Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата06.01.2022
өлшемі296,76 Kb.
#11882
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
konceptualnye-osnovy-vospitania-kaz

Глоссарий 

 

 

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениетті тәрбие  




19 

 

гуманизмге,  қазақ  халқының  тілін,  тарихы  мен  әдет-ғұрпын  құрметтеуге 



және сүюге, оның озық дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстандағы басқа 

да  халықтардың  мәдениетін  зерделеуге,  қабылдауға  және  меңгеруге 

негізделген  азаматтық  ұстаным  мен  патриоттық  сананы,  құқықтық  және 

саяси мәдениетті, дамыған ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық қарым-қатынас 

мәдениетін,  әлеуметтік  және  діни  толеранттықты  қалыптастыруы  тиіс. 

Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, балалар мен жастар 

ортасында құқыққа қайшы көріністерге қарсы тұру даярлығын қалыптастыру 

зор маңызға ие болуда.  

 

Ақпараттық мәдениет – адамның жалпы мәдениетін құраушылардың 



бірі;  дәстүрлі,  сондай-ақ  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолданып  жеке 

ақпараттық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру бойынша мақсатты дербес 

қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық дүниетанымның және білім мен білік 

жүйесінің жиынтығы. 

 

 Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсаты 



адамда  психикалық  тұрақтылық  пен  кәсіби  қызметінде  тиімді  қажеттерді 

қамтамасыз  ететін  салауатты  өмір  салтын,  жеке  тұлғалық  қасиеттер 

қалыптастыру. Оның құрамдасына профилактикалық білім беру кіреді.  

    Діни секта – негізгі діни бағыттан бөлінген және оған қарсы тұратын 

діни топ. 

     Еңбек және экономикалық тәрбие балаларда, жасөспірімдер мен 

жастарда өзіне өзі қызмет ету білігін және дағдысын, еңбек іс-әрекетінің әр 

түріне  жауапты  және  шығармашылық  қарым-қатынасын,  ұжымда,  топта 

жұмыс істеу біліктілігін; адамның өз әрекетінің мәнін және салдарын дұрыс 

бағалап, қажетті ресурстарды пайдаланып, олардың шынайы әсерін күшейте 

отырып,  белсенді  және  жауапкершілікпен  әрекет  етуді,  яғни  жаңа  өндірісті 

және қоғамды құру біліктілігін қалыптастыруды көздейді.  

 

Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл уақыт өте келе өзгеріске  



ұшырамайтын  және  адамдардың  белгілі  бір  шектеулі  тобы  (әлеуметтік  топ, 

таптар,  партия,  мемлекет  немесе  мемлекеттердің  коалициялары)  үшін  емес, 

барша адамзат үшін маңызды абсолют құндылықтар. 

 Бұл  құндылықтар  халықтың  барлығына  тән,  ішкі  мәні  терең  және  сыртқы 

моральдық  ережелер  емес,  тура  ішкі  іс-тәжірибе  нысаны  ретінде 

қабылданады,  яғни  олардың  негізінде  адамның  ар-намысы  махаббат, 

шынайылық, жайлылық, парыз, күштемеу, қайырымдылық, рақымшылықты 

нақтылы түрде көрсетеді. 

 

Жалпыадамзаттық  құндылықтар  мәңгі,  тарихи  тұрғыдан  шектелмеген 



рухани табиғатқа ие, әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық және басқа 

құндылықтар  жүйесінің  өзгермелі  инварианты  болып  табылады,  әр  адамда 

және материалдық әлемде барынша қалыптасады. Олар барлық адамдар үшін 

эталон,  үлгі  болып  саналады,  оларды  дамытуға  педагогикалық  процесс 

бағытталған. 

Жеке тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалып- 




20 

 

тастыруы.  Өзін-өзі  тану  адамға  қоршаған  әлемді  түсінуге  және  өзінің 



сондағы  орнын  сезінуге,  өмірлік  ұстанымын  анықтауға,  қоршаған  әлемге 

көзқарасын  жалпыадамзаттық  құндылықтар  тұрғысынан  жүйелеуге 

көмектесуі  тиіс.  Өзін-өзі  тану  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуына, 

өзектендіруіне,  оның  қабілеттері  мен  әлеуеттік  мүмкіндіктерін  жүзеге 

асыруда  қажетті  шарт  болып  табылады.  Адам,  сонымен  өзін-өзі  тануының 

нәтижесінде  толысу  сезімін,  өмір  қуанышын,  оның  мәнісін  сезіне  отырып 

тұлғалық өсу мен өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болады.  

Зияткерлік мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау 

қызметін  дамытуды,  олардың  санасын  шынайы,  қарапайым  біліммен 

байытуды, ойлау қабілетін дамытуды көздейді. 

Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіптік және тұлғалық маңызды негізгі 

құзыреттіліктерді  (арнайы,  бейіндік,  коммуникативтік,  әлеуметтік, 

зияткерлік, ақпараттық, дербес) және оның басқа түрлерін қалыптастыруды, 

білім 


алушыларды 

кәсіптік 

қауымдастықтың 

дәстүрлері 

мен 

құндылықтарына бейімдеуді, кәсіптік этика нормаларын ұстануды көздейді.  



Коммуникативтік мәдениет қалыптастыру мінез-құлық ұстанымдарын 

анықтайды,  құндылықтар  жүйесін,  нормаларын  көрсетеді  және 

шығармашылық  қызметте  өзінің  дербестігін  көрсету  үшін  қарым-қатынас 

жасау, байланыстарды орнату, дамыту, өзара келісу, жолға қою және түзету 

енгізуге көмектеседі.  

Отбасылық тәрбиенің  айқындауыш буыны адамгершілік, рухани 

және гуманистік құндылықтар тәрбиесі басым адамдар арасында эмоциялық 

және  тиімді  қарым-қатынастардың  әлеуметтік-тарихи  тәжірибесін  табыстау 

болып  табылады.  Балалар  мен  жастардың  әлемдік  және  ұлттық  мәдениеті, 

дәстүрлері мен барша қазақстандық қоғам қажеттіліктері негізінде құрылған 

жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануы алдыңғы кезекте 

тұрады. 


        Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және 

дәстүрлерімен  келісілген  тұлғаның  өзіндік  санасын  дамыту,  этикалық 

ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру 

үшін жағдай туғызуды көздейді. 



 Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  адам  ағзасының  мүмкіндіктері, 

оның  қызметінің  ерекшеліктері,  адамның  дене,  психикалық  және  рухани 

денсаулығының өзара байланысы туралы түсінік беретін ағарту жұмысында 

ғана емес, сол сияқты тәрбиеленушілерді түрлі спорт түрлеріне тікелей баулу 

арқылы да жүзеге асырылуы тиіс.  

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты 

көпшілік айыптауы көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа 

төзімсіздік  қатынасты  көрсетеді,  «адалдық  пен  сатылмау  –  жүріс-тұрыс 

нормасы» берік азаматтық ұстанымды білдіреді. 

   Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы 



21 

 

ұйымдастырылған,  басқарылатын  және  бақыланатын,  соңғы  нәтижесі 



қоғамға  қажет  және  пайдалы  тұлға  қалыптастыру  болып  табылатын 

тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті. 

          Тұлғаның әлеуметтік-маңызды және жеке қасиеттерін, ерекшелік- 

терін  қалыптастыру  (әлеуметтік  бейімділік,  әлеуметтік  белсенділік, 

әлеуметтік  тұрақтылық)  әлеуметтік  қарым-қатынас  жүйесінде  мінез-

құлықтың өз стилін, шығармашылығын және дербестігін дамытуды, қоғамда 

болып  жатқан  өзгерістерге  жылдам  және  тәнік  (адекватты)  әрекет  етуді, 

белсенді өмірлік ұстанымы болуын көздейді.  

         Экологиялық тәрбие адамның бойында табиғатқа деген этикалық  

көзқарастардың  және  қарым-қатынас  этикасының  пайда  болуын  және 

қалыптасуын, табиғат ресурстарының жай-күйіне жеке жауапкершілік сезімі 

мен  адамдардың  олармен  орынды  әрекеттесуін  тәрбиелеуді  көздейді. 

Экологиялық тәрбиенің негізі, ең алдымен, қоршаған ортаны және халықтың 

денсаулығын  сақтауды,  елдегі  экологиялық  жағдай  туралы  халықтың 

хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет