128
ата-аналардың көрсететін көмегі туралы ақпарат алмасу мақсатында пән
мұғалімдері мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастырады.
Сондай-ақ, сынып жетекшісі пән мұғалімдерін сабақтан тыс уақытта
атқарылатын жұмыстарды жоспарлау
мен ұйымдастыруға тарта отырып,
оқушылардың танымдық қызығушылықтарының деңгейін анықтауға мүмкіндік
жасайды.
Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің оқушыны тәрбиелеудің
әдіс-тәсілдерін жасауға көмектесетін және іс-әрекеттердің бірлігін қамтамасыз
ететін өзара әрекет ету формаларының бірі – педагогикалық консилиум.
Консилиумдер екі түрлі мақсатты көздейді.
Біріншіден,
оқушының жеке басын
және сыныптағы оқушыларды зерттеу мақсаты мен олардың нақты оқу
жағдайларын
белгілеу,
екіншіден,
бірыңғай педагогикалық талап деңгейін
жасау мақсатымен білімдегі, тәрбиедегі олқылықтарды жою үшін жалпылама
жүйеге сүйену. Педагогикалық консилиумге қатысатындар:
сынып жетекшісі,
мұғалімдер, мектеп дәрігері, психолог, әлеуметтік педагог. Консилиумде сынып
жетекшісінің жеке оқушыларға белгіленген бағдарлама бойынша берген
мінездемесі талқыланады:
оқушының саяси-идеялық деңгейі;
қоғамдық белсенділігі;
адамгершілік бағыты;
еңбекке қатынасы;
жалпы білімділік қабілеті;
дене тәрбиесі;
эстетикалық тәрбиесі;
тәртіп ережесін орындауы, отбасының тәрбиелік әсері.
Педагогикалық консилиумде оқушыға тұтастай сипаттама береді.
Педагогтар оқушыларға жасалған бақылау нәтижелерін талдап, туындаған
проблеманы шешу жолдары туралы әңгімелесіп, атқарылатын жұмыстарды
бөліседі.
Сонымен, 40-суретте психологиялық-педагогикалық орталық қызметі
ашылды.
Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен атқаратын жұмыстарының негізгі
формасы – кездесетін және туындайтын қиындықтар мен келіспеушіліктердің
алдын алатын жеке әңгімелесу болып табылады.
Осыған орай, олар белгілі бір
проблеманы бірігіп ойластыруға және оны шешудің жолдарын қарастыруға
қатысты әңгімелер өткізгені өте пайдалы.
Сонымен, сынып жетекшісі:
оқушылармен,
ата-аналармен
пән
мұғалімдерінің
атқаратын
жұмыстарының жетістіктерін, проблемаларын айқындайды;
педагогикалық іс-тәжірибелермен алмасуды ұйымдастырады;
мұғалімдерді
оқушыларға
педагогикалық
көмек
жасауға
ынталандырады;
ата-аналармен ынтымақтастықта қарым-қатынас жасайды.