Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Педагогикалық рефлексия – сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының



Pdf көрінісі
бет105/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Педагогикалық рефлексия – сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының 
қажетті компоненті 
Сынып жетекшісінің кәсіби шеберлігін арттыруда оның өз санасы мен
іс-әрекетіне танымдық талдау жасауында рефлексияның алатын орны зор. 
Өзінің педагогикалық іс-әрекетінде мұғалім әртүрлі қызметтік функцияларды 
атқарады. Атақты психолог Ю.Н.Кулюткиннің зерттеуі бойынша, оның 
біріншісі және негізгісі – практика, оның мақсаты оқытудың нақты пәндік 
мазмұны, әдісі және формасы негізінде оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру; 
екіншісі – мұғалімнің жеке өзінің іс-әрекетіне көзқарасы, оның нәтижесінде 
мұғалім өзінің іс-әрекетінің нәтижесін талдайды, баға береді. Әртүрлі 
педагогикалық жағдаяттарды шешуде мұғалім оқушымен тікелей өзара қарым-
қатынас жасайды, оқушылардың іс-әрекетіне әртүрлі тәсілдермен басшылық 
етеді. Екінші жағдайда, мұғалім өз іс-әрекетіне талдау жасау арқылы 
оқушылардың іс-әрекетіне талдау жасай алады. Ал бұл мұғалімді
шығармашылыққа итермелейді. Сондықтан мұғалімнің педагогикалық 
рефлексиясы оның әртүрлі жағдайда да дұрыс шешім таңдауға, оның
іс-әрекетін бағалауға жол салып, мұғалімнің кәсіби жетілуіне көмегін тигізеді. 
Тар мағынада 
рефлексия
индивидтің өзіне және микроәлемге жасалған 
танымдық іс-әрекетінен кейінгі тану мүмкіндігі туатын сананың «жаңа 
бетбұрысы». Рефлексия ұғымының мазмұнын түсіну үшін оны «өзін-өзі тану», 
«өзіне-өзі түсінік беру» ұғымдарымен синонимде қарау керек. Мұндағы «өзін-
өзі тану – адамның өзінің «Менін» тануы, өзінің «Менін» барлық жағдайда 
сезіне алуы: қателескенде, әлсіз де, күшті әрекеттерінде». Ал «өзіне-өзі түсінік 
беру – күнделікті жағдайда айналада болып жатқан іс-әрекеттер мен 
құбылыстарға өзінің жеке көзқарасын білдіру». 
Рефлексия – жеке тұлғаны ойлауға бағыттайтын адами түсініктің
принципі, танымның әдіс-тәсілдерін сыни талдау, өз білімінің деңгейін білу, 
өзіндік таным іс-әрекеті, жеке тұлғаның рухани әлемінің ішкі құрылымын 
ашып көрсету.


138
Педагогикалық рефлексия – мұғалімнің өзіне және өзінің әрекетіне 
объективті баға бере алу қабілеттілігі, мұғалімнің өзін балалар қалай 
қабылдайтынын, педагогикалық процесс барысында өзімен басқа адамдардың 
қандай қарым-қатынаста болатынын көре алуы. Педагогикалық рефлексияның 
ортасында тұратындар: оқушы нені қабылдайды, тәрбиешіні және онымен 
қарым-қатынасты қалай түсінеді, ол тәрбиешінің іс-әрекетіне қалай қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет