Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
ІІІ блок – бағалау, бақылау. Мақсаты:
тілдік және тұлғалық даму динамикасын, тұрақ-
тылық дәрежесін, рецидивтің жоқтығын бағалау.
Әдістері: ата-аналардың есептері, екіншілік тек-
серу, бірінші және екіншілік тексеру нәтижелерін
салыстырмалы түрде талдау.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын диагностикалау.
Қазіргі таңда сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету
және диагностикалау мәселесі – аса өзекті
мәселелердің бірі. Бұл таңғаларлық жайт емес,
себебі Қазақстан өз тарихында ең күрделі,
кеселді, сонымен қатар динамикалық кезеңді
басынан өткеруде. Күнкөріс деңгейі төмен отба-
сылардың саны шарықтап кетті. Сөйлеу пато-ло-
гиясы, оның этиологиясы мен логопат балалар-
дың әлеуметтік бейімделуі мәселесі бойынша ғы-
лыми әдебиеттің талдауына жүгінсек, қазіргі
Қазақстандағы балалардың жағдайы жұртшы-
лықтың көңілінде негізделген үрей тудырады.
Балалардың тек 14%-ның дені сау, жартысының
денсаулық жағдайында кемістіктері бар болса,
балалардың 35% созылмалы сырқаттарға шал-
дыққан. 1990 жылдары «децелерация» термині
пайда болды. Ол балалардың дамуы мен өсуінің
тежелуімен, яғни даму мен өсудің баяу қарқыны-
мен сипатталады. Бұл қатерлі топтың балала-
рында аса жиі кездесетін құбылыс. Әсіресе
көшіп-қонуға мәжбүр болған қашқындардың, жал-
ғыз басты аналардың, жұмыссыздардың, сондай-
ақ тұрмыс жағдайы нашар отбасылардан шыққан
балалардың жағдайы аса мүшкіл.
Логопедиялық тексерудің негізгі мақсаты –
сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтау, сөйлеу тілі-
нің даму ерекшеліктерін, деңгейін, оның ойлау
деңгейіне сәйкестілігін, логопедиялық түзету жұ-
мыстарына қажетті жағдайды айқындау.
Логопедиялық қызмет төмендегі бағыттар-
да жүзеге асады:
1. Диагностикалық тексерудің негізіне сай
балаларды арнаулы білім ұйымдарына іріктеу
және балалардың даму деңгейіне, психология-
лық даму ерекшеліктеріне, мүмкіншіліктеріне сай
педагогикалық қолайлы жағдайды анықтау.
2. Сөйлеу тілінің дамуында әртүрлі кемістігі
бар туғанынан 18 жасқа дейінгі балаларды диаг-
ностикалау, жеке кеңестер беру (солардың ішін-
де арнаулы түзету-педагогикалық мекемелерге
бағытталмаған балалар да жатады).
3. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды айқын-
дау және статистикалық есепке алу, оларға қа-
жетті көмек беру үшін білім, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қорғау мекемесімен бірге тығыз бай-
ланыста жұмыстар жүргізу.
Сөйлеу тілін тексеруге арналған әдістемелік нұсқау: Балалардың сөздерді дұрыс дыбыстау
ерекшеліктерін анықтау үшін кеңінен танымал
стандартты әдістемені қолдануға болады. Бала-
лардың тек жекелеген сөздерде ғана емес, фра-
заларды айтқанда дыбыстарды қалай айтатынын
тексеру аса маңызды. Осы мақсатта атаула-
рында тексерілетін дыбыстар әр түрлі позиция-
ларда орналасқан сюжеттік суреттер мен заттар-
дың
жиынтығы
қолданылады.
Дыбыстарды
дұрыс ажырату дағдысын қалыптастыру үшін ба-
лаға атауларында жіктелетін дыбыстардың екеуі
де болатын суреттер (з-с. ж-ш, б-п, г-к, л-р) және
атаулары бір ғана дыбыспен ажыратылатын
сөздер (тар-тал, ас-аш) ұсынылады [3, 58-61 б.].
Дыбыстардың дұрыс айтылуын тексерген
кезде дыбыстың айтылмауын немесе алмасты-
рылып айтуын ғана емес, сондай-ақ айтылудың
айқындығына, нақтылығына, олардың жіктелуіне,
сөйлеу тілі қарқынының ерекшеліктеріне, сөйлеу
тынысына да назар аудару қажет.
Сөйлеу тілін зерттеу қорытындысы кестеге
толтырылады, онда (+) белгісімен дұрыс дыбыс-
талу, дыбыстарды жіктей білу, сөйлеу мен тыныс
алудың қарқынын бағыттай білу дағдылары бел-
гіленсе, (-) белгісі дыбыстарды түсіріп айту, олар-
ды жіктей алмау, сөйлеу қарқынын бағыттай бі-