Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Балалар мекемесіндегі дене тәрбиесі мерекесі



бет158/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Балалар мекемесіндегі дене тәрбиесі мерекесі. Мереке балалардың
қалыпты, шат кӛңілді жағдайын, қимыл дағдыларын қалыптастыруда олардың
жетістіктерін кӛрсетеді. Қимыл мазмұнының динамикасына толы, таза ауада
ӛткізілген мереке балалар ӛміріндегі қуанышты оқиға болып табылады. Дене
тәрбиесі мерекесі бағдарламасының негізін балалардың белгілі бір уақыт
кезеңінде игерген қимыл дағдыларын бейнелейтін қимыл-қозғалыс ойындары
мен сан алуан дене жаттығулары құрауы керек. Жүйелі дене шынықтыру
сабақтарында игерілген ойындар, жаттығулар арнайы дайындықты талап
етпейді және балаларды зор рақат сезіміне бӛлейді. Мерекеге дайындалу
жоспарлы тәрбие жұмысына зиянын тигізбеуі керек. Уақыт жӛнінен ұзақтығын
үнемі ескермей мерекеге дейін «нӛмірді» сан рет қайталау балалардың дене
күшінің, психикасының шаршап-шалдығуын, қызығушылығының жоғалуын,
эмоциясының тоқырауын, оларды мерекеде жаттап алған сабақ ретінде
орындауын туғызады. Мереке балалармен жүргізілген жүйелі жұмыстың табиғи
нәтижесі болуы керек. Дене тәрбиесі мерекелері тек ӛздеріне ғана тән мазмұн
ерекшелігімен ӛзгешелене отырып, бағдарламасы мен құрылымы жӛнінен
мүлде сан алуан болуы мүмкін. Дене тәрбиесі (спорт) мерекесі күнделікті ӛмір
фонында балабақша аумағын (мереке ӛткізетін орынды) әдеттегіден тыс
безендірумен, дене шынықтыру құралдарымен тамаша сәндендірумен
ерекшеленеді: гүлдер, фонарлар, ленталар және с. с. балалалардың қуанышты
үмітін, мерекелік кӛңіл күйін туғызып, балалар ойнайтын алаңның қалыпты
түрін ӛзгертеді. Мереке процесінде эмоциялық ӛрлеу туғызатын, балаларды
қуанышты, сергек кӛңіл күймен біріктіретін музыка зор рӛл атқарады.
Мерекенің бірінші бӛлімі спорт парады формасында құрылуы мүмкін, ол
жеке командаларға бӛлінген, ӛздерінің вымпелдерімен, белгілерімен ӛтетін
балалардың жалпы салтанатты шеруімен басталады. Балалардың әнмен,
ӛлеңмен ұштасқан қимылдары жоғары эмоциялық ӛрлеу туғызады. Оның
ізінше балалар ӛздерінің ойындағы және жаттығулардағы жетістіктерін
кӛрсетулері мүмкін. Ересектер топтары ӛздеріне қолайлы жарысқа (жүгіруге,
лақтыруға, секіруге, т. б.), спорттық ойындар элементі қолданылатын
ойындарға қатысады.



277
Мерекенің екінші бӛлімі балалардың күшті қызығушылығын, сезімінің


жарқындығын, таңғалуын, қуанышын туғызатын сыйлық түрінде болуы
мүмкін. Мысалы, барлық балалар мен қонақтарды «тылсым орманға»
серуендеуге шақыру, ол орман алаңында қол ұстасып, ән салу, би билеу,
балаларға «сиқырлы дастарқаннан» шай беріп, дәм татқызумен аяқталады.
Мерекелер қыста да қызықты болады. Олардың мазмұны белгілі бір маусымға
тән балалардың қимыл-әрекеттерін құрайды. Ептілікті шыңдауға арналған
әртүрлі тапсырмалармен шана тебу, коньки теуіп ойнау, шаңғымен жүру,
хоккей ойнау, кӛңілді қимыл ойындары, ересектер немесе мектеп оқушылары
дайындаған, кӛпшілік билейтін күрделі емес билер және сыйлық жасау сәттері.
Қыс мерекесі жаңа жылдық шырша тӛңірегінде немесе белгілі бір тақырыпқа
құрылған ойын түрінде («Cолтүстікке сапар шегу», «Cаяхат жасау», т.б.)
ұйымдастырылуы мүмкін. Жоғарыда атап кӛрсетілгеніндей, бағдарламаның
негізін қыс айларына дейін балалар игеріп үлгерген қыс айларындағы дене
жаттығулары, ойындар құрайды. Әсем атрибуттар, музыка (баян, аккордеон)
оларды ерекшелендіреді, тартымды етеді. Қыс мерекесінде балалардың
орындауында әндер мен ӛлеңдер естілмейді, алайда музыка, жетекшінің
(ӛлеңмен немесе қара сӛзбен) үн қатуы мерекелік кӛңіл күйді туғызады,
балалардың жекелеген әрекеттері мен ойындарын біртұтас етіп біріктіреді.
Қуанышты таңырқау мен күлкінің бастауы ретінде сыйлық жасау сәтін
ересектер немесе мектеп оқушылары орындайды.

Балалар бақшасындағы дене жаттығулары мейрамдары балалардың


белсенді демалысының бір түрі - ол белгілі бір уақыт аралығында ойындарды,
дене жаттығуларын балалардың меңгеруі кезінде қол жеткен нәтижелерді
кӛрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа балаларға күтпеген жағдайларда
бағытты ӛзгертуден, зеректіктен, икемділіктен, күш сынасудан мерекелік
жағдайда жарысуға мүмкіндік туғызылады. Мейрамдар бір топ үшін де, бір
жастағы бірнеше топ пен жастары жӛнінен аралас топтар үшін де ӛткізіледі.
Мейрамды ӛткізу орны дене шынықтыру залы, алаң, хауыз (бассейн), мұз
айдыны, шаңғы жолы болуы мүмкін. Дене шынықтыру мейрамының маңызды
қорытындысы - бұл қатысудан, жеңуден, қарым-катынастан, бірігіп атқарған
қызметтен туындаған қуаныш пен шаттық. Қозғалыс белсенділігін
ұйымдастырудың ӛзге түрлеріне қарағанда, кез келген дене шынықтыру-
спорттық мейрамы үлкен дәрежеде баланың қимыл-қозғалысының сұранысына
сәйкес келеді, оның денесінің үйлесімді дамуына себепші болады.
Кез келген мейрамды ұйымдастыру - дайындықты, ӛткізуді,
қорытындысын шығару сатылары енетін күрделі, кӛп күш жұмсауды қажет
ететін процесс. Мейрамға дайындық - бұл сценарийді кұрастыру, атқаратын
жұмыс пен міндеттерді қатысушылардың арасында бӛлу, музыкалық
сүйемелдеуді таңдау, алаңды немесе залды безендіру, спорттық киімдерді,
эмблеманы, шақыруларды, т.б. дайындау.
Мейрамның жоспар-сценарийін құрастырғанда тӛмендегілерді орындау
қажет:



278
 ойындар мен тапсырмаларды жоғары дене жүктемесімен, сондай-ақ


күйзеліс-қиналысты
түсіруге
арналған
тапсырмалармен
кезектестіруді қарастыру;
 бұқаралық және жеке ойындар мен тапсырмаларды кезектестіру
баланың қатысуын, іс-қимылын оның жеке ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін есептей отырып бағалауды қарастыру;
 жаңа белгілерді, музыканы, кейіпкерлерді кірістіре отырып,
балаларға таныс және оларда жағымды сезімталдық жағдайды
туғызатын ойындар мен тапсырмаларды үйлестіру.
Мейрамның ұзақтығы қатысушылардың жасына сәйкес белгіленеді: 4-5
жастағы балалар үшін 45-50 минут; 6-7 жастағы балалар үшін 60-90 минут.
Егер мейрамға әртүрлі жастағы балалар мен ересектер қатысатын болса, онда
балалардың катысу ұзақтығы олардың жүйкесі мен дене мүмкіндіктерімен
анықталады. Дегенмен де, мейрам кез келген жағдайда 1,5 сағаттан артыққа
созылмауы керек, әйтпесе, қызығушылықты азайтатын шаршау пайда болады.
Мейрамға қатысушылар 4 жастан 7 жасқа дейінгі түрлі жастағы балалар да,
ересектер де болуы мүмкін. Мұндай мейрам, әдетте, қозғалыс ойындарынан,
атракциондардан, ермек ету жұбаныштарынан құрылады, оған (кезекпен
немесе бірдей жастағы азғантай топпен) барлық балалар қатысады, ал қол
ұстасып жүріп ән айту мен билер секілді кӛпшілікті қамтитын ойындарға
ынталылардың бәрі бір мезгілде қатыса алады. Мейрам бірдей жастағы немесе
сол жасқа жақын жастағы балаларды қосу негізінде де ұйымдастырылуы
мүмкін. Егер ол жарыстың элементтері бар ойындардан немесе спорттық
ойындардан құрылса, онда оның қатысушылары 5-7 жас аралығындағы балалар
болады. Мазмұндық ойындар мен музыкалық сыйлық басым болатын кӛңіл-
кӛтеру, саяхат жасау мейрамы болса, оған 4-6 жастағы балалар қатысады.
Мейрамды кӛңілді жарыс есебінде ӛткізуге болады, оған ата-аналары,
атасы мен әжесі, аға-інісі және апа-сіңлісі де қатыса алады. 2-3 жастағы балалар
да қатыса алатын жекелеген және арнайы ойындық тапсырмалары мен кӛпшілік
қатысатын әзіл-күлкілі эстафеталар да белгіленеді (ӛздерінің аға-апаларының
аяғының арасынан еңбектеп ӛту, әжелер үшін ӛзінің немересін қайткенде де
жылдам киіндіру тапсырмалары және т.б).
Мейрамның құрылымында шартты түрде 3 бӛлімді қарастыруға болады.
Бірінші кіріспе бӛлімі - қатысушылардың шеруі түрінде, ертегідегі
кейіпкерлердің күтпеген жерден немесе кӛпшілік қатысатын ойындарға,
атракционға және ойын-күлкіге барлығының да қатысуы керектігін айтатын
шақырушының шыға келуі түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Қыста мейрамды
ұзын шана поездың немесе үш ат жеккен шананың қозғалысынан да бастауға
болады. Су тасқынынан, ӛрттен, жер сілкінісінен зардап шеккендерді құтқару
үшін барлық батылдар мен күштілерді шақыратын дабыл қағу түрінде,
құтқарушылардың, саяхатшылардың, ғарышкерлердің ойын-мейрамы түрінде
де басталуы мүмкін.
Сабақтың басты міндеттерін шешуге бағытталған мейрамның негізгі
бӛлімі ойындар, жарыстар, атракциондар түріндегі тиісті қозғалыстар
мазмұнымен толықтырылады. Әр баланың қатысуын қарастырған маңызды.



279
Әдетте, "Бізде кім батыл?" немесе "Kім мына ойынды ойнағысы келеді?" деп


сұрақ-шақыруларға үнемі бір балалар ғана қол кӛтереді де, ал шешімсіз және
ұялшақ балалар жұмысқа (ойынға) қатыспайды. Бұл жағдайда былай жасауға
болады. Залға кіргенде әрбір бала билет алады (билеттің түрі, түсі, т.б. әртүрлі
болуы мүмкін), мейрамның барысында жүргізуші қоян түріндегі билеті
барларды "Cекіргіштер" жарысына қатысуға шақырады. Билеттерді әр баланың
ерекшеліктерін жақсы білетін ересек адам таратады. Жағымсыз сезімге тап
болмас үшін, кімге қандай билетті беру керектігін алдынала шешіп алған жӛн.
Егер мейрам кӛпшілікті қамтитын сипатта болса, онда жабдықтарды, қоятын
және жинайтын, музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, сыйлықтарды
тапсыратын, тәрбиешілер мен оқушы-балалардың ішінен жүргізушінің бірнеше
кӛмекшісі болғаны жӛн. Айқын байқалатын жарыстық бағыттағы мейрамда
жекелеген қатысушылардың немесе команданың кӛрсеткен ӛнерін уақытылы
бағалау маңызды. Бұл үшін алдын ала үш-бес адамнан қазылар (жюри) алқасы
сайланады және кӛрінетін жерге кӛрсеткіш тақта (табло) ілінеді. Ол дәстүрлі
немесе әдеттен тыс болуы да мүмкін, мысалы, құрылыс материалынан
тұрғызылған мұнара түрінде болуы мүмкін, кімнің мұнарасы биік тұрғызылса,
сол жеңіске жетеді және т.б.
Қорытынды шығарғанда жүргізуші ӛте әдепті, сыпайы болғаны жӛн:
ӛйткені балалар ӛте кінәмшіл болып келеді, олар ӛз қабілеттерін дұрыс
бағалай алмайды, сәтсіздіктеріне жаны қатты ауырады. Сондықтан,
біріншіден, командаларды дұрыс кұрған жӛн, олар күші жӛнінен және ер
балалар мен қыздардың саны тұрғысын да тең болуы тиіс. Екіншіден, жеңіс
және жеңіліс туралы ұқыпты түрде айту, балаларда үміт пен сенімділік рухын
колдау қажет. Мейрамның соңына карай ұқыпты түрде нәтижелерді теңестіру
немесе түрліше ретте (номинациямен) екі команданы да марапаттау керек,
мысалы, бірінші команда "Eң епті және жылдам", екіншісі "Eң ұйымшыл
және кӛңілді" деген ретте. Кез келген мейрамның шарықтау шегі күтпеген
сәттер болып табылады. Оның мазмұны мен күтілетін уақыты
қатысушылардың жасына байланысты. Кӛп

жағдайда күтілмеген сәт есебінде


ертегідегі кейіпкерлердің (ересектер, үлкен балалардың) күтпеген жағдайда
кӛрінуі пайдаланылады. Соңында "Tышқан аулау", "Әткеншектер" түріндегі
орташа қозғалыстағы кӛпшілік катысатын ойындарды (шеңберде болса
жақсы) ӛткізу, кӛпшілік үшін би ұйымдастыру орынды болады. Марапаттау
салтанатты және кӛтеріңкі жағдайда жүргізілуі тиіс. Эмблемаларды, үшкір
жалаушаларды (вымпелдерді), кәде-сыйларды (сувенирлерді) топтағы ең
кӛрнекті, құрметгі орынға орналастырған дұрыс болады. Егер бұл жеке
сыйлық болып және оны балалар үйге алғысы келсе, балалар бӛлмесінен
"жеңіс" бұрышын тауып, қоюға ата-аналарға кеңес берген жӛн. Бұл салауатты
ӛмір салтын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Дене жаттығуларымен шұғылдануға орнықты кызығушылықты балаларда
қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет