Қазақстан республикасы білім және ғылым министирлігі «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» кмм ашық ТӘрбие сағаты



бет4/5
Дата22.01.2023
өлшемі33,86 Kb.
#62262
1   2   3   4   5
Марапаттары

  • Ә. Нұршайықов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980),

  • А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық - күміс медалінің (1987) иегері,

  • 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» (1957),

  • «Халықтар достығы» (1984), 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен,

  • «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді (1990),

  • «Ерен еңбегі үшін» (1995) медалімен марапатталған,

  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты, «Отан ордені» мен елбасының өзі марапаттады (Астана, Ақорда , 2010).

  • «Ақиқат пен аңыз» романы үшін Абай атындағы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1978 ).

Жеке қасиеттері

  • Әскери шені - аға сержант.

  • Хоббиі - фотография, жақсы кітаптар жинау.

  • Жұбайы - Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған.

  • Қыздары - Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған), филология ғылымдарының докторы, профессор. Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған), экономист;

  • ұлдары -Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған), инженер-энергетик, Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған), инженер-электрик.

2011 жылы Азиада 2011 қысқы ойындарында эстафетаны жалғаған. Бірнеше күннен соң дүние салып, әйелінің жанында жерленген.
2. Сұрақ-жауап сайысы
Жазушы туралы негізі ақпараттырды алдық енді осы бойынша сайысымызды бастаймыз. Сайысқа таңдап алынған 3 оқушыға билет сұрақтары беріледі.
Оқушыларды 3 топқа бөліп, әрбір топтан 1 оқушыдан шығады.
1. Әзілхан Нұршайықов қашан дүниеге келді? Жазушының туған жері.
(15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі)
2. Әзілхан Нұршайықовтың негізігі мамандығы? (мұғалім)
3. Жазушының әскери шені? (аға сержант)
4. Әзілхан Нұршайықов соғысқа қашан, неше жасында аттанды? (1941 – 1945, 19 жасында)
5. Соғыстан кейін нешінші жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін (ҚазМУ-ды) бітірді? (1949)
6. «Пионер», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде қандай қызмет атқарды? (редактор, тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы)
7. Әзілхан Нұршайықов жұмыс жасаған облыстарын ата (Павлодар, Семей)
8. Жастардың өмірін, арманға толы ой-сезімдерін жан-жақты айшықтауға арналған лирикапық повестері («Махаббат жыры», «Әсем»)
9. «Ақиқат пен аңыз» роман‑дилогиясы кім туралы жазылған? (Бауыржан Момышұлы)
10. Әз - ағаның өзіне қоятын басты талабы (тәртіп).
11. Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары неше тілге аударылған, қандай тілдер? (8, қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут, орыс, чех)
12. Нешінші жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған? (1995)
13. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты («Отан ордені»)
14. Қай еңбегі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді? («Ақиқат пен аңыз»)
15. Әзілхан Нұршайықовтың жарының аты? (Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы)
16. Жазушының неше баласы болған? (2 қыз, ұлы)
17. Әзілхан Нұршайықовтың хоббиі ( фотография, жақсы кітаптар жинау).
18. Әзілхан Нұршайықовтың өмірден кеткен жылы (2011)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет