2.5 Жемдік қоспалардың энергетикалық құндылығы Мал шаруашылығында 65% жуық шығындар жоғары құндылықты жемдік қоспаларды өндіруге кетеді. Осы жерден ауыл шаруашылығындағы жануарларды жоғары коэффициенті пайдалы әрекетке ие және экономикалық тиімділікке алып келетін жемдік қоспалармен қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Ол үшін қолданылатын жемдік қоспаның энергиялық құндылығын, оның компоненттік құрамын, жануарлардың азықты пайдаланған кездегі өнімділігін және тағы басқа мәселелердің жауабын білу керек.
Жемдік қоспалардың энергетикалық құндығын, олардың компоненттік құрамын және ауыл шаруашылық жануарларының қолдану мөлшерін әр түрлі тәсілдермен анықтауға болады. Егер жұмсалған энергиядан шығарылған энергияны айырып, таза пайдаланылатын энергия мөлшерін анықтауға болады. Бұл әдістерді тек жоғары энергиялы құндылыққа ие жемдік қоспаларға ғана пайдаланылуға болады. Шығындалған энергиядан заттың энергиясын азайтқанда қайта түзілетін энергияны береді. Дәл осы энергияны жануарлар ағзасында пайдаланылады. Ол жылу энергиясына бөлініп жылу, таза энергия немесе нетто-энергия өндірілуіне жұмсалады. Соңғы айтылған нетто-энергия өмір сүруді қолдайтын және жануарлардың өнімділігіне шығындалатын энергия болып жіктеледі. Өмір сүруді қолдайтын энергия ауыл шаруашылық жануарларының өмірлік функциялардың қажеттілігіне жұмсалады. Нетто-энергия әсері өнімділік іс әрекетке де әсер етеді.
Алдыңғы дамыған елдерде ауыл шаруашылық жануарларының жемдік қоспасы майлар мен нетто-энергиялардың қатынасымен анықталады. Нетто-энергияның барлық тағамдық бағыттарда кез-келген ауыл шаруашылық жануарына пайдалануға болады. Майлардың нетто энергиялық көрсеткіштік қасиеттері келесідей себептерден белгілі болады:
- барлық тағамдық заттар өздерінің тағамдық құндылықтарына байланысты ас қорытуға және зат алмасу үрдістеріне қатысады;
- энергиялық және физиологиялық тұрғыдан алып қарасақ майлардың түзілуі жануарлар ағзасының көп бөлігін алып жатыр. Ол жалпы энергияның 50% жуығы және одан да көп мөлшерді алып жатыр;
- биохимиялық тұрғыда қарайтын болсақ майлардың синтезделу үрдісі жемдік қоспалардағы нетто-энергия мөлшерін масштабты түрде анықтауға мүмкіндік береді;
- жемдік қоспа құрамындағы нетто-энергия мөлшерін регрессионды теңдеулер арқылы өңделмеген заттардың пайыздық мөлшері арқылы анықтауға болады.
Энергиялық жемдік бірліктер (ЭЖБ)
Жемдік қоспалардың энергиялық құндылықтарын кДж арқылы есептейді. Ауыл шаруашылық жануарларының жемдік қоспаларының құрамындағы энергиялық құндылықты анықтау мақсатында, жануарлардың энергияға қажеттілігін анықтау барысында энергиялық жемдік бірліктер ұғымы енгізілген болатын. Жемдік энергиялық бірліктерді алмастыру мақсатында 10 МДж шамасында енгізілген болатын.
Жемдік қоспалардың эффективті көрсеткіштерін анықтау барысында шығындалған энергия мөлшерін және жемдік қоспалардың шығынын басты назарға алу керек.
Олар келесідей жолмен анықталады:
Энергия шығыны=Өнімділікке жұмсалатын шығынкг, жануар өнімдеріне шығын
Жемдік азық шығыны=Шығындалған жемдік азық (кг,құрғақ затқа)кг,жануар өнімдеріне шығын