Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет168/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Жүгіріп келіп биіктікке секіру. Берілген жаттығудың даму деңгейін есепке
алу үшін бағаналарға жіп байланады (мектепке дайындық тобы үшін биіктік-40
см, ересектер тобы үшін-30 см, ортаңғы топ үшін-10 см). Балаларға екпінмен
жүгіріп барып секіру ұсынылады. Егер есепке алу үйде ӛткізілетін болса, онда
еденге екпінмен секіру үшін резина тӛсеніші, ал жерге түсуге гимнастикалық
тӛсеніш тӛселінеді, ал алаңда секіретін болса, онда құмды орға секіреді. Әрбір



292
секіруден кейін жіпті 5 см кӛтеріп отырады. Егер бала биіктікті ала алмаса,


онда оған алдыңғы әрекетінің нәтижесі жазылады. Екпінмен биіктікке секірудің
сандық және сапалық кӛрсеткіштері мынадай формада белгіленеді:

№ Ат
ы-


жӛ
ні
Сапалық кӛрсеткіштер
Сандық
кӛрсеткіштер,
см
Екпін
Қарғ
у
Серпіл
у
Түс
у
Тепе-теңдік
сақтау

Екпін алу шапшаң жасалған кезде жүгіріп келіп биіктікке секіру дұрыс


орындалады деп есептелінеді, бала бір аяғын жерге тірей кӛтеріліп, қарғығанда
екі аяғын да тізеден бүгеді; жерге түскенде ӛкшемен түсіп табанмен басады,
оның ӛзінде аяқтар тізеден бүгіледі; теп-теңдікті сақтау үшін қолдарын
алшақтата ұстап алға жіберіп, кеудесін тіктеп тұрып, қолдарын тӛмен түсіріп,
түскен орнынан кетеді. Егер екпінмен биіктіктен секіру техникасының кейбір
элементтері дұрыс орындалмаса, онда бағанға минус таңбасы қойылады.
Кішкентайлар тобында бұл дағдының даму деңгейі бір орыннан биіктікке,
биіктіктен тӛмен қарай заттан секіру арқылы анықталады. Жазу сандық, сапалық
кӛрсеткіштердің биіктікке секіру кестесі бойынша жүргізіледі. Мұнда «Eкпін»
бағанының орнына «Жиырылу» бағаны қойылады. Бір орыннан биіктікке секіру
мынадай жағдайда дұрыс орындалады деп есептеледі: бала жіптен 10-15 см
қашықтықта, жіпке бетін қаратып тұрса, аяқтарының арақашықтығын табан
жалпақтығымен бірдей етіп тұрады; жиырылғанда алғашқыда қолдарын алға-
жоғары созып, аяғының ұшымен кӛтеріледі де, қолын тӛмен артқа түсіреді, осы
мезгілде жартылай отырып, салмағын табанына салады да, кеудесін алға иеді;
серпілгенде аяғын бірден жазып, қолдарын алға қарай құлаштап, екі аяғымен
серпіледі; қарғығанда екі аяғы тізеден бүгіледі, жартылай бүгілген аяғының
басымен түсіп, қолдарын алға, жанына жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет