Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігі



бет3/9
Дата13.06.2023
өлшемі167,85 Kb.
#100993
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
акниет реферат

Негізгі бөлім
2.1 Жемдік қоспа өндірісі
Жемдік қоспа - бұл ауыл шаруашылық жануарларын толыққанды азықпен қамтамасыз ететін, ғылыми негізде дайындалған, құрамында жемдік азықтар және микроқоспалар болатын күрделі біртекті қоспа .
Барлық теңгерімді қоректік заттардың пайдалану кезінде жануарлардың өнімділігі әдеттегі жемшөпті қолдануға қарағанда 10-12% және жемдік қоспаларды дәрумендермен, микроэлементтермен және басқа да тұрақтандырғыш заттармен байыту барысында өнімділігі 25-30% дейін артады. Жемдік қоспаларды алдағы уақытта берілетін жануарлар немесе құстарға байланысты әр түрлі жолмен қайта өңдейді. Өндіру барысында жануардың сүтті немесе етті мақсатта қолданылуына аса мән беріледі .
Жемдік қоспалар өндірісінің негізі астықты шикізат болып есептелінеді. Ол барлық өндірілетін жемдік қоспалардың шамамен 60-65% алады. Дәнді дақылдар өндірісінің ішінде бидай, жүгері, арпа және сұлыны қайта өңдеу барысында қалатын қалдықтар негізгі шикізат көзі болып есептелінеді. Бұл дәнді-даөылдардың қалдықтарын пайдалануғы ерекшелік көмірсулардың жоғарғы 70% дәрежедегі мөлшері және нәруыздардың төменгі 10-15% дәрежедегі мөлшері. Қазіргі таңда өнеркәсіпте сүтті мақсатта қолданылатын сиырға, әр түрлі жастағы жануарларға, жылқының түр-түріне, етті және жүнді мақсатта қолданылатын қойларға арнап жемдік қоспалардың әр түрлі түрін шығарады. Әр жануарға жемдік қоспа жекелей технологиямен дайындалады. Мысалы, етті мақсатта қолданылатын шошқалардың азығына тезірек семіруі үшін D2 дәрумені және микроэлементтердің тұздары қосылады.
Өндірістік жануарларға арналған жем өнеркәсібінің технологиялық процестерді ұйымдастыру және басқару ережесі (1997) негізделіп алынған толық рационды жемдік қоспалар жануарлардан бір мезгілде барынша жоғары өнім алумен қатар, сүт, ет, жүн, жұмыртқа және тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін алудың шығынын барынша азайтуға негіз болатын ереже болып табылады .
Жекеленген азықтар ауыл шаруашылық жануарларына қажетті микроэлементтерді өзінің бойына сіңірмегендіктен толық рационды деп аталмайды. Жоғарыда аталған жемдік қоспаларды қажетті қатынаста қосу арқылы толыққанды жемдік қоспа алуға болады.
Толыққанды жемдік қоспалар азықтың құрамындағы нәруызды қажеттілігін азайтуға, жануарлар рационында азықтық заттарды тиімді пайдалануға, жемдік қоспаларды өндіру барысындағы үрдістерді механикаландыруға және өнімді өндіру барысындағы шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Толыққанды жемдік қоспалар ауыл шаруашылығын жандандыруда ерекше рөл атқарады. Тәжірибе көрсеткендей әр түрлі азықтық заттарға байытылған жемдік қоспалар жануарлардың өнімділігін 20-30% дейін арттырады
Толыққанды жемдік қоспалар ауыл шаруашылық жануарларының азықтық, минералдық және биологиялық заттарға деген қажеттілігімен толықтай қамтамасыз ете алады. Олар құстарға, жылқыларға, шошқаларға және басқа жануарларға арналған. Және де олар толық рационды жемдік қоспаларға тән жоғары сапалы өнім болумен қатар, ауыл шаруашылық жануараларының денсаулығына кері әсер етпеуіне жауап беруі керек.
Ауыл шаруашылық жануараларын азықтандыру барысында жемдік азықтардың жекелеген түрін қолдану теңестіріліген жемдік қоспалар түрінде пайдалану 1,5-2 есеге дейінгі шығынды азайтуға алып келеді. Жемдік қоспаларды жекеленген түрде пайдалану олардың құрамындағы энергиялық құндылыққа ие минералды заттарды, көмірсулар мен нәруыздары толығымен пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Ауыл шаруашылық жануарларына азықты жемдік қоспалар түрінде пайдалану, азық құрамындағы азықтық құнарлы заттарды сақтау ұзақтығын арттыруға, оларды өңдейтін үрдістерді механикаландырылған және автоматтандырылған күйде жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл үрдістердің барлығы еңбек және өндіріс шығындарының азаюына алып келеді. Соңғы жылдары ойлап табылған ауыл шаруашылық жануарларының түрлері толыққанды жемдік қоспалардың түрін қажет етеді. Құс шаруашылығын жемдік қоспаларсыз елестету мүмкін емес. Жоғары энергиялы толыққанды жемдік қоспалар құстардың жұмыртқа беруін жылына 350-350 данаға дейін, тәулігіне 40-50 г дейін салмақ қосуына мүмкіндік беріп бройлер балапандардың салмақ қосу мерзімін арттырады. Шошқаларды азықтандыру кезінде олардың салмақ қосуы 30-45% артып, семірту уақыты 20-25 күнге қысқартады. Жемдік қоспаларды сүтті мақсатта қолданылатын сиырларға қолдану сүттің өнімділігін 20-25% көбейтеді.
Қазіргі уақытта жемдік қоспалардың сапасы ондағы көлемдік энергияның мөлшерімен, сонымен қатар шикізаттық протеиннің, токсинді заттардың төменгі дәрежеде болуымен бағаланады.
Ғылыми-техникалық құжаттамаларда (стандарттар) жемдік қоспалардың бағасы келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: сыртқы пішіні, түйіршік ірілігі, ылғалдылығы, металомагнитті қоспалардың мөлшері, улы және токсинді заттардың мөлшері.
Жемдік қоспаларды бос, түйіршіктелген және брикеттелген түрде шығарылады. Аталғандардың соңғы екеуі, сақтауға және тасымалдауға өте ыңғайлы. Түйіршіктелген жемдік қоспалар өзінің тағамдық құндылығын ұзақ уақытқа сақтайды. Түйіршіктелген жемдік қоспаларды алу, арнайы нығыздайтын құрылғы және біріктіретін компоненттер қосу арқылы жүргізіледі. Түйіршіктеу кезінде гидротермиялық өңдеу жүріп, нәтижесінде крахмалдан қант түзіліп жемдік қоспалардың тағамдық құндылығы одан әрі артады. Түйіршіктеуге көбінесе астық өнімдерінің қалдықтарын пайдаланады.
Жемдік қоспалардың ірілігін оның берілетін ауыл шаруашылық жануарларына түріне байланысты анықталады. Жемдік қоспалардың сапасы оның шикізаттың құрамына ғана емес, өңдеу барысында қолданылатын өндірістік үрдістерге де тікелей байланысты. Өңдеу үрдісіне қажетсіз технологияны қосу жемдік қоспалардың ұнтақталуына, олардың құрамындағы ылғалдылық мөлшерінің шамадан тыс немесе төмен дәрежеде болуына алып келеді. Қажетті шарттарда сақталмаған жемдік қоспаларды пайдалану ауыл шаруашылық жануарларының ауруға шалдығуына, тіпті өлуіне дейін алып келеді. Әсіресе ақуызды заттардың ыдырауы кезінде түзілетін өнімдер жануарлар денсаулығы үшін өте қауіпті. Дайын жемдік қоспа сыртқы пішіні біркелкі болуы керек. Ал оның иісі ондағы компоненттердің мөлшеріне байланысты болады. Және ең маңыздысы метоломагнитті қоспалардың мөлшері ғылыми-техникалық құжаттамаларға сай болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет