Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігі


Жемдік қоспалардың әлемдегі өндірісі



бет4/9
Дата13.06.2023
өлшемі167,85 Kb.
#100993
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.2 Жемдік қоспалардың әлемдегі өндірісі
Ауыл шаруашылық жануарларына арналған жемдік қоспа өнеркәсібінің дамуы, мал шаруашылығын тұрақты дамудың негізі болып табылады. 1990 жылдары жемдік қоспалар өндірісінің ең дамыған кезеңі болып есептелінеді. Одан соң бірден құлдырау кезеңі басталған болатын.
2001 жылдан бастап аздаған қарқынмен даму басталады. Осы кезеңнен бастап жемдік қоспалардың өндіру көлемі алдыңғы жылдарға қарағанда біршама мөлшерде көбейе бастаған. 2000 жылдардың басынан бастап мал және құс шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың көбеюімен түсіндіріледі. Интеграция жолымен жүрген жемдік қоспалар зауыттары аз уақыттың ішінде дамып, холдинг пен қаржылық өндірістік кәсіпорындарға біріккен болатын.
Ішкі нарықтағы бәсекелестік кәсіпорындардың отандық нарықта ғана емес сонымен қатар әлемдік нарықтағы тұрақтылығына себепкер бола алады. Мемлекет тарапынан берілген ақшалай қаражат және шет елдерден тартылған инвестициялар жемдік қоспалар өндірісінің дамуының бастамасы болды.
Жемдік қоспалар өнеркәсібінің одан әрі қайта дамуы техникалық жарақтандыруға және жемдік қоспалар зауытының модернизациялануына, логистикалық инфраструктураға және де жоғары эффективті жемдік өнеркәсіптің құрылуына тікелей байланысты Жемдік қоспалар өндіруде үлкен төрттік әлемдік нарықтағы барлық өндірілетін жемдік қоспалардың жартысынан астамын өндіреді. Ол елдерге АҚШ, Европалық Одақ, Қытай және Бразилия жатады. Олардың еншісіне әлемде жылына өндірілетін жемдік қоспалардың 70% жуығы, яғни 461 млн тоннаға жуық өнім тиесілі. Әдетте осы елдер жемдік қоспаларға арналған стандарттарды және технологиялық үрдістерді белгілейді. Жалпы, жемдік қоспа нарығы жылына 3-4% деңгейінде тұрақты артып келеді. Оның артуына екі негізгі фактор әсер етеді: бірі әлемдегі халық санының артуы, екіншісі халықтың ауыл шаруашылық жануарларының өнімдерін көп қолдануы.
2015 жылғы мәліметтермен салыстырғанда жемдік қоспа өнеркәсібі 2% жуық шамада өскендігін байқауымызға болады. 2015 жылы әлемдік жемдік қоспа өндірісі 980 млн тоннаны құраса, 2014 жылы 940 жуық тоннада өндірілген болатын. 2014 жемдік қоспа өндіру өнеркәсібіне көптеген факторлар әсер етеді барысында басқа жылдарға қарағанда аз жемдік қоспа өндірілген болатын. Оларға: құрғақшылық, жемдік қоспа өндіру үшін шикізат құнының жоғарылылығы, импорт және экспорт заңнамалық реттеудегі өзгерістер, жануарлар ауруларының таралуы себеп бола алады. Сол жылы құс тұмауы мен шошқалардың эпидемиялық вирустық диареясы көптеген шаруа қожалықтарына орасан зор шығынын алып келген болатын.
Жылына 183 миллион тонна және 9500 жуық жемдік азық өндіретін кәсіпорыны бар Қытай көшбасшы болғанымен, ресми көрсеткіштер бойынша соңғы жылдары бұл елде жемдік қоспалар өндіру көлемі біршама төмендеген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеу көрсеткіші 4% құраған. Көптеген сарапшылар мұны құс және шошқа өндірісінің баяу дамуымен және жануарлардың әр түрлі ауруларының есебінен болып отыр деп есептейді. Қытайда жемдік қоспалар өндірісі төмендеген болса, ал Үндістанда біршама өсім байқалады. Мысалы, 2014 жылы 29,4 миллион тоннаға артық жемдік қоспа өндірілген, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 10% артық. Оны жағымды ауа-райымен және ауыл шаруашылық өндірісінде қолданылатын технологиялардың жаңаруымен түсіндіруге болады.
Өсімдік текті және жануар текті жемдік қоспалар азықтық және биологиялық активті заттарды, минералды заттарды және суды өзінің бойында сіңіріп жинайды. Жемдік қоспа құрамындағы минералды және органикалық заттардың байланысы көміртек, сутек және оттек сияқты элементтердің байланысынан тұрады. Сонымен қатар азот, күкірт және фосфор секілді элементтердің байланысы да кездеседі. Мысалы, фосфор жемдік қоспа құрамында нәруыздың түзілуіне қатысады. Жемдік қоспалардың құрамындағы органикалық заттар ыдырауы кезінде энергия босатылып жануарларға өнімділікті арттыру мақсатында беріледі. Көмірсулар, нәруыздар және майлар жемдік қоспа құрамындағы басты тағамдық заттар болып есептелінеді .
Нәруыздар. Нәруыздар көмірсулар мен майларға қарағанда жемдік қоспа құрамында ерекше рөл атқарады. Сондықтан оны ешқандай тағамдық заттарға алмастыруға болмайды. Оны сарапшылар азық құрамында тек тағамдық зат ретінде ғана емес, сонымен қатар тірі ағза құрамындағы ерекше бөлшек ретінде есептелінетіндігімен түсіндіреді. Ауыл шаруашылық жануарларының азықтануында нәрузыдар ерекше рөл атқарып, сүт, ет, жүн және жұмыртқа өнімдерін синтездеуге қатысады.
Жануарлар және өсімдіктер әлемінде нәруыз барлық жасушаларда кездеседі. Жасушалық ядро, протоплазма және жасушалық мембрана нәруызды байланыстан тұрады. Нәруыз организмде жасушалық құрылымның қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар биокатализаторлардың түзілуіне себепкер болады. Нәруыздардың құрылымдық элементі амин қышқылдары болып табылады. Олар кем дегенде бір амин ( - NH2) тобынан және бір карбоксил ( - СООН) тобынан тұрады.
Нәруыздар амин қышқылдарының пептидтермен ілінісу арқылы байланысу нәтижесінде түзіледі (1.5-сурет). Мұнда амин тобының амин қышқылды байланысы басқа аминқышқылды топтың карбоксилді тобымен байланысуы -NH байланысы арқылы жүретіндігін түсінген жөн.
Қазіргі кезде жиырмаға жуық амин қышқылдары белгілі. Олардың он екісін шошқа, құс және сүтті бағытта пайдаланылатын ірі қараларды азықтандыру кезінде пайдаланылады. Соңғы аталған амин қышқылдары басқа заттармен алмастырылмайды. Сондықтан оларды ауыл шаруашылық жануарларына және құстарына міндетті түрде беру керек. Ал қалған амин қышқылдарының орнын басқа минералды заттармен алмастыруға болады. Олар жануар ішінде қайта аминдену үрдісі арқылы азотсыз және аммиаксыз заттар арқылы да түзіле алады.
Жемдік қоспа құрамындағы басты амин қышқылдары
Алмастыруға келмейтін басты амин қышқылдары
(жануарлардың организмінде өздігінен синтезделе алмайтын амин қышқылдары)
Алмастыруға келетін басты амин қышқылдары (жануарлар организмінде өздігінен синтезделетін амин қышқылдары)
Лизин
Цистин
Метионин
Аланин
Триптофан
Глицин
Аргинин
Аспаргин қышқылы
Гистидин
Серин
Лейцин
Цистеин
Изолейцин
Гистамин
Фенилаланин
Пролин
Тирозин
Гидроксипролин
Треонин
Глутамин қышқылы
Метионин, лизин, триптофан және цистин жемдік қоспалар құрамында шектеулі мөлшерде кездеседі. Сондықтан синтетикалық метионинді, лизинді жемдік қоспаларды өндіретін кәсіпорындарында кеңінен қолданады.
Көмірсулар. Табиғатта кездесетін органикалық заттардың түзілуі көбінесе көмірсулар негізінде жүреді. Әлемдегі барлық көмірсулы байланыстар целлюлозадан тұрады. Көмірсулардың синтезі күн сәулесінің әсерінен көміртек екі оксиді мен судан тұратын хлорофил көмегімен жүзеге асырылады. Жасыл өсімдіктерде де фотосинтез үрдісі дәл осы бағытта жүргізіледі. Тірі ағзаларда көмірсулар қайталанбас энергия көзі болып есептелінеді. Сонымен қатар олар көмекші функцияны да атқаруға бейім.
Көмірсулардың өзінің химиялық құрамына байланысты моносахаридтер (қарапайым қант), олигосахаридтер (2-7 моносахаридтен тұратын күрделі қарапайым қант ) және полисахаридтер деп ажыратуға болады.
Моносахаридтер - гидролиз көмегімен оны одан ары қант элементтеріне ыдыратуға болмайтын көмірсуларды айтады. Моносахаридтердің ірі екі тобы бар: бірі пентоза (5 атом көміртек), бірі гексоза (6 атом көміртек).
Пентозаға ксилоза, рибоза, дезоксирибоза және арабиноза жатады. Табиғатта пентозалар пентозанды түрде кездеседі. Олар ауыл шаруашылық жануарларымен тікелей байланыста болады. Рибоза және дезоксирибозануклеин қышқылының жасушалық ядросының басты құрылымы болып табылады. Глюкоза (жүзім қантының құрамында көп), фруктоза (жеміс-жидектердің қантының құрамында көп) гексозаның құндылығын одан әрі арттырады. Глюкоза жалғыз немесе фруктозамен бірге жүзімде, астық тұқымдастарының және тағы басқа өсімдіктердің құрамында кездеседі. Сонымен қатар глюкоза адам және жануарлардың қанының құрамында кездесіп, организмнің өмірінің мәніне айналады. Ауыл шаруашылық жануарлары және құстары гексозаны энергияны пайлану және сіңіру мақсатында қолданады.
Олисахаридтер 2-7 моносахаридтерден тұрады. Гидролиз нәтижесінде олисахаридтер бөлшектік құрамға дейін ыдырайды.
Олисахаридтер тобының ішіндегі ең маңыздыларының бірі дисахаридтер болып есептелінеді. Оған сахароза ( қызылша қанты), лактоза (сүт қанты), мальтоза және целлобиоза жатады. Сахароза глюкозадан және фруктозадан тұрса, лактоза глюкоза және галактозадан тұрады. Ал мальтоза мен целлобиоза екі молекула глюкозадан тұрады. Бірақ бұл глюкозалар байланыстары қарапайым глюкозадан басқаша болады.
Екі қарапайым қанттар мальтозаның α-глюкозидты түрдегі және целлобиозаның β-глюкозидты түрдегі байланысы арқылы бірігеді.
Полисахаридтердің моносахаридтер мен олигосахаридтерге қарағанда артықшылығы: тәтті дәмі болмайды, суда ерімейді немесе коллоидты ерітінді түзеді. Полисахаридтерге крахмал, гликоген, инулин, целлюлоза, гемицеллюлоза, пентозалар және тектиндер жатады.
Ауыл шаруашылық жануарларына толыққанды жемдік қоспа алу кезінде крахмал мен целлюлоза айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Крахмал қосымша өсімдік текті көмірсу болып есептелінеді. Ол глюкоза мен мальтозаның α - глюкозидті түрдегі байланысқан молекулаларынан тұрады. Крахмалды астық амилопектин және амилозадан тұрады. Амилопектин суда жақсы еріп, крахмалды крейслер түзіледі. Амилоза крахмалды астықтың ішкі бөлігінде орналасады.
Гликоген ауыл шаруашылық жануарлардың ішкі организіміндекездеетін жануар текті крахмал болып табылады. Бұлшық еттерде олар бұлшық еттің жұмыс жасауына қажетті энергияны түзеді. Ал бауыр гликогені энергиялық қажеттілікті сақтау көзі болып есептелінеді.
Целлюлоза барлық жанарларда қаңқа түзуші ретінде организмде болады. Ол глюкоза мен целлобиозаның β - глюкозидті түрдегі молекулаларының байланысуы арқылы түзіледі. Ас қорыту мүшелерінде бұл байланыс, тек бактериялық ферменттер көмегімен ғана ажыратылуы мүмкін. Гемицеллюлоза, пентозана, гексозаны және пектиндер қаңқа түзушілер қатарына жатады.
Целлюлоза және басқада басты полисахаридті түрдегі қаңқа түзуші заттар қасиеті бойынша басқа да химиялық заттар тобына жатқызуға болады.
Майлар және май тектес заттар (липидтер). Бұл топқа жататын заттар тек органикалық заттарда (бензин, бензол, ацетон, эфир және тағы басқа) ериді, бірақ суда ешқашан ерімейді. Майлар өсімдіктен мен жануарлардың құрамына кіріп, олардың өмір сүруінде ерекше маңызды рөл атқарады. Және де майлар қосымша энергия ретінде пайдаланылады. Майлардың келесідей түрлері бар: бейтарап майлар (органикалық майлар), фосфатидтер, стериндер, каротинидтар.
Бейтарап майлар глицириннен және үш бірдей немесе әр түрлі майлы қышқылдардан тұрады. Табиғи майлар үнемі жұп көміртек атомдарымен байланысқан көміртекті майлы қышқылдардан тұрады. Осы байланыстың ұзындығынан және қос байланыстылығынан майлардың сапасы мен қасиеті (консистенция және еру температурасы) анықталады. Майлы қышқылдардың ұзын байланысын ерітуге жоғары температура керек болса, қысқа байланысына біршама төменгі температура жеткілікті. Қаныққан майлы қышқылдар көміртекті баланысында қос байланыс болмайды, ал қанықпаған майлы қышқылдарда бір немесе бірнеше көміртекті қос байланыс болады. Көміртекті қос байланыстың болуы оның еру температурасын бірден айтарлықтай төмендетеді. Бұдан басқа көміртекті қос байланыстар майлардың жұмсақ консистенциясының жүруіне де септігін тигізеді.
Ауыл шаруашылық жануарларын қажетті азыпен қамтамасыз ету барысында энергияны сіңіретін калориялы майлардың маңызы зор. 1 г майдың жану жылуы 38-40 кДж құраса, сәйкесінше нәруыздың жану жылуы 22-24 кДж, ал көмірсулардың жану жылуы 16-18 кДж құрайды. Майлар организде зат алмасу және энергия тасымалдаушы ретінде пайдаланылады. жануарлар және құстардың организмінде майлар органикалық май түрінде болады.
Сақталған немесе депонирленген майлар бауыр тұстарында, тері астарында және талшықтарда жиналып энергия сақтаушы ретінде қызмет етеді. Оның сапасы мен құрамына жемдік қоспалар құрамымен берілетін майлардың көлемдік үлесі біршама әсер етеді. Ауыл шаруашылық жанурларын және құстарын құрамында майдың көлемдік үлесі жоғары болса, олар өздерін нашар сезініп, тіпті ауруға шалдығуына алып келеді. Шошқаларды артық мөлшерде жүгері өнімдерімен азықтандыру барысында терісінің боына қалың қабатты май жинайды. Құс шаруашылығында да жүгері өнімдерін және жүгері қалдықтарын қолдану олардың өнімділігін арттырып, уақытты да қысқыртуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет