Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-41. Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері



Pdf көрінісі
бет101/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-41. Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері 
 
Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында 
оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін тиімді 
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 
Оның элементтері төмендегідей болып 
келеді: 
1.
Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат – тәрбиешілердің
ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. 
2.
Тәрбие жұмысының формасын таңдау, іс-шараның тақырыбын анықтау. 
Мысалы, баспасөз-конференция, оқырман конференциясы, тақырыптық сағат, 
демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек 
үстел және т.с.с. 
3.
Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: іс-шараның мазмұнын, 
құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру 
жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық 
тұрғыдан даярлау. 
4.
Тәрбиелік іс-шараны өткізу.
Оның кезеңдері: 

іс-шараның басталуы, психологиялық көңіл-күйді орнықтыру, әдеби-
музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату; 
Оқушылардың 
практикалық 
іс-әрекеттері
Танымдық 
әрекеті
Көңіл көтеру 
әрекеті
Спорттық-
сауықтыру 
әрекеті
Еңбек 
әрекеті
Қоғамдық 
пайдалы еңбек
Ерікті қарым-
қатынас 
әрекеті
Шығармашылық 
әрекеті


133

ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, іс-шараны ашу, 
мақсатын, барысын баяндау; 

негізгі бөлім: іс-шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының 
баяндалуы, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері; 

қорытынды бөлім: іс-шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін 
талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру және т.с.с. 
5.
Педагогикалық талдау жұмысы: іс-шараның өту нәтижесін және
оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған 
тәрбие құралдары, амал-тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу және т.с.с. 
Кейбір тәрбие формалары бірнеше іс-әрекетті өзіне қосуы мүмкін: 
фестиваль, жарыс, мектеп мейрамдары, кездесу кеші, ғылым апталығы
және т.б. Мұндай іс-әрекеттің түрлері ұжымдық ойлауды, ақылмен ойланып 
істелген жоспардың үлгісін құруды талап етеді. 
Бұл атаулы күндерге арнап тақырыптық кешті ұйымдастырудан, соған 
қатысты әнді үйренуден, қабырға газетін шығарудан және әр айда оқитын, пікір 
алысатын көркем шығармалардың картотекасын алдын ала жасаудан, ол 
жайында сыныптағы оқушылармен пікір алысудан, аяғында істің нәтижесін 
шығарудан тұрады.
Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымымен атқаратын тәрбие жұмысының 
негізгі бір формасы – сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық 
қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік қағидасын 
меңгереді.
Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғарғы 
органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру 
барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай, оның негізгі 
қызметі – ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының 
нәтижелі болуы – ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім 
қабылдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет