Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Оқушылармен жеке жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі және



Pdf көрінісі
бет99/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Оқушылармен жеке жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі және 
тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-іс-әрекеттік, аксиологиялық тұрғылар 
Педагогикада 
жеке 
тұлғаны 
тәрбиелеудің 
тұлғалық-бағдарлық,
іс-әрекеттік және т.б. әдіснамалық принциптерінің жүйесі қалыптасқан. 
Тұлғалық-бағдарлық
көзқарас адамның тұлға ретінде әлеуметтік, 
әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы принципті баяндайды. Ол 
тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде 
таниды. 
Тұлғалық-бағдарлық көзқарас дегеніміз педагогикалық процесті жобалап
бағдарлауда тұлғаны мақсат, субъект, оның нәтижесі және негізгі өлшемі 
ретінде қарастырады. Тұлға жайында терең білім, оның туғаннан өзіндік 
қасиеттері мен қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе өзі қалай 
қабылдайды, міне осы жайындағы көзқарастар жүйесі.
Іс-әрекеттік
көзқарас тәрбие процесінде тұлға дамуының негізі, құралы 
және шешуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана және әрекеттің бірлігі 
идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырды. Мұндай көзқарас 


131
педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттері барысында 
тұлғалық-бағдарлық принциппен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жүзеге 
асуына тікелей ықпал етеді. 
Әрекет мақсаты адамдардың қоршаған ақиқат өмірді қайта жаңғыртуға 
бағытталған көзқарасы. Оның негізгі формасы – еңбек. Сондықтан адамның 
барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізінде пайда болып
оның негізгі ерекшелігін өзінің бойына сіңіріп, қоршаған өмірді 
шығармашылықпен қайта жаңғыртады. Соның негізінде ол субъект ретінде 
дамиды әрі өзін де қайта жаңартады. 
Дегенмен, іс-әрекетте тұлғаның қалыптасып, дамуы ол соңғы фактор 
болмайды. Соңғысы тұлғаның таным, еңбек және қарым-қатынас жағдайын 
жандандыруды және оның іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Бұл өз 
кезегінде, тұлғаны қандай да бір іс-әрекеттің мақсатын таңдай және оны 
жоспарлай білуді үйретуді, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік 
тұрғыдан талдау жасау және іс-әрекеттің нәтижесін бағалауды көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет