Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет50/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

4-5 жасқа дейінгі балалар үшін «Денсаулық» білім беру саласының
базалық мазмұны бойынша дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті тӛмендегідей жүзеге асады:
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын
жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктері мен дағдыларын
жетілдіру.
Міндеттері: 
-жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тосып алу, еңбектеу және ӛрмелеудегі
негізгі қимыл түрлерін орындау іскерліктерін жетілдіру;
-ұйымшылдыққа, дербестікке, шығармашылыққа, құрдастарымен ӛзара достық
қарым-қатынаста
болуға
тәрбиелеу,
икемділікке,
шапшаңдыққа,
шыдамдылыққа үйрету, тепе-теңдік қалпын сақтау іскерліктерін меңгерту;
-барлығы бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету;
-денесін дұрыс ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтау дағдысы мен денсаулық
сақтау негіздерін қалыптастыру;
-спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру;
-белсенді қимыл-қозғалыс (қимылдың қосымша түрлерін соның ішінде емдік-
сауықтыру бағытындағы қимыл әрекеттерін енгізу, ӛз еркімен қимыл-қозғалыс
жасау үшін күн тәртібінен уақыт бӛліп, мүмкіншілік жасау) уақытын ұлғайту;
-әр халықтың қимылды ойындарына, сабақтағы спорттық құрал-жабдықтарды
қолдануға қызығушылықтарын арттыру;
-түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әртүрлі қимыл әрекеттерін
дамытуға жағдай жасайтын қозғалыс ортасын құру.
Мазмұны: 
Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар 
Жүру:
-аяқ ұшымен, ӛкшемен, табанның ішкі жағымен;
-қолды әртүрлі жағдайда қойып адымдап және тыпырлап жүру;
-аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы (алға, артқа, оңға, солға);
-сапта қарқынды ӛзгертіп шеңбер бойымен, бағытпен;
-басқа қимылдармен алмастырып жүру.
Жүгіру: 
-жұптасып және бір қатармен;
-аяқтың ұшымен, тізені жоғары кӛтеріп, адымдап, тыпырлап;
-бағытты ӛзгерте отырып;
-сызық арасы арқылы жіңішке жолмен;
-бір қатарға қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп жүгіру;



73
-ұстап алу арқылы;


-жылдам, тоқтамай баяу қарқынмен (1-1,5 мин);
-орташа жылдамдықпен (арақашықтығы 40-50 метр);
-оралып жүгіру 3 рет 10-20 метрден (жылдың соңында 5,5-6 секунд);
-жүрумен алмастыра (40-60 метр) жүгіру.
Секіру:
-аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға, екіншісі – артқа қойып, бір орында
тұрып жоғары;
-бір орында тұрып оңға, солға бұрылып;
-айналып;
-бір орында тұрып 20 рет, қос аяқтап (тоқтап және жүрумен алмастырып 2-3 рет
қайталау);
-арақашықтығы 2-3 метрге дейін алға қарай жылжып қос аяқтап секіру;
-4-6 сызықтан (арақашықтығы 40-50 см) бір орында тұрып ұзындыққа секіру;
-шеңберден шеңберге секіру;
-биіктігі 20-30 см болатын тереңдікке;
-биіктігі 5-10 см болатын 2-3 заттар арқылы тізбектеліп секіру;
-бір орында оң және сол аяқпен кезектестіріп;
-70 см-ден кем емес бір орында тұрып ұзындыққа;
-қысқа секіртпемен.
Лақтыру, қағып алу, домалату: 
-допты, шарды бір-біріне таяқшалар, жіптер, сызықтар арасынан бір затқа тигізе
отырып лақтыру;
-еркін бағытқа құрсауды домалату;
-допты жоғары лақтырып, қағып алу;
-допты еденге ұрып, қағып алу (қатарынан 3-4 рет);
-допты кеудеден қос қолмен бір-біріне лақтыру;
-отырып және тұрып допты тӛменнен, басынан асыра бір-біріне лақтыру;
-допты қос қолмен еденге ұру;
-допты оң және сол қолмен еденге ұру;
-затты тігінен және кӛлденеңінен дәлдеп 1,5-2 м арақашықтықта оң, сол қолмен
лақтыру;
-допты қабырғаға ұрып, қағып алу.
Еңбектеу және ӛрмелеу:
-6-8 метр арақашықтыққа тӛрт тағандап еңбектеу;
-биіктігі 40 см арқанның, доғаның, таяқтың астынан еңбектеу;
-заттар арасынан алақан мен табанға сүйене отырып еңбектеу;
-тіке және қырынан еңбектеу;
-орындық астынан ішпен еңбектеу;
-кӛлденең, еңкіш тақтай және орындық үстімен қолымен тартылу арқылы
еңбектеу;
-бӛрене үстімен еңбектеу;
-кӛлбеу сатының жиегінен ұстап ӛрмелеу;
-еденде бір қырымен тұрған сатының тақтайшаларының арасымен ӛрмелеу;
-гимнастикалық қабырға бойымен жоғары ӛрмелеп, тӛмен қарай қадаммен түсу;



74
-аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы оңға, солға;


-бір орыннан екінші орынға оңға, солға адымдау.
Тепе-теңдікті сақтау: 
-жүгіру барысында тоқтап, бағытты ӛзгертіп, ары қарай жүгіруді жалғастыру;
-тура және шеңбер бойымен, иректеліп қойылған жіптің бойымен жүру;
-басына қапшық (салмағы 400 грамм) қойып жіптің бойымен жүру;
-қабырғалы тақтай бойымен жүру;
-гимнастикалық орындық үстіне қойылған кубиктерді аттап, сатының
тақтайшалары арқылы жүру;
-кӛлбеу қойылған тақтайдың үстімен қолды түрлі жағдайда қойып жоғары-
тӛмен түсу;
-кӛлденең және еңкіш бӛрене бойымен тура және қырынан жүру;
-алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа айналу (қол белде).
Сапқа тұру, сап құрылымын ӛзгертіп қайта тұру: 
-ӛз еріктерімен сапқа бір қатармен тұру;
-кӛп емес топпен, екеуден, үшеуден және барлық топпен шеңбер болып, сап
түзеп тұру;
-сап түзеу және шашырау;
-бағытқа қарап түзеліп, тізбектеліп тұру;
-оңға, солға, айнала бұрылу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет