185
жүйесінің жеткіліксіз шынықтырылуына қарай жағымсыз құбылысты
туғызады, мұны балалармен жұмыс істеген кезде ескеру қажет.
Жүгіру екі жасқа толған кезде қалыптасып, үш жасқа қарағанда жетіле
түседі. 2,5-3 жасар баланың жүгіруіне қысқа, кібіртік адым тән. Кӛптеген
балалар жерден аяғын әрең кӛтереді және табанын тегіс басып, балпаңдап
жүгіреді. Бұл жаста балалар жүргеннен гӛрі жүгіргенді жақсы кӛреді.
Дағдыны игере бастаған кезде
олар аяқтарын қинала басып, қалыпты
ырғақсыз жүгіреді, бағытты дұрыс ұстамайды. Yйретуге қарай дұрыс
жүгірудің белгілері: ұшқырлық-кеуде аздап алға қарай еңкеюі, бастың
кӛтеріңкілігі, қолдың шынтақтан бүгілуі, қол мен аяқ қимылының
үйлесімділігі қалыптаса бастайды. С.Я.JIайзаненің мәліметі бойынша кӛтерілу
фазасы бір жас 10 айдан 2 жас 8 айға дейінгі балалардың 30%-нан байқалған,
ал 8 айдан кейін кӛтерілу фазасының нысаналы әрекеті балалардың 92%-нан
байқалған. Балаларды жүгіруге үйрету ширақ қимылдайтын ойындар, жаттығу
ойындары арқылы жүзеге асырылады (тура
бағытпен, ал кейінірек-бытырап
және бірінің артынан бірі жүгіру). Қол мен аяқ қозғалысының жақсы үйлесімі
балаларда жүруден гӛрі жүгіру кезінде тез қалыптасады, бұл 3 жасар
балалардың 30%-да, 4 жасар балалардың 70-75%-да, 7 жасар балардың 90%-да
байқалады. 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жүгіру тездігі айтарлықтай
ӛзгереді. 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жүгіру адымы ұзындығының
тұрақты кеңейетіндігі олардың 28-30%-нан байқалады.
Мектепке дейінгі
жаста жүгіру адымының жиілігі аз ӛзгереді: 4 жасар ұлдардың жүгіру
адымының жиілігі 4,45 адым (секундына, қыздардың—4,18 адым) секундқа, 7
жаста тиісінше 4,26 адым (секундқа және 4,24 адым) секундқа тең. Бұл
мәліметтер мектепке дейінгі жастағы балалардың жүгіру тездігінің артуы
айтарлықтай дәрежеде олардың жүгіру адымының кеңеюі есебінен келіп
шығады деп есептеуге негіз жасайды (E. Н. Вавилова). 4 жасқа қарағанда,
жаттығудың ықпалымен жүгіру кезінде қол мен аяқтың үйлесімі жақсарады,
ұшқырлық, ырғақтылық жетіледі. Алайда, бала адымының ұзындығы әлі де
жеткілікті болмайды. Сондықтан балалар жүгіру
кезінде сызылған сызық,
шеңбер арқылы, сондай-ақ қатты жүгіргенде жалтарып кететін және ұстап
қалатын жаттығулар беріледі. Бала 5 жасында жүгіру техникасының дәлдігін,
жеткілікті, дәрежеде толық болмағанымен, негізінен меңгереді. Yйрету
кезінде жүгіру техникасының дәлдігін, оның жеңіл орындалуымен тездігін
жетілдіруге назар аударылады. Балалар 6 жасында ӛздеріне қолайлы жүгіру
техникасын меңгереді. Жеңіл, ырғақты, құштарлықпен,
бір қалыпты,
қимылдардың жақсы үйлесімділігімен, ұшқырлықпен, бағытты сақтап
жүгіреді. Yйрету кезінде жүгіруді жетілдіруге, оның тездігін дамытуға басты
назар аударылады (қашықтық 30 м). Балалар әртүрлі тапсырмаларды орындап,
жалтара жүгіріп жаттығады. Балалардың жүгіру қасиетін жетілдіру
мақсатымен, жүру кезіндегі сияқты жүгірудің сан алуан түрлерін: аяқтың
ұшымен жүгіруді, адымды кең ашып жүгіруді, құрсақ шандыры, жауырын,
табан бұлшық еттерін шынықтыратын санды биік кӛтеріп жүгіруді, қимылдың
үйлесімі мен икемділігін тәрбиелеуге ықпал ететін музыка үнімен жеңіл,
ырғақты жүгіруді, заттардың арасымен және қолына зат ұстап жүгіруді