста жүріп орындау.
Спорттық киімге назар аудару.
Бұйрықты бірдей орындау.
Дұрыс бұрылуын қадағалау.
Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аудару.
Негізгі бөлім----------20 - 28 минут
Тақырып: 100м жүгіру тәсілдерін түсіндіру. Орындалуын көрсету.
100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады.
1. Төменгі сөреде тұру.
2. Төменгі сөреден шығу.
3. Ара қашықтық бойы жүгіру.
4. Мәреден өту.
Жүгірер алдында жерге бір тізерлеп екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Осы жағдайды төменгі сөрелік қалып деп 
атайды.
Дайындал деген бұйрық берілгенде жүгіруші артқы тізесі мен денесін сәл көтеріп, ауыз арқылы тез әрі терең тыныс алады. 
Осы қалыпта ол жүгірудің соңғы бұйрығын күтіп тұрады.
Сөреден шыққанда денеміз бірте-бірте тіктеледі
Қашықтықтың бастапқы кезінде 15 - 25м жерде аяқты жерге қатты тірей басып жүгіру арқылы орындалады.
Серпілу қуатын арттыру үшін санды шапшаң әрі ілгері көтеру маңызды рөл атқарады.
Өзге қашықтықтарға қарағанда адым кеңірек болады.
Жүгірудің соңында шапшаңдықты төмендетпестен мәреден өту керек.
Қашықтықтың ең соңғы адымдарында қатты ұмтылып жеткен дұрыс.
Жүгіруді тек мәреден өткеннен кейін ғана баяулату керек.
Төменгі сөрелік қалыпта тұруды орындау.
Төменгі сөреден шығу тәсілін орындау.
Екі топқа бөліп екі оқушыдан төменгі сөреден 100 метрге жүгіруді орындау.
Эстафеталық ойындар ж. л. элементтерімен
Оқушылардың мұқият тыңдауына назар аудару.
Күшті деп есептеген аяғын артқа қоюын қадағалау.
Жамбас бастан сәл көтеріліп тұрады.
Салмақ екі қолға түсіп тұрады.
Сөреден дұрыс шығуына назар аудару.
Аяқ тік алға,
Бір бағытта басылуын қадағалау.
Әр оқушы өз жолымен жүгіруін қадағалау.
Аяқтарын алшақ басуын қадағалау.
254

Оқушылар мәреге жақындағанда секірмеуін қадағалау.
Шапшаңдықты төмендетпеуін қадағалау.
Жүгірудің жеңіл дұрыс орындалуы аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде денені шалқайтпай ұстау тез жүгіру мен 
төзімділіктің кепілі.
Төменгі сөреде дұрыс орналасуын қадағалау.
Төменгі сөреден дұрыс шығуына назар аудару.
Қауіпсіздікті сақтау.
Ережеге сәйкес екі топқа бөліп, эстафеталық ойындар өткізу.
Қорытынды бөлімі-------3 - 5 минут
Жалпы сапқа тұрғызу, ескертулер, бағалау, қорытындылау.
Үйге тапсырма
Тынысты қалыпқа келтіру.
Қатысуына қарай бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма 
* * * * *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет