Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет35/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
38-Сурет. Бауырмен жорғалаушылардың зәр-жыныс жүйесінің үлгісі 
А-аталық, Б-аналық. 
1-тұқым безі; 5-қуық; 6-тік ішек; 7-клоака; 9-жұмыртқа безінің 
воронкасы; 10-жұмыртқа безі; 12-аталықтарындағы Мюллер өзегінің 
қалдығы; 13-тұқым безінің қосалқысы; 14-тұқым жолы; 15-жамбас 
бүйрек; 16-екінші несепағар; 17-аналықтарындағы рудиментті дене 
бүйрек; 18-аналық клетка; 19-жұмыртқа безі; 20-жұмыртқа жолының 
безді қабырғалары бөлетін белокты қабық; 21- жатыр; 22-қынап. 
 
Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқаға жотасының екі жақ 
бүйіріне  орналасқан.  Аталықтарында  екі  тұқым  безі,  екі  тұқым  безінің 
өсінділері және екі тұқым жолы вольфов каналы болады. Шағылыс  мүшесі 
клоаканың  артқы  жақ  қабырғасынан  өскен  өсінді  болып  есептелінеді. 
Аналықтарында  жұп  жұмыртқа  безі  және  клоакаға  жеке  тесіктер  болып 
ашылатын жұп жұмыртқа жолдары болады. 
Бауырымен 
жорғалаушылардың 
ұрықтану 
іште 
болады. 
Жұмыртқалары  судан  тыс  құрлықта  құрғақ  жерде  дамиды.  Даму  кезінде 
қосмекенділерде болатын дернәсілдік даму кезеңі болмайды. Жұмыртқадан 
ересектеріне  ұқсас  және  ересектері  тіршілік  ететін  жағдайда  өмір  сүруге 
бейімделген дене мүшелері кішкене бауырымен жорғалаушылар шығады. 
Барлық  бауырымен  жорғалаушылардың  жұмыртқаларының  сырты 
мықты  талшықты  қабықпен  қапталған.Ол  жұмыртқаны  кеуіп  кетуден 
механикалық  әсерден  бактериялардың  ішіне  еніп  кетуден  сақтайды. 
Жұмыртқаларына  болатын  талшықты  известі  және  белокты  қабықтардан 


 
басқа  ұрық  дамыған  кезде  ұрықтың  өзінен  амнион,сероза,және  аллантоис 
(38-сурет)деп аталатын қабықтар пайда болады. Олардың ұрықтың дамуына 
бейімделуде үлкен маңызы бар. 
Алғашқы  даму  сатысында  ұрық  жұмыртқаны  сары  затының  ішінен 
еніп кетеді.Ұрықтың бас бөлімінін алдыңғы жағынан қатпар пайда болады. 
Ол  қатпар  дами  келе  ұрықтың  артқы  бөлімінде  қаптап  жатады.  Мұны 
амниот қатпары деп атайды. Сөйтіп пайда болған амнион ұрықтың сыртын 
қаптап  жатқан тұйық қапшыққа ұқсайды. Амниот  қуысының  ішінде  толған 
сұйық зат болады, ұрық осы сұйықтың ішінде қатады, яғни амнион ұрықты 
жұмыртқаның қатты қабығына тиюден сақтайды. 
Ұрықтың  бірнеше  қабықтың  ішінде  жатқанын  ескерсек  онда  қалай 
тыныс алады және де алмасудың өнімдері сыртқа қалай шығады деген сұрақ 
туады.Тыныс  алуға  алғашқы  бейімделушілік  жұмыртқаның  сары  затын 
қоршап  жатқан  көптеген  қан  тамырларының  торы  болып  саналады.  Мұны 
сары  заттың  қан  айналым  шеңбері  деп  атайды.Ұрық  өсе  келе  сары 
заттағы,басқа  бөлімдеріндегі  қан  тамырларының  торы  жойылады. 
Аллантоис  ұрықтың  артқы  шегінің  құрсақ  жақ  қабырғасынан  шығатын 
қапшық  тәрізді  тұйық  зат.  Аллантоис  дами  келе  сары  уыс  қапшығы  мен 
сероз  қабығының  аралығына  жабыса  өскен  үлкен  қапшықшаға  ұқсайды. 
Дамуының  соңғы  кезенде  аллантоис  ұрықты  және  сары  зат  қапшығын 
бүтіндей қоршап алады. 
Аллантоис  екі  түрде  қызмет  атқарады:  біріншіден-тыныс  алу 
мүшелерінің  қызметін  атқарса,  екіншіден-ұрық  қуығы  болып  саналады. 
Аллантоис  тек  қана  зәр  затын  жинайтын  мүше  емес,  зәрдің  құрамындағы 
артық суды сорып алып, қан тамыры арқылы денеге түсіріп, одан басқа зат 
алмасу  кезінде  пайда  болған  заттардың  бір  бөлігі  газ  түрінде  организммен 
бөлінуіне  себепші  болады.  Бұл  жұмыртқадағы  негізгі  энергия  көзі  болып 
саналатын  май  тотыққанда  су  мен  көмір  қышқыл  газы  бөлінетін  процеске 
негізделген. 
Қорыта  келгенде  бауырымен  жорғалаушылардың  жұмыртқаларына 
құрылысы мен дамуына мынандай бейімдеушілектерді көруге болады: 
1)  Жұмыртқаның  известі  және  талшықты  қабықтары  жұмыртқа 
сұйықтығын ағып кетуден механикалық зақым келтіруден сақтайды; 
2)  Жұмыртқаны  қоректі  затқа  сару  уызға  бай  болуы  оның  дернәсіл 
арқылы дамымай тура дамуын қамтамасыз етеді; 
3) 
Жұмыртқаның  гигроскопиялық  қасиеті  сыртқы  ортадан 
жұмыртқаға судың өтуіне себеп болады; 
4)  Кейбір  түрлерінде  суға  бай  белоктың  болуы  және  сары  уызында 
майдың  көп  болуы,жұмыртқада  су  қорының  жеткілікты  болуы  қамтамасыз 
етеді; 
5)амниот  қуысында  сұйық  заттың  болуы  ұрыққа  қалыпты  жағдай 
туғызады және оны механикалық әсерлерден сақтайды; 
6)ұрық  сыртына  түрліше  қапталып  тұруы  (аллантоис)  оның  тыныс 
алуына және зат алмасуда пайда болған газдарды сыртқа шығаруға себепкер 


 
болады. 
Бауырмен 
жорғалаушылардың 
көбеюіндегі 
бұл 
сияқты 
ерекшеліктер, олардың құрлыққа тіршілік етуіне көшуіне әсер еткен. 
Бауырымен  жорғалаушылардың  көпшілігі  жұмыртқаға  салып 
көбейеді.  Жұмыртқадан  күн  қызуы  жақсы  түсетін,  азды  көпті  дымқыл  бар 
топырақтан  жасалған  ұяларына  салады.  Шіріген  ағаш  түбіріне  өсімдік 
үйінділерінің арасына жұмыртқасын салатын түрлері де кездеседі. 
Бауырымен  жорғалаушылар  кейбіреулері  балаларын  тірі  тауып  та 
көбейеді.  Бұл  кезде  тұрақтанған  жұмыртқа  өзінің  барлық  даму  сатысын 
жұмыртқа  жолында  өткізеді  де,    анасының  денесінен  шығысымен 
жұмыртқасының 
қабығы 
жарылып 
дүниеге 
кішкене 
бауырмен 
жорғалаушылар  келеді.  Мұндай  жағдай-сұр  жыландарда  ,  тірі  туатын 
кесірткелерде және ұршық тәрізделерде байқалады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет