2.3 Жемдік қоспа құрамындағы биологиялық активті заттар Биологиялық активті заттар ауыл шаруашылық жануарларын және құстарын жемдік қоспа немесе азықпен қоректендіру барысында ерекше маңызды рөл атқарады. Билогиялық активті заттарды қолдану кезінде ғана мал және құс шаруашылығының дамып, экономикалық тиімділікке алып келетінділігі дәлелденген. Сонымен қатар биологиялық активті заттар зат алмасу үрдісіне тікелей қатысады. Биологиялық активті заттардың жетіспейі ауыл шаруашылық жануарларын анемия секілді ауруға шалдықтырып, зат алмасу режимінің бұзылуына алып келеді. Қазіргі таңда белгілі биологиялық активті заттарды төмендегідей бірнеше топқа бөлуге болады. Олар төмендегідей:
o биокатализаторлар - витаминдер мен ферменттер кіреді;
o антибактериалды әсері бар заттар - антибиотиктер және химиялық терапия заттары жатады;
o өсу стимуляторлары - гармондарға физиологиялық түрде жақын, жұмыс механизмін тұрақтандыратын, әлі күнге дейін толық зерттеліп бітпеген гармондарға ұқсас заттар;
Тұрақтандырғыш заттар (антиоқышқылдар). Кейбір әдебиеттерде эрготропты заттар деп те аталатын тұрақтандырғыш заттар ауыл шаруашылығындағы жануарлардың өсіп жетілуіне септігін тигізетін заттарды айтамыз.
Витаминдер. Жануаралар организмінде өздігінен синтезделіп түзіле алмайтын органикалық заттар болып табылады. Сондықтан кез-келген ауыл шаруашылық жануарының организмі азда болса витаминдерді қажетсініп тұрады. Шамамен әрбір келі жемдік қоспа мөлшеріне 40 мг витаминнен келеді. Витаминдерді жануарлар организміне тікелей беруге болмайтындықтан, көбінесе жемдік қоспалардың құрамына провитаминдер түрінде араластырып беру өте тиімді. Кейбір витаминдер микроорганизмдердің әсерінен ас қорыту мүшелерінің өзінде синтезделеді.
Витаминдердің жетіспеушілігі организмдегі зат алмасу үрдісінің режимінің бұзылуына және әр түрлі аурулардың басталуына алып келеді. Кейбір витаминдердің аздаған мөлшерде немесе үлкен мөлшерде жетіспеушілігінен авитаминоз сияқты ауруға шалдығуы мүмкін. Ал бүкіл организмнің витаминге қажеттілігі гипервитаминоз ауруына алып келеді.
Витаминдерді ерігіштігіне байланысты майларда еритін витаминдер және суда еритін витаминдер болып жіктеледі. Майда ерігіш витаминдердің түзілуі үшін абсоррбция негізінде жүретін азықтық майлар қажет. Суда еритін дәрумендерге келетін болсақ, олар асқазандағы қолайлы жағдайға байланысты абсорбция үрдісі өздігінен жүреді.
Ферменттер. Жоғары эффективті катализатор ретінде ферменттер барлық тірі организмдердің бойында кездеседі. Олар негізінен жануар мен өсімдіктің бойында жүретін химиялық реакциялар жүруіне, егер жүретін болса олардың тезірек жүруіне себепкер болады. Химиялық тұрғыа ферменттер коэнзимадан (простетикалық топ) және апоэнзимадан (зат тасымалдағыш протеин) тұратын протеидтерге жатады. Әрбір фермент тек бір ғана субстрактпен немесе субстракттар тобымен әрекеттесе алады.
Белгілі бір уақыт ішінде бірнеше заттар тобы мен сутек және электрондарды ауыстыруға бейім ферменттерде кездеседі. Бірнеше заттар тобын алмастыратын ферменттер (мысалы, амин топтарының транаминаз әсерінен ауысуы) қайта қалпына келтіру үрдістерін басқарып, жануарлар жасушаларындағы синтез үрдісін қадағалайды. Ал сутек пен элетрондарға айналатын ферменттер энергия түзу үрдісіне белсене араласады. Азықтың қорытылуы және жасушалардағы зат алмасу кезінде басты ферменттердің іс-әрекеттері байқалады. 1950 жылдан бері әр түрлі елдерде жүргізілген тәжірибелердің қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық жануарларының жемдік қоспасына нәруыз бен көмірсуларды өзінің бойына сіңірген ферментті препараттарды енгізу ісі қолға алынған. Нәтижесінде ферменттік препараттарды бойына сіңірген жемдік қоспалармен азықтанған жануарлар (әсіресе бұзаулар мен қозылар), оларды қабылдамаған жануарларға қарағанда біршама тезірек ет жинаған болатын. Жоғарыдағы тәжірибе ферментті азықтардың жоғары энергиялық құндылықтарға ие екендігіне көз жеткізеді.
Кокцидиостатикалық заттар. Химиялық табиғатыпрофилактикалық және емдік қасиетке ие кокцидиостатикалық заттар жануарларда кокцидиоза және құстарда эймориоз ауруларына қарсы антибиотик ретінде қолданылады. Аталған аурулардың белгілері өте қарапайым. Бұл ауру құстардың соқыр және аш ішектерінің қабынуынан пайда болады. Аурудың салдары өте көп шығынға алып келуі мүмкін. Құстарды азықтандыру кезінде кокцидиостатикалық заттарды қолдану арқылы бұл аурумен эффективті түрде күресуге болады. Кейбір елдерде балапандарға және бройлердің жемдік қоспасының әрбір килограмына 85-125 мг кокцидиостатикалық заттар қосады.
Антиоқышқылдар. Жемдік қоспалардың құрамдық бөліктерін, майларды және витаминдерді оттектің әсерінен тотығу үрдісінен сақтайтын заттарды антиоқышқылдар деп атаймыз. Олардың әсері те ауыл шаруашылық жануарларының жемді қоспасымен ғана шектелмей, сонымен қатар организмдегі басқада бөліктерді тотығу әсерінен сақтайды. Е дәрумені антиоқышқылды қасиетке ие. Ол ең алдымен оттекке өте сезімтал А витаминін тотығудан сақтайды. Дәл осындай қасиетке синтетикалық антиоқышқылдар да ие. Антиоқышқылдарды жемдік қоспалардың құрамына енгізу жасыл жемдік азық құрамындағы каротин , балық майларының, жемдік құрамның құрамындағы А дәрумені толықтай сақталады.
Ауыл шаруашылық жануарларының жемдік құрамындағы антиоқышқылдарының майлылығының шамасы ағзаға зиянды заттарды залалсыздандыруға септігін тигізеді.
Мал шаруашылығы жоғары дамыған елдерде антиоқышқылдары құс, шошқа және ірі қараларды азықтандыру кезінде жемдік қоспа құрамына енгізу арқылы экономикалық табысқа қол жеткізеді.