Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Баланың демалуға және бос уақытын пайдалануға құқығы



Pdf көрінісі
бет275/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   299
19-бап. Баланың демалуға және бос уақытын пайдалануға құқығы 
1.
Әрбір бала өзінің жасына, денсаулығына және қажеттеріне қарай 
демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. 
2.
Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерінің қабілеттері 
мен мүмкіндіктеріне сәйкес баланың күтілуі мен жан-жақты демалуына қажетті 
өмірлік жағдайларды қамтамасыз етеді. 
3.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын 
пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлерді құрады және 
оларды қолдап отырады. 
4.
Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын 
пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. 
 
20-бап. Баланың міндеттері 


356
Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын 
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-
қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке 
жарамсыз ата-анасына қамқоролық жасауға, тарих және мәдениет 
ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты 
қарауға міндетті. 
4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ 
21-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы 
Баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, әрбір 
баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын 
білуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін алуға құқығы бар. 
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары 
Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы 
заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген 
құқықтарға ие. 
23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттік қолдау 
Мемлекет 
бала 
тәрбиелеп 
отырған 
отбасыларына 
Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әлеуметтік көмек беру 
арқылы қолдау көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет