Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 176
жұмысының сәттірек болуы, оның негізгі тұлға-
лық қасиетіне, кәсіби қызметіне сай лайықталған
мінезі сәйкес келуінеде байланысты. Педагог
үшін ең басымды кәсіби және тұлғалық қасиеттер
қатарында кәсіби біліктілік, зияткерлік, бәсекеге
қабілеттілік, шығармашылық тұлға қабілеттері
болуы тиіс».[9, 125 б.]
Қорыта келгенде, адамгершілік-тәрбиелеу
факторлары негізгі болып саналады. Яғни оның
ішінде де оқушының адамгершілік тұрғыдан
жетілуіне негіз болатын оқу-тәрбиелік үдерістер-
дің сан алуан түрлеріне нұқсан келтірмейтін фак-
торлар алынады.
Осы факторларға талдау жасау нәтижесін-
де адамгершілік тәрбиенің кешенді сипаты анық
байқалды. Оның көпфакторлығы мен одан
туындайтын басқару күрделілігі, яғни тұлғаны да-
мытуға бағытталған ықпалдарды басқару күрде-
лілігі жинақтала келіп, адамгершілік тәрбиені
басқару үдерісін құрайды. Сонымен, адамгер-
шілік құлық дегеніміз не?
Адам мінез-құлқы адамгершілікті болады
егер, адам өзінің әрбір әрекетін, қимылын, ісін
алдын ала ойланып, білім тәжірибесіне сәйкес,
ең дұрыс әрі таңдаулы шешімді қабылдап барып
орындайтын болса, алдында кездескен мәселе-
лерді шешуде дұрыс жол таба алады. Ал сенімді
құлық болу үшін адамның ішкі тұрақты ойы,
пайымдауы көмек береді. Ой мен істің үйлесім-
ділігі – кез келген жағдаяттағы адамгершілікті құ-
лықтың сенімді кепілі бола алады. Және адам
бойындағы ой тұрақтылығы жаңа пайда болған
күтпеген жағдаяттардан тығырыққа тірелмей, ой-
ланып шешім табуға мүмкіндік береді.
Оқыту үдерісінде адамгершілік тәриесі
жүйесінің негізгі қызметтері жүзеге асырылуы
тиіс. Әсіресе жоғары оқу орындарында осы
тәрбие түрі толық көріне бермейді. Жеке алып
қарайтын болсақ, оқу ісіне бақылау жасау, басқа-
рудың бір бөлігі ретінде оқушылардың моральды
пікірлерін толық қалыптастыратын құрал ретінде
көріне алмай келеді. Сондай-ақ көп жағдайларда
педагог адамгершілікті-тәрбиелік мақсатты оқыту
үдерісінде аса маңызды деп санамайды.
Оқыту үдерісінде оқушы тұлғасына адам-
гершілік тұрғыдан әсерететін барлық факторлар-
дың ықпалын қалыптастыру қажет (ішкі және
сыртқы, тікелей және жанама), сондай-ақ осы
факторлар
ықпалының
нәтижесінде
оқушы
мінезіндегі өзгерістерді ескеру, оқу ісінің осы
факторларға тәуелді немесе тәуелді емес екенін
айқындау.
Адамгершілікті-тәрбиелік кешенді фактор-
лардың ықпалын басқару оқушы бойында адам-
гершіліктік уәждерді, оң мінез-құлықтарды, ру-
хани құндылықтарды сіңіру мақсатында белсенді
жұмыс жасайды, сонымен қатар, оқытудың
субъективті-адамгершіліктік
мәнін
оқытудың
объективті мазмұнымен толықтыруға бейімдейді.
Нәтижесінде оқыту үдерісі оқушы үшін жетекші
моральды қажеттілік ретінде танылады.
Оқыту ісінің мазмұны сол пәнге енген
барлық мазмұнды аша білуі тиіс. Сондай-ақ, сол
пәнге органикалық тұрғыдан тән моральдық
ақпараттармен де толығуы тиіс.
Оқыту үдерісі оқушының адамгершілік
санасындағы барлық компоненттерді өзектендіре
алуы тиіс. Яғни оқушының эмоционалды, рацио-
налды таным қырларында да қатар белсенді қыз-
мет атқара алатындай деңгейге жеткізуі тиіс (уәж
табу, мақсат қою, пайымдау, білімін пайдалана
алу).
Оқытудың мазмұны мен әдісі оқушының
танымдық
және
құндылыққа
бағытталған
қызметерін белсенді етуі тиіс. Нәтижесінде мо-
ральды ақпарат тұлғаның ішкі бір қасиетіне, оны
басқаратын моральды реттегішке айналады.
ЖОО өміріндегі барлық салаларға тән
адамгершілік тәрбиесінің сан түрлі ықпалдарын
өзара байланыстыру. Оқу үдерісіне адамгершілік
тәрбиесін тиімді енгізу студенттің ортадағы
ұжымдық қатынастардың жетілуі арқылы қалып-
тасуы мүмкін. Себебі ұжымдық ортада әрбір
ұжым мүшелері бір біріне моральдық қатынас та-
лаптарын қоя алады, студенттік топтарда қоғам-
дық пікірлердің алуандылығы әрбір тұлғаны
адамгершілік тұрғысынан тәрбиеленуге итермел-
ейді, моральды-психологиялық жағымды орта қа-
лыптастырады.
Зияткерлік әлеуетті қалыптастыру үдерісін-
дегі басты бағыттаушы жол – бұл идеал, үлгі.
Осы үлгі немесе идеал арқылы тұлға өзін өзі же-
тілдіру барысында өзінің ішкі рухани әлемін қа-
лыптастыруға талпынады. Бұндай жағдайда
адамгершілік тәрбиесінің мақсаты –эстетикалық
тәрбиемен органикалық тұрғыдан байланыста
бола отырып, адамгершілікті әрі эстетикалық
идеал тұтастығындағы рухты адам бойына сіңіру.
Адамгершілік және эстетикалық идеалдар-
дың ортақ қасиеттері өте көп. Олардың негізгі
ажыратушы белгілері нысанында адамгершілік
идеалдың
нысаны
объективті
адамгершілік
құлықтары болса, эстетикалық иделадың нысаны
– эстетикалық құндылықтар болып саналады.
Бұл құндылықтар мен құлықтық қасиеттер қоғам-
дық-тарихи өмірдің дамуына байланысты өзгер-
мелі болады. Екі идеал да адамгершілік және эс-
тетикалық бағаның ең жоғарғы критерийлері деп
есептеледі. Осы идеалдар арқылы ақиқат бол-
мысты бейнелеу көп жылдарғы тәжірибені әрі
нормативті сипатты талап етеді, себебі шабыт-
тану үшін қажетті құндылықтар ғана емес, объек-
тивті үрдісті, даму заңдылықтарын бейнелейтін
міндетті құндылықтар да орын алған.
Бірақ адамгершілікті және эстетикалық
идеалдардың өзара ықпалына талдау жасау үшін
тек ортақ қасиеттері мен белгілерін санамалап
шығу ғана емес, сондай-ақ олардың әрқайсысы-
на тән ерекше қасиеттерін де жеке анықтау
қажет етіледі. Негізінен адамгершілік және эсте-
тикалық идеалдар біріккенде болашақтағы нағыз
зиялы адамның нормативті бейнесін ұсынар еді.