Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ Мусеева Г. Н. - п.ғ.м., оқытушы, академик, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; Дахбай Б. - м.ғ.д., профессор, академик, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Бұл мақалада инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық қызмет көрсету жүйесі, оның мазмұны мен мақсат-міндеттері көрсетілген. Сонымен қатар, кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері анықталып, оларға берілетін логопедиялық көмек түрлері айқындалған. Негізгі ұғымдар: инклюзивті білім, логопедиялық қызмет жүйесі, сөйлеу тілінің бұзылыстары, логопедиялық түзету жұмысы, мұғалім-логопед. Инклюзивті мектептегі логопедиялық қыз-
мет жүйесі бастауыш сынып оқушыларының сөй-
леу тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде маңызды
орынның бірін алады. Логопедиялық қызмет
жүйесінің негізгі мақсаты – сөйлеу тілі кемшілік-
тері бар балаларды дер кезінде анықтап, оларға
тиісті түзету-педагогикалық көмек жүйесін көрсе-
ту болып табылады. Осы мақсаттарға орай бірқа-
тар міндеттері жүзеге асырылып, түзету-педаго-
гикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отыра-
ды. Осындай көмек көрсету түрі Қарағанды қала-
сының №27 жалпы білім беретін орта мектебінде
2012-2013 оқу жылының қазан айында құрылған
психологиялық-педагогикалық
көмек
қызметі
жүзеге асырады. Оның құрылымына мектеп әкім-
шілігі,
психологтары,
логопедтері,
мұғалім-
дефектологтар мен сынып жетекшілері кіреді.
Логопедиялық қызметтер жүйесінің міндеттері
жұмыс бағытымен өте тығыз байланыста бола-
ды. Жалпы логопедиялық қызметтің келесідей
бағыттары бар: диагностикалық, түзету және ал-
дын алу бағыттары.
Соңғы жылдары ғылым мен практиканың
жаңашыл жетістіктерін ескере отырып, нақты
теориялық негізделуі бар, алынған нәтижелерді
бағалауды біршама жеңілдететін сандық көрсет-
кіштер және саралауға ұсынылған диагностика-
лық әдістемелер кешенін құрастырудың бастама-
лары жасалып келеді. А. Р. Лурия ұсынған
(1973), яғни балаға қойылған диагноз бен түзету
әдістемесін нақтылайтын неврологиялық симпто-
матиканы анықтаушы нейропсихологиялық әдіс-
темелер кешенін қолдану аса маңызды қызығу-
шылықты тудырады. Сөйлеу тілі бұзылыстары
бар балаларды терең зерттеу үшін И.Ф.
Марковская жеке тапсырмаларды орындаудың
сандық көрсеткішерін қолданады (1977), ал ол өз
кезегінде қойылған диагнозды нақтылайды.
Дефектология ғылымында маңызды орын-
ды кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу
тілі дамуын бағалауға арналған диагностикалық
жүйені құру тәжірибелері алады. Диагностикалық
әдістемелерді
дәрігерлер
қолданады:
психоневрологтар, психиатрлар, невропатолог-
тар және дефектологтар, сонымен қатар психо-
логтар мен логопедтер. Қолданылатын диагнос-
тикалық әдістемелердің тиімсіздігі, диагнос-тика-
ның әлсіздігі клиникалық, педагогикалық және
логопедиялық тексеру мәліметтерімен көрінбей
қалады. Көптеген жағдайларда дәрігер патоло-
гияның қандай да бір маңызды неврологиялық
белгілерін таппай қалатынын және дамудағы
ауытқушылық ерекшеліктерін анықтау үшін әдіс-
темелерді қолданатынын айта кеткен жөн. Қол-
даныстағы тәжірибелердегі тілдік бұзылыстарды
дифференциалды түрде диагностикалау қиын-
датылған, себебі барлық ұсынылған әдістемелер
вербалды болып келеді [1, 43-48 б.].
Диагностикалық және түзету әдістемеле-
ріне келесідей талаптар қойылады: материалдар
мен оларды орындау шарттары балалар үшін
барлық көрсеткіштері бойынша барынша қолже-
тімді әрі түсінікті болуы керек; әдістемелерге кез-
дейсоқ себептердің әсерін болдырмайтын, бірқа-
лыпты тапсырмалар сериясы қосылуы керек.
Қойылған талаптарға сәйкес сөйлеу тілін
диагностикалау және түзету, артикуляциялық
моториканы, мимикалық қимылдарды, тілдің про-
содикалық жағын (дауыстың тембрі, күші, интона-
циялық мәнерлілік, логикалық екпін) дамыту