Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті



Pdf көрінісі
бет220/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті 
Педагогтық мамандық ең көне мамандықтардың бірі болып саналады. Бұл 
мамандықта ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. 
Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, 
қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. «Адам-адам» типінде қызмет жасайтын 
педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) 
және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Когнитивті жазықтық жалпы 
мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды.
Мәдениет – адамзат баласының ұлт, халық болып қалыптасқаннан бергі 
жинақтаған ұлы байлығы. Бұл шығармашылық күштер мен адамның адами 
мүмкіншіліктерінің шарықтау шегінің көрінісі.
Тар мағынада мәдениет адамның түбір, мәнді күштерінің дамуының 
қандай да бір деңгейі деп тұжырымдалады. Бұл тұрғыда мәдениет – жеке 
адамның өмір салтының қоғамдық өмірдегі құндылықтар мен нормаларға, 
қоғам мәдениетінің идеалды бейнесіне сәйкестілігі туралы айтылады. 
Мәдениетті өмір стилі немесе өмірлік іс-әрекет ретінде сипаттауға болады.
Адамзат мәдениеті оның үш негізгі бөлімін біріктіру арқылы 
қарастырылады (93-сурет). 


286
Сурет-93. Адамзат мәдениетінің құрамдас бөліктері
 
Осы позицияға сәйкес жеке адамға тән мәдениеттің нақты аспектілері, 
түрлері талдануы мүмкін (психологиялық, экологиялық, саяси, құқықтық, 
экономикалық, педагогикалық, адамгершілік, валеологиялық, дене тәрбиесі 
мәдениеті және т.б). 
«Ішкі мәдениет» ұғымы – «психодиагностикалық мәдениеттің» нақ өзі, 
яғни адамның субьект, тұлға және даралық ретіндегі ішкі психикалық өмірінің 
анықталған сапасы. Сонымен, психологиялық мәдениет – адамның жалпы 
мәдениетінің 
өзегі 
болып 
табылады. 
Психологиялық-педагогикалық 
диагностиканы жүзеге асыру, мұғалімнен төмендегідей компоненттерді 
қамтитын белгілі бір 
психодиагностикалық мәдениетті 
талап етеді (94-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет