Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


 Тұрғындар арасындағы дене тәрбиесi



бет200/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   219
5.5.4. Тұрғындар арасындағы дене тәрбиесi 
Дене шынықтыру және спорт - ел азаматтарының денсаулығын
нығайтудың, жастарды рухани тәрбиелеудің және дене тәрбиесінің, салауатты
ӛмір салтын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Сол себепті
мемлекеттің осы саладағы бірінші кезектегі міндеті - ел халқының қалың
жігінің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына қол жеткізу.
Тұрғындар арасында дене шынықтыруды дамыту ынталы тиісті
құрылымды қалыптастыру жолымен жүзеге асырылуға тиіс. Ересек адам дене
шынықтыру-спорт қозғалысына ӛз еркімен қатысады. Ӛз күшімен құрылған
дене шынықтыру-спорт қозғалысы ынталандырудың тұтас жүйесі арқылы
ӛркендеуге тиіс.
Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтары елдегі дене шынықтыру
мен спорт қозғалысының негізі болуға тиіс. Дене шынықтыру-спорт
клубтарымен қатар барынша ыңғайлы жағдай, қызметтің кӛптеген түрлерін
ұсынатын спорт орталықтары да қатар дами алады.
Ӛңірлердегі бұқаралық-спорт және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы
тұрғындардың барлық жастағы топтары (еңбек ұжымдарында, халықтың
тұрғылықты жері мен демалыс орындарында, білім беру мекемелерінде) үшін
бұқаралық спорт түрлерінен қолжетімді жарыстардың санын кӛбейтуге
бағытталуға тиіс. Мұндай іс-шаралардың басты міндеті - адамдардың
күнделікті дене шынықтыру-сауықтыру жаттығуларына деген талпынысын
ынталандыру, оларды жарыс қызметіне тарту.
Ұлттық спорт түрлерін, ӛзіндік дене жаттығулары мен халық ойындарын
дамыту мәселесіне ерекше назар аудару және оларды халықтың дене



347
шынықтырумен және спортпен белсенді түрде шұғылдануға тарту пайдалану


қажет.
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардағы
қызметкерлердің жұмыс күні және жұмыстан кейін қалпына келу режимінде
дене шынықтыру-сауықтыру және спортпен шұғылдану құқықтары іске
асырылуға тиіс. Мемлекеттік органдардың, барлық меншік нысанындағы
кәсіпорындар мен ұйымдардың азаматтарды дене шынықтырумен және
спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, еңбекті ұйымдастыру және жұмыстан
кейін оңалтуды демалыс шаралары кешеніне енгізу үшін бірлескен күш-жігері
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет