Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 179
3) Арготизмдер кәсіби сөзден гөрі жал-
пыхалық тіліне көбірек тарап, қарапайым сөйлеу
тілінде жиі қолданылады» [3, 39-б.].
«Сленг – белгілі бір кәсіп, мамандық
немесе әлеуметтік топ адамдары қолданатын
сөздер мен сөйлемшелер» [10, 254-б.].
«Сленг – ерекше тарихи түрде қалыптас-
қан және жоғары не төмен деңгейдегі сөйлеуші-
лердің барлық сатысына ортақ тілдік норманың
нұсқасы болып табылады.
Сленг – бұл лексикалық құбылыс.
Сленг – бұл әдеби емес лексика, яғни
қазіргі әдеби норманың талаптарына сай әдеби
тілге жатпайды.
Сленг – бұл ең алдымен ауызекі тілде
пайда болатын және қолданылатын лексика.
Сленг – эмоционалды бояуға ие лексика.
Сленг – басым көпшілік сөз бен сөз тіркес-
терінің біршама айқын көрсетілген дөрекі мәнері-
мен сипатталады.
Көптеген сленг сөздері мен сөйлемшеле-
рінің дөрекі эмоционалдық бояуы бір-бірінен өз-
геше реңктермен ерекшеленеді (әзілқой, келе-
келі, мысқылды, менсінбеген, кеміткен, елемеген,
дөрекі және тіпті өрескел)» [11, 1.6; 8-10-б.].
«Арготизмдер сөйлеу тілі лексикасының
дамуына әсер еткенімен, әдеби тілді дамытпай-
ды» [3, 62-б.]. Жаргонизмдер мен сленг сөздер
де әдеби тілімізді дамытпайтыны, нормаға қай-
шы келетіні рас. Десек те жастардың тілінде кез-
десетін осындай айрықша қолданыстар – тіліміз-
де бар құбылыс. Сондықтан да қазіргідей ақпа-
раттану қоғамында жаргонизмдер, арготизмдер
мен сленг сөздерді өз алдына жеке қарастыру
бүгінгі күн талабына айналып отыр.
Көріп отырғанымыздай, жоғарыда термин-
дерге берілген анықтамалардың өзінде бірізділік
жоқ. Сондықтан да терминдердің мән-мазмұнын
дәл, толық беретіндей анықтамаларды бірізге
түсіру қажет.
«Бұрын
топтық
және
кәсіби
жаргон
сөздердің қолданысы шектелген болса, соңғы
жылдары мұндай сөздер қалыптасқан әдеби
нормалармен жарыса қолданылып, филолог сту-
денттер тілінің бір элементіне айналып отыр.
Мұндай стиль бір жағынан, жастардың бірін-бірі
түсінуіне жағдай жасайды да, олардың басын
біріктіреді, екінші жағынан оларды қоғамдағы
басқа әлеуметтік топтардан ерекшелеп, оқшау-
лап тұрады» [14, 19-б.].
Төменде 13-23 жас аралығындағы жасөспі-
рімдер мен студент жастардың тілінде қолданы-
латын сленг сөздердің тізімін ұсынып отырмыз. «Тормозы ұстап қалды» - бір жағдайдан шешім
таба алмай қалды, осыған синоним ретінде