АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
178
Бүгінгі
күні
баспасөз
бен
ғаламтор
беттерінде қоғамдық пікір туғызып жүрген жас-
тар-дың ауызекі тілдесуінде кездесетін ерекше
қолданыстар
туралы
мәселе
лингвистер
назарынан да тыс қалып жатқан жоқ.
«Тормозы
ұстап
қалды»,
«зависать
етіп
қалды»,
«базаржоқ», «толпамен келу», «типаж болу»,
«косякқа кіргізу», «зелень алып келу»,«құлаққа
лапша ілу», «капустаға қарау», «счетчик қою»,
«ала көзімен стрелять ету», «шпор жасау»,
«маяк тастау» сияқты жастардың ауызекі
сөйлеу тілінде қолданылатын жаргон сөздер
туралы пікір екіге бөлініп отыр. Тілшілер мұны
тілдік тұрғыдан зерттеу керек десе, қоғамдық
пікір сөзді орнымен жұмсай білген дұрыс дейді.
«Сөйлеу тілі лексикасынан диалект, кітаби
сөз, жаргондарды да бөлуге болмайды. Сондық-
тан, сөйлеу тілі лексикасын
әдеби сөйлеу тілі
лексикасы, бейәдеби сөйлеу тілі лексикасы деп
бөлуге болады» [1, 41-б.]. «Қарапайым сөздер де
ауызекі сөйлеу тіліндегі лексиконның бір саласы»
[2, 93-б.] деген ғалымдардың пікірлерін негізге
ала отырып студенттер мен оқушылардың ауы-
зекі сөйлеу тілінде кездесетін сленг сөздер мен
жалпы жастар тілінде қолданылатын жаргон сөз-
дерді де сөйлеу тіліндегі лексиконның бір саласы
ретінде қарастырылып жүрген қарапайым сөз-
дердің қатарында зерттеп қарастырған жөн деп
ойлаймыз. Себебі, жаргон, аргон, сленг сөздер
де қарапайым сөздер
сияқты ауызекі сөйлеу
тілінде ғана қолданылады.
Қазақ тіл білімінде сленг сөздер
жаргон
және арго сөздердің құрамында қарастырылып
жүргені болмаса, әлі күнге арнайы зерттеу тақы-
рыбы болған емес. Дегенмен де бұның өзіндік се-
бептері
де
бар.
Бұл
жөнінде
зерттеуші
Г.Т.Нұрпейісова: «Сленг, жаргон және аргоны
бір-бірінен ажырата білуіміз керек. Сленгтің жар-
гон, аргодан негізгі айырмашылығы қолданушы
топтың жас ерекшелігі мен кәсіби біліктілігінен
көрініс табады» [3, 1-б.], - дейді. Сленг, жаргон
және арго терминдерінің арақатысын анықтау
барысында лингвистикалық сөздіктерге шолу жа-
садық.
«Жаргон
(франц.
jargon)
–
шағын
әлеуметтік топ қолданатын, ешқандай жеке тілдік
дербестігі жоқ жалпыхалықтық тілдің тармағы[4,
130-б.]. Жаргонизм – тілдің белгілі бір жаргонына
жататын
сөздер
мен
сөз
орамдары.
Мысалы:
майлау (пара беру), бармақ басу, көз
қысу, сабан астынан жіберу, ізін білдірмеу» [5,
123-б.].» Лингвистикалық түсіндірме сөздікте:
«Арго (фр.argot) – бір немесе бірнеше табиғи
тілдердің өзгерген элементтерінен құралған,
кейбір
шектеулі
кәсіби
әлеуметтік
топтың
айрықша тілі [2, 5-б.]». Тіл білімі терминдерінің
түсіндірме
сөздігінде:
«Арго
(фр.argot)
–
адамдардың белгілі
бір әлеуметтік және кәсіби
шағын топтарына ғана түсінікті тіл» [5, 32-б.].
«Арготизмдер – қандай да бір арго тілінің әдеби
тілде жұмсалатын сөздері мен сөз орамдары» [5,
45-б.]. «Арго – сөйлеудің әлеуметтік түрі, тар
кәсіби немесе өзіндік жолымен меңгерілетін
(мағыналық және сөзжасамдық тұрғыдан) кең
қолданыстағы лексикамен сипатталады» [5, 45-
б.]. «Арготизм – адамдардың белгілі бір әлеумет-
тік және кәсіби шағын топтарына ғана түсінікті
шартты сөздер. Мысалы: оқушылар қолданатын
шпор (шпаргалка), шұқыр-басыр (жасыр, тық),
общаг (общежитие); ұрылар
қолданған апсар-
жапсар (ұрланған нәрсе жапсарда тұр), үй таза
ма? (үйде кісі жоқ па?); саудагерлер қолданған
шіріңкене (дәнекерші саудагердің алатын ақы-
сы), дақ үстінде (ақы өз алдына бөлек), сүйке
(соқ), супен (сүйкімсіз), майданшік (пойыздағы
ұры) т.б. Әрбір буын арасына дыбыс қосып
(көбінесе ф, п, з, р) ежелеп сөйлеудің де арголық
сипаты бар, өйткені ежелеп сөйлеуде де айтыла-
тын хабардың басқаларға түсініксіз болуы көзде-
леді» [5, 32-б.].
Жоғарыда аталған терминдер сөздігінде
жаргон мен арго
терминдеріне анықтама беру-
мен қатар олардың ара жігін ажырату мәселелері
де қарастырылған. Олардың негізгі айырым бел-
гілері мен ұқсастықтары туралы негізгі пікірлер
мынаған саяды:
Жаргонға тән белгілер: жаргонның жалпы
халықтық тілден айырмашылығы оның лексикасы
мен фразеологиясында. Жаргон аргомен мағы-
налас, оның аргодан айырмасы жаргон жағым-
сыз (қорлау, жақтырмау) ұғымда қолданылады.
Мыс.: супен (сүйкімсіз), ылай, көк мойын, ащы
(арақ), телик (теледидар) т.б.» [5, 130-б.]. Жаргон
– аргомен барабар болса да, пейоративтік кем-
сіту, қорлау, менсінбеу мәні бар [9, 123-б.].
Аргоны
ажыратуға
қызмет
ететін
белгілер: Арго қоғамнан ерекшелену мақсаты-
мен, сөздердің құпиялығын сақтау үшін қолданы-
лады [2, 23-б.]. Арго
халықтың сөйлеу тілінен
ерекше сөз және сөз орамдарымен ерекшеле-
неді; өзіне тән фонетикалық жүйесі, грамматика-
лық құрылысы болмайды; өзіндік сөз және сөз
орамдарының жалпы халық тілінде баламасы
болады. Арго кейде жаргонға синоним ретінде
қолданылады [5, 32-б.]. Көбінесе шарттылық, жа-
сандылық, «құпиялық» элементтерге ие болады.
Арго әңгіме тақырыбын жасыру үшін, сондай-ақ
әлеуметтік бір топтың
қоғамның басқа бөлігінен
оқшаулану құралы ретінде қолданылады. Мыс.,
спорт аргосы, ұрылар аргосы, кедейлер аргосы
[9, 45-б.].
«Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты оқу құра-
лында арготизмдердің кәсіби сөздерден үш түрлі
өзгешелігі былайша сипатталады:
1) Олар
ешқашан
негізгі
сөз
бола
алмайды, белгілі ұғымды басқа сөзбен жарыс-
палы түрде аңғартады.
2) Кәсіби сөздер бейтарап стильде қол-
данылса,
арготизмдер
экспрессивтік-стильдік
бояулы болып келеді.