Тәрбие процесін ұйымдастырудың
әдіснамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге
сүйенеді:
Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамзаттың түсінігімен және
рухани-адамгершілік мазмұнымен анықталатын адамның әлемге, өзге
адамдарға, өз-өзіне және т.б. қатынасы, жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтардың диалектикалық бірлігіне сүйену.
Антропологиялық көзқарас – тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы
білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық
процесті құруда және іске асыруда жүйелі қолдану.
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет
идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі
9
жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін
дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |