Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


Бауырымен  жорғалаушылардың  сыртқы,  ішкі  құрылысы  және



Pdf көрінісі
бет33/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Бауырымен  жорғалаушылардың  сыртқы,  ішкі  құрылысы  және 
ұрығының дамуы. 
Сабақтың  мақсаты:  Дала  агамасын,  басқа  да  кесірткелерді  мысалға 
ала  отырып  бауырымен  жорғалаушылардың  систематикалық  жағдайымен, 
сыртқы ішкі құрылыстарымен және ұрғының дамуымен танысу. 
Сабаққа 
қажетті 
құрал-жабдықтар
жергілікті 
жердің 
кесірткелерінің  коллекциялары,  немесе  арнаулы  ерітіндіге  салынған 
препаратты,  кесірткенің  ішкі  құрылысының  ылғалды  преператтары, 
лупалар, түрлі-түсті кестелер. 
Жалпы түсінік. 
Кесірткелердің  денесі  бастан,  мойыннан,  тұлғадан,  құйрықтан  және 
жұп аяқтардан (алдыңғы және артқы) тұрады. Басының алдыңғы жағындағы 
үстінде  ауыз  қуысын  хоандармен  ашылатын  танау  тесіктері  болады. 
Сонымен  бірге  басының  екі  шетінде  қозғалмалы  қабақтармен  көмкерілген 
көздері  орналасқан.  Көздерінің  артқы  бұрышында  жыпықтау  жарғағы 
болады  және  көздерінің  артқы  жағында  дөңгелек  дабыл  жарғағы  бар  есту 
тесігі орналасқан.  Агаманың артқы басының үсті  ұсақ. Дұрыс емес  пішінді 
қабыршықтармен жабылған. 


 
 
 
 
33-Сурет. Кесіркенің сыртқы құрылысы 
 
Тұлғасы  ұзын  болып  келген.  Тұлға  мен  құйрықтың  жалғасқан 
шекарасында  клоака  тесігі  орналасқан.  Агаманың  арқа  жағындағы 
қабыршақтары  ұсақ  болады.  Ал  құрсақ  жағындағы  қабыршақтары 
қалқаншалар  тәрізді  ірілеу  болады.  Қабыршақтары  құйрық  жағында  екі 
қабатты  сақиналар  түзеді.  Аяқтары  бес  саусақты  болып,  тырнақтарымен 
аяқталады. 
Агаманың шырышты бездерінің болмауына байланысты, терісі құрғақ 
болады.  Тері  бездері  тобы  шығарған  желім  тәрізді  жабысқақ  заттар 
секреттері  құрсағының  артқы  бөліміндегі  қабыршықтарын  қаптап  жатады. 
Ондай бездер әсіресе аталықтарында жетілген. 
Ет  жүйесі,  Бауырымен  жорғалаушыларда  төменгі  сатыдағы 
организмдерге  тән  еттің  метамерлі  орналасуы  сақталмаған.  Оларда  мойын 
бөлімінің пайда болуы, бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы денесінің үлкен 
бөліктерге  жіктелуі  міне  осының  барлығы  ет  жүйесінің  күрделі 
дифференциялануына себепші болған. Әсіресе, тыныс алу процесін реттеуге 
қатысатын  қабырға  аралық  еттерінің  пайда  болуына  ерекше  атап  өтуге 
болады. 
Ас  қорыту  жүйесі.  Дала  агамасының  ауыз  қуысындағы  жақтарында 
ұсақ  тістері  болады.  Тілінің  ұшы  жіңішке  болып,  тіл  түбірі  жұтқыншыққа 
қараған.  Ал  оның  артынды  өңеш  орналасқан  Құрсақ  қуысының  алдыңғы 
бөлімінде өңеш қарынға жалғасып, одан ары он екі елі, тоқ және тік ішектер 
кетеді.  Тік  ішек  клоакаға  ашылады.  Аш  ішек  пен  тоқ  ішектің  қосылған 
жерінде кішкене өсінді соқыр ішек бүйені болады. Ұйқы безі қарын мен он 
екі  елі  ішектің  аралығында  орналасқан.  Құрсақ  қуысының  алдыңғы 
бөліміндегі  үш  бөлікті  бауырында  өт  болады.  Өт  жолы  да  ұйқы  безінің 
ашылатын жеріне келіп ашылады. 
 
 


 
 
 
34-Сурет. Кесірткенің асқорту жолының үлгілері 
 
Тыныс алу жүйесі. Бауырымен жорғалаушылардың құрлықта тіршілік 
етуіне  байланысты  тыныс  алу  жолдары  күрделі  болып  келеді.  Біріншіден 
ауа  танау  түсіктерінен  өтіп,  хоандар  арқылы  ауыз  қуысына  келеді.  Ол 
жерден  ауа  көмекей  арқылы  ұзын  кеңірдекке  өтеді.  Кеңірдек  екі  бронхаға 
тарамдалып,  өкпеге  жалғасады.  Қос  мекенділермен  салыстырғанда 
бауырымен  жорғалаушылардың  өкпесінде  капиллярлар  торыны  еніп 
тұратын көптеген перделері болады. Ол өкпенің тыныс алу бетін ұлғайтады. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет