18
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін
жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:
Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықтық
аясын;
білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана,
құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттық және
рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет
негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;
тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру
мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
бала
тәрбиесінде
ата-аналардың
психологиялық-педагогикалық
құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға
дайындауды;
білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және
болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау
әзірлігін дамытуды;
тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы
мен өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын;
табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын;
экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін;
табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге
асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы
институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы
үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау
жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және
мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін
жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты
− Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам
қалыптастыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: