Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет277/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   299
28-бап. Бала асырап алу 
Отбасында өсіріп-жетілдіру мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау 
мақсатында 
ата-анасының 
қамқорлығынсыз 
қалған 
бала 
Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырап алуға берілуі 
мүмкін 
(РҚАО-ның ескерту: қараңыз (12-тарау). 
 
29-бап. Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де 
мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу 
1.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында 
тәрбиелеуге беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, тәрбиелейтін, емдейтін 
немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелеріне орналастырылуға тиіс. 
2.
Балаға тиесілі алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтік төлемдер 
оның жеке шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тәртіппен төленеді. 
3.
Ата-анасының 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балаларға 
арналған 
тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелердегі балаға 


358
отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады. Баланы күтіп-бағуды 
пайдалануға, тәрбие, білім алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадір-
қасиетінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, ана тілінің, 
мәдениетінің, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрінің сақталуына құқығы бар. 
4.
Ата-анасының 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балаларға 
арналған 
тәрбиеленетін, емделетін және сол сияқты өзге де мекемелердің аталған 
мекемелердегі балаларға қатысты педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер 
жасаған қызметкерлері Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес 
жауаптылықта болады 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз (131,132,137-баптар); 
(111-бап).
5.
Ата-анасының 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балаларға 
арналған 
тәрбиелейтін, емдейтін және соған ұқсас басқа да мекемелердегі баланың 
құқықтары мен мүдделерін қорғауды, оның жұмысқа орналасуына 
жәрдемдесуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Ата-анасынан 
кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған жетім балаларға Қазақстан 
Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттік 
тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледі 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз
9-10 тараулар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет