Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбие жұмысының дәстүрлі және дәстүрлі емес формаларын



Pdf көрінісі
бет102/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Тәрбие жұмысының дәстүрлі және дәстүрлі емес формаларын 
ұйымдастыру әдістемесі: сынып сағаттарын дайындау, пікірталас, 
пікірсайыс, дебат, дөңгелек үстел және т.б. іс-шараларды өткізуге 
қойылатын талаптар, педагогикалық талдау 
Мектептегі оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі 
формасы – сынып сағаты.
Сынып сағаты – оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, 
өмірде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы 
дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық сезімдерін шыңдауда тәрбие 
жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы болып саналады. 
Ал, пікірталастың мәні – жеке тұлғамен адамгершілік мәселелерін 
талқылау, олардың қоршаған өмірге, бір-біріне, өзіне қатынасы туралы 
пікірсайыстарын тудыру. 
Пікірталас тақырыбы: Сіз мәдениеттілікті қалай түсінесіз? 
Хабарландыру жанында пікірталас сұрақтары берілген:
 
1.
Мәдениет дегеніміз не? 


134
2.
Қандай адамды мәдениетті адам деп санайсың? 
3.
Қоғамдық орындарда, көпшілік арасында мәдениетті адам өзін қалай
ұстағаны жөн? 
4.
Жақсы мінез-құлықты, қасиеттерді бойына қалыптастыру үшін өзіңді 
қалай тәрбиелеуің керек? 
Сұрақтардан соң қандай жағдаяттарды оқу керек екені көрсетіледі.
Дайындық кезінде тақырыптың теориялық жағын баяндау оқушыға 
тапсырылып, сынып жетекшісі тарапынан жеке кештер ұйымдастырылады. 
Пікірталас өтетін орын арнайы безендіріледі. Оқушылардың жақсы көңіл-
күйін, еркіндігін тудырып, психологиялық жағынан дайындау мақсатымен 
пікірталас басталар алдында әсем саз ойналып тұрады. 
Бірінші бастаушы: 
Көптен күткен пікірсайысты бастайтынын айтып, 
оқушылардың зейінін өзіне аударады. 
Екінші бастаушы: 
Әркім өз пікірін еркін ортаға салуы қажет екенін 
ескертеді.
Бірінші бастаушы:
Мәдениет дегеніміз – адамзаттың өзінің материалдық 
және рухани даму барысында жасап шығарған барлық игілік қатынасы. Озық 
мәдениет – бүкіл мәдениеттің мұрагері, ал материалдық мәдениетке еңбек 
құралдары, техника, еңбекте қолданатын дағдылар мен тәсілдер жатса, 
адамның тұратын үйі, киімі тұрмыс мәдениетіне жатады. Рухани мәдениетке 
философиялық, ғылыми, өнер және адамгершілік игіліктердің жиынтығы, саяси 
құқықтық білімдер, оларды пайдалану тәсілдері жатады. 
Екінші бастаушы:
Біздің өмір сүруімізге, қажетті мәдени-адамгершілік 
білім дағдыларды игеруге, жақсы қасиеттерді бойымызға дарытуға, біз 
оқушылар қалай қараймыз? Бойымызда қандай қасиеттер жетіспейді. Осы 
туралы сөз қозғайық. 
Бірінші бастаушы:
Оқудың өзі оқушыларды білімге, мәдениетке, белгілі 
тәртіпті игеруге үйретеді. 
Қарлығаш:
Меніңше, жан-жақты 
мәдениетті оқушы достарының
жолдастарының арасында сыйлы, беделді болады. Бірақ мәдениеттілікке жету 
оңай емес, кейбір оқушылар сабақта өзін дұрыс ұстай алмайды. Мәдениетті 
болу ізденуді, табандылықты қажет етеді. 
Асқар:
Мәдениетті адам ең алдымен, білімді болуы тиіс. Ал, білімді біз 
сабақта игереміз. 
Екінші бастаушы:
Мәдениетті адамға қандай қасиеттер тән?
Айдар: 
Мәдениетті адам өзінің уақытын да, өзгенін уақытын да қадірлей 
білуі керек. 
Гүлжан:
Мәдениетті оқушы келген жеріне, үйіне, мекемесіне кірмес 
бұрын есік қағып, рұқсат сұрауы, кірген соң алдымен сәлемдесуі қажет. 
Бірінші бастаушы: 
Енді сөйлеу мәдениеті жөнінде кім өз пікірін ортаға
салады? 
Зәуре:
Сөз – адамның мәдениеті, білім, тәрбие дәрежесінің көрсеткіші. 
Адамның қаншалықты мәдениетті екендігі, оның бір-екі ауыз сөзінен-ақ 
білінеді.


135
Екінші бастаушы: 
Енді киіну мәдениетіне тоқталайық. Бұл жөнінде кімнің 
қандай пікірі бар? 
Жарас:
Әдемі, таза киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне, талғамына 
байланысты. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды 
киімді таңдап, үнемі таза кие алады.
Міне, пікірталас осылай өтіп, оған қатысқан тәрбиешілер мен 
жүргізушілер қорытынды сөз сөйлейді. Оқушылар жақсы көңіл-күймен 
тарқайды. 
Пікірталастың негізгі заңы 42-суретте ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет