17
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын ұйымдастыру
бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындау. Тәрбие
жұмысын ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді, креативті ойлар мен
авторлық бағдарламаларды зерттеу, талдау және енгізу. Оқу-әдістемелік
құралдарын қолдану, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысы тәжірибесін енгізу.
Этнопедагогика және психология, қазақ халқының игілігін зерттеу бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын оқуға ұсынылатын
әдебиеттер тізбесіне тәрбиелік және дамытушы сипаттағы оқу әдебиеті
кітаптарын, хрестоматиялар мен альманахтарды қосу.
Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – тәрбие қызметін тиімді
ұйымдастыру негізінде білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық
бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын
үйлестіру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын
кіріктіру негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру; тәрбие жұмысының
тиімді тәжірибесін үнемі зерделеу, жинақтап қорыту және тарату, тәрбие
процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін
зерделеу. Зерттеушілік, инновациялық қызметті қолдау; отбасы тәрбиесінің
әлеуетін күшейту.
Достарыңызбен бөлісу: