Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет222/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

5.
 
Диагностиканың 
тиімділік 
және 
түзету 
принциптерін 
қанағаттандыратын әдістері таңдалуы тиіс. 
Тиімділік принципі
аз уақыт ішінде 
аз күш жұмсау арқылы тексерудің жүру ретін анықтау, нәтижелерді өңдеу мен 
тұжырымдау барынша пайдалы ақпараттар береді. 
Түзету принципі
тексеру 
нәтижелерінде тәрбиеленушілерге психологиялық көмек көрсету, оларда 
жекелеген психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз ету 
мақсатында қайталану мүмкіндіктері. 
6.
 
Сауатты педагог диагностикалық зерттеуді жүргізу ретінің бөлінбес 
құрамдас бөлігі болып табылатын математикалық статистика элементтерін 
меңгеруі тиіс. Мұғалімнің шығармашылық тұрғыда өсу ауқымында 
жүргізілетін кез келген зерттеу қазіргі уақытта диагностиканың нәтижесін, 
оның тұжырымдалуын және сенімділігін талдауды қамтуы тиіс. 
Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті бойынша бірнеше бағытты 
көрсетуге болады: 
1) Білім беру мекеме жағдайларындағы неғұрлым адекватты мінез-құлық 
пен әлеуметтік өзара әрекетті қамтамасыз ететін психологиялық білім және 
іскерліктердің біраз мөлшері ретінде психологиялық сауаттылықты 
қалыптастыру.
2) Мінез-құлық, іс-әрекет немесе әлеуметтік өзара әрекеттің тиімділігін 
қамтамасыз 
ететін 
психологиялық 
құзыреттілікті 
қалыптастыру: 
бақылаушылық; адамдарға зейін аудара білу; психологиялық қырағылық;
өз-өзін адекватты түрде қабылдай алу; эмпатияның дамуы; эмоционалды 
тұрақтылыққа 
талпыныс; 
мейірімділік; 
әртүрлі 
адамдармен
қарым-қатынастарды орната алу; ақпаратты адекватты қабылдай алып, бере 
алу және т.б.


288
Осы екі бағыт бойынша жоғарыда көрсетілген барлық қасиеттерді 
тәрбиеленуші 
тұлғасында 
дамыту 
керек. 
Болашақ 
педагогтардың 
психологиялық мәдениетін дамытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерінің 
жүйесін құру шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет