Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет294/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   299
2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 
«Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездескенде «Бізге ХХІ ғасырда 
қалай жұмыс істеу керек екенін білетін адамдар керек. Ішкі және халықаралық 
процестерді терең талдай алатын мамандар, мемлекеттік мүддені өз мүддесінен 
биік қоятын патриоттар керек. Кім Қазақстанды сүйсе, сол – патриот. Кім 
шынайы құндылықтарды таныса, сол 
– 
патриот, ал ол құндылықтар – адалдық, 
ар-ұят, адамгершілік, дәстүрге беріктік, Отанға деген махаббат және оның 
өркендеуіне қызмет ету» деп атап көрсеткендей, қазақстанның әрбір азаматы өз 
Отанының өркендеуіне өзіндік үлес қосуға міндетті. 
1-жүргізуші:
Патриотизмді Отаннан бөліп қарауға болмайды. Екеуі – егіз 
ұғым. Біздің тарихымыздың өзі патриотизммен басталған тарих. Патриот адам 


374
ең алдымен өз Отанының тарихын білуі керек. Өткенге көз жүгіртсек, 
Қабанбай, Наурызбай сияқты қазақ даласындағы көптеген батыр бабаларымыз 
осы ұлтарақтай жер үшін жан қиюға дайын болған. Олар осы ұлан байтақ жерді 
ұрпақтарының алақанына салып кетті. 
Қазір Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы, Азияда үшінші 
орын алады. 
2-жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан – шекарасы мықтап бекінген, мемлекеттік 
рәміздері мен төл валютасы бар, экономикасы қарыштап дамып келе жатқан 
мемлекет. 
Рәміз – тарихын, бүгінді, болашақты, яғни уақыт кеңістігінің үш өлшемін 
біріктіру деген сөз. Болған, болып жатқан, болатын істің мағынасын символ 
дейміз. Тәуелсіз елдің туы, Елтаңбасы, Әнұраны сол символдың мағынасын 
береді. Өйткені, рәміздер болмаса ел болмайды.
1-жүргізуші:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін. 
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске. 
Айта бергім келеді, айта бергім. 
«Мен – Қазақстанның патриотымын» ғасыр көшбасшысы ойынын бастауға 
рұқсат етіңіздер! 
Көсемі болған ғасырдың 
Шешені болып еліңнің 
Болашақ ұстаз білім ал! 
Талант пен өнер асырған
Көшбасшысы бол әлемнің! 
2-жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай 
Жүйріктің бағы жанар ма? 
Білім мен өнер жарысып 
Тәрбие, тәлім табар мән. 
Бұл сайыс ойдың бәйгесі 
Кім жүйрік ойға сол алда. 
Білім мен ісі сәйкесті 
Бірінші келіп топ жарған. 
Алғашқы сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Алғашқы сайыс «Бәйге» деп 
аталады. Бәйге сайысына «Қазақта тұңғыш ...» деп аталатын 20 сұрақ беріледі. 
Әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет