Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының


Академия қызметінің тәртібі



бет2/5
Дата18.03.2022
өлшемі25,56 Kb.
#28359
1   2   3   4   5
Байланысты:
2016 ж 31 наурыз №65 буйрык

2. Академия қызметінің тәртібі

      6. Академияны басқару осы Қағидаларға және Академия жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Академияны тікелей басқаруды ректор жүзеге асырады.

      8. Академия ректорының мынадай орынбасарлары бар: бірінші проректор және проректорлар.

      9. Ректор Академия атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық мемлекеттік органдарда және мекемелерде, басқа ұйымдарда оның мүддесіне өкілдік етеді.

      10. Академияда алқалық басқару органдары құрылады:

      1) Академияның ғылыми-әдістемелік кеңесі;

      2) Академияның ғылыми кеңесі;

      3) Академияның оқу-әдістемелік кеңесі;

      11. Академия Ректорының бұйрығымен өзге де алқалық және консультативті-кеңестік органдар құруға мүмкіндік беріледі.

      12. Ғылыми-әдістемелік кеңесті қоспағанда, алқалық басқару органдарының қызметін, құрамы мен мүшелерінің санын Академия өзі анықтайды.

      13. Академия құрылымын және штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бекітеді.

      14. Академия өзінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың қызметінің негізгі бағыттары айқындалады.

      15. Академия жұмыскерлерінің (қызметкерлердің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің және еңбек шарты бойынша жұмыскерлердің) лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалады.

      Академияда лауазымға тағайындау және босату, лауазымдарға орналастыру, жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату және еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      16. Академия құрамына: Кәсіби оқыту институты (бұдан әрі - КОИ), Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі - ВҒЗИ), Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі - ЖОКБИ) және дербес құрылымдық бөлімшелер кіреді.

      17. Институт қызметін басқаруды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімі бойынша Ректордың бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын директор жүзеге асырады.

      18. Кафедралар, орталықтар, басқармалар Академия институттарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

      Кафедра бір немесе бірнеше мәндес пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын Академияның оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      Кафедра штаты оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып айқындалады.

      Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, оқу-көмекші персонал кіреді.

      Кафедраны меңгеруші басқарады, оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесі қызметкерлернің біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8780 тіркеген) сәйкес келуге тиіс.
      19. Академия институттарының және дербес құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру Академияның Жарғысына, осы Қағидаларға, Академияның жұмыс жоспарларына, Академияның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге, сондай-ақ Академияның қызметкерлері мен жұмыскерлерінің міндеттерін бөлу туралы актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Академияның институттары және дербес құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері өзара алмасу, есеп беру, жоспарлау, жедел-қызметтік қызметтері мәселелерін шешудегі бірізді үйлесім, олардың алдына қойылған міндеттерді орындауындағы жұмыскерлердің жеке жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылады.

      21. Академиялық лектер мен топтар білім алушылардың жеткілікті саны қағидаты бойынша қалыптастырылады.

      Академиялық лек пен топтың толықтылығын Академия дербес айқындайды.

      22. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері ішкі тәртіп қағидаларымен, Академия Жарғысымен және білім беру қызметтерін көрсетуге келісімшартпен айқындалады.

      24-1. Оқу процесінің негізгі қағидаты академиялық адалдық болып табылады, оны іске асыруды Академия дербес қамтамасыз етеді.

      Академиялық адалдық принциптері:

      1) адалдық – бұл бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмысы түрлерін білім алушылардың адал, лайықты орындауы;

      2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлары барын және қорғалуын бөгденің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы тану;

      3) ашықтық – айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат және идеялармен ашық алмасу;

      4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;

      5) теңдік – әрбір білім алушының академиялық адалдық қағидаларын сақтау жөніндегі міндеті және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілік.

      24-2. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында Академияда жоғары білімнің еуропа кеңістігінде (ESG) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі құрылады, ол:

      1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатты;

      2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекітуді;

      3) білім алушыға бағытталған оқытуды, білім беруді және бағалау;

      4) білім алушыларды қабылдау, үлгерім, тану және сертификаттау;

      5) оқытушылар құрамын;

      6) оқу ресурстарын және білім алушыларды қолдау жүйесін;

      7) ақпаратты басқаруды;

      8) жұртшылықты хабардар етуді;

      9) бағдарламаларға тұрақты мониторинг жасауды және мерзімді бағалауды;

      10) сапаны мерзімді сыртқы қамтамасыз етуді құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет