Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет173/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Әдіскер - ірі балабақшада (8-10 топқа дейінгі) балалардың дене тәрбиесі
бойынша
тәрбиешілердің
жұмысына
тікелей
басшылық
жасайды.
Тәрбиешілердің білімдерін жетілдіру, олардың жұмыстарын бақылау сияқты
кӛрсетілген шаралардан басқа ол әдістемелік кабинетті керекті әдебиеттермен,
құжаттармен: дене жаттығуларының бір жылға бӛлінген жоспар-графигін,
апталық жоспар, сабақтардың, ертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс
ойындарының жоспар-конспектілерін, сергіту минуттары, серуен, кешкі бос
уақыттар, мерекелер, денсаулық жағдайын есепке алу журналын, денесінің
дамуы, дайындығын; дене жаттығуларының техникасы мен жүргізу әдістемесін
бейнелейтін суреттері, фотолары бар альбомдар: дене шынықтыру
алаңдарының макеттері, ата-аналар үшін материалдар (әдебиеттер тізімі,
балалар киімінің сызбасы, т.б.) жабдықтауға кӛңіл бӛледі. Әдіскер
тәрбиешілердің жұмысын зерттеп, есеп пен жоспарлау бойынша құжаттарды



299
талдайды, сонымен қатар дене шынықтыру сабақтарына, ертеңгілік


гимнастикаға, дене тәрбиесінің басқа түрлерін жүргізуге бақылау жасайды.
Бақылау барысында ол тәрбиешінің түсініктемесінің бәрін жазып алады, дене
жаттығуларының
сапалық
кӛрсеткішін,
мӛлшерін
белгілейді
және
хронометраждау жүргізеді. Балалардың қозғалыстарды орындау сапасын,
олардың мінез-құлқын анықтайды. Бұлар сабақты талқылау мен баға қою үшін
сонымен қатар тәрбиешілерге нақты нұсқаулар құрастыруға мүмкіндік береді.
Әдіскер жұмыстың жақсы тәжірибелерін жинақтап, оны таратуға кӛп кӛңіл
бӛледі. Ашық сабақтар жүргізіп, оны бақылауды ұйымдастырады,
тәрбиешілерге ӛз тәжірибесін корытып, педагогикалық оқуларда баяндама
жасауға немесе шығып сӛйлесулеріне кӛмектеседі. Әдіскер әдебиеттердің жаңа
түрлерін іріктеп, аудан, қалалардағы әдістемелік кабинеттерде, ғылыми
мекемелерде болатын жиналыстарға қатысып, балабақшадағы дене тәрбиесі
жұмысын жақсартуға атсалысады. Ӛзінің де дене жаттығуларымен
шұғылданып, балабақшаның қызметкерлеріне ӛнеге кӛрсетуінің және оларға
қажет мезгілінде кӛмектесуінің маңызы да ӛте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет