Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 22
мыңдаған жылдар бұрын тарихи оқиғалардың,
табиғи көріністердің негізінде өмірге келіп, ұлттық
санамызда сақталған, ақындарымыз жырлаған,
жүректерімізде жатталған.
Сорақысы сол, облысымызда шығатын
«Учительский плюс» [2013 ж. №34 20 қыркүйек, 8
бет.] газетінде былай деп жазылған: «Долгое
время озеро называлось Безымянным и сейчас
речь идет о возрождении названия Инспекторс-
кое, закрепившегося в народе, когда здесь жил
Ы. Алтынсарин – инспектор казахских школ в
Тургайской области». Осындай ұят нәрселерге
неге өзіміз жол береміз? Әлде, бұл заманда са-
тылмаған нәрсе қалмағаны ма? Осы жағдайды
дұрыстау керек. Қажет болса «Жер», «Табиғатты
қорғау», «Ономастика», «Тіл туралы» заңдарға
шұғыл өзгерістер енгізу керек шығар.
Жердің атауымен сол жерде тұрған елдің
атауы сәйкес келе бере ме? Келмесе сәйкестен-
діру қажет пе? Бүгінде нарық заманында ауылда-
ғы қожалықтың аты жер атымен, ел атымен ата-
лып жатса қателігі жоқ, ал сол қожалықтың аты-
мен тарихи жер аты, ел аты өзгеріп жатса бұл дұ-
рыс емес.
Ғылыми әдебиеттерде халықтық, отар-
шылдық, әміршілдік негізінде пайда болған атау-
ларға жіктеліп, нақты ұғымдар ретінде қалып-
тасу үстінде.
Халықтық атаулар деп негізінен қай жер,
қай халықты алып қарасақ та онда қолданыла-
тын географиялық жер атауларын сол жерді мәң-
гілік жайлап келген халықтың атап қалыптастыр-
ған елді мекен, жер-су атауларын ұғынамыз. Мы-
салы,
облысымыздағы
Қарабалық
ауданын
алайық. Онда бүгінгі ресми атаулардың орнында
тарихи атаулар халық жадында сақталған. Атап
айтсақ, Гурьяновка – Арық, Веселый Кут – Ал-
дияр, Ельшанка – Шолан, Котлованный – Еңбек,
Белоглинка – Мыңбай, Научный – Қыпшақ жері,
Святославка – Еркіншілік, Дальний – Сүлікті,
Подгородка – Сомжүрек, Новотроицк – Шаған,
Борисовка – Ақтасты, Огнеупорный – Иманбай,
Победа – Бірлік, Лесной – Қызыл шырпы,
Славянский – Қарағайлы, Рыбкино – Жадыра. Ал
енді бұл атауларды не істейміз? Бірден бәрін
өзгертеміз бе немесе біртіндеп пе? Әлде солай
қала ма? Бұл сұрақтарды қойып отырған себебім
– заңымызда елді мекендердің атауларын
өзгерткенде дауысқа салу керектігі айтылған.
Жаңа ауылға атау беріліп жатса дұрыс, ал
ықылым заманнан келе жатқан жердің де, елдің
де тарихи атауларын қайтаруда дауысқа салу
дауға салу дер едім.
Біздер бірінші кезекте кезінде саясаттан-
дырылған, идеологияландырылған атаулардан
арылып, тарихи атауларды қайтарып және ол
атаулардың дұрыс жазылуын бірізділендіру
(Жаркөл – Джаркуль, Жамбыл – Джамбул, Дәмді
– Дамдинский, Қаратал – Каратальский т.с.с.
демей).
Материалдық теңдіктен рухани бостандық
жоғары, сондықтан қоғамда ұлттық құндылықтар-
дың
үстем
болуы,
тарихымызды
«кеңес
кеңістігінен», «отаршылдық» сатысынан өткізу,
осы біздер көңіл бөліп отырған тақырыбымыз –
елді мекен, жер-су атауларын өзгерту жоғарыда
айтылған мәселелерді шешуге үлкен ықпал
ететіні сөзсіз.
Егеменді ел болғаннан бері бұл саладағы
біздің міндет жер-су атауларын өзгерту емес, ке-
зінде еш негізсіз, заңсыз өзгертілген тарихи атау-
ларды қайтару, мүмкіндігінше қалпына келтіру.
Ал енді кейбіреулерде «Осы неге қажет?»
деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, елді
мекен, жер-су атаулары тегіннен тегін аталмай-
ды, олар ұлтымыздың, еліміздің тарихымен ты-
ғыз байланысты. Екіншіден, әр атауда міндетті
түрде мағына бар, сол мағыналы сөздер атауды
анық айқындауымыз керек. Үшіншіден, Отаны-
мыздағы елді мекендер, жер-сулардың атау-
ларының дұрыс жазылуы, дұрыс айтылуы еліміз-
дің, ұлтымыздың сауаттылығы мен мәдениеттілігі
деңгейінің көрсеткіші емес пе? Төртіншіден,
отансүйгіштік сана мен сезімді тәрбиелеуде орны
толмас өзіндік үлесі бар екендігі анық. Егер
бүгінгідей көптеген жер-су атаулары осылай қала
берсе, яғни басым көпшілігі өзге тілде аталып
жүрсе ертеңгі ұрпаққа қалай біз бұл ата-
бабаларыңыздың жері деп айта аламыз?
Тың игеру кезінде көптеген елді мекен-
дердің атаулары өзгертілді, жаңадан қоныс теп-
кендердің атаулары, келгендердің елді мекенде-
рінің атымен аталды. Мысалы, Московский, Ле-
нинградский, Севастопольский, Тагильский және
т.с.с. Егер елді мекен жаңа жерге салынып, жаңа
атауға ие болып жатса бір сәрі, ал тарихи атауы
бар елдің үстіне келіп, не жақын қоныстанып,
олардың атауларын өзгертіп қойғандар болса
мәселе басқаша. Онда тарихи атауды қайтару
дұрыс болар.
Осы елді мекен, жер-су атауларына кел-
генде өзіміз де қате жіберіп жатамыз. Ұлылары-
мыздың кезекті мерейтойларының қарсаңында
бір атауды екінші атауға, бір тарихи тұлғамызды
екіншісіне қарсы қойып жатамыз. Оған да абай
болып асықпай шешу керек.
Бүгінде уақыт талабына сай бір елді мекен-
дер өсіп-өркендеп дамып келеді, кейбіреулері
өшіп барады, болашағы жоқтары да бар. Ал, бо-
лашағы бар елді мекендердің атауларына көңіл
бөлген орынды болар. Әсіресе, аймақ атаулары-
на, себебі қазақ елінің картасында бірінші кезек-
те осы аймақ атаулары көрсетілетіні белгілі.
Жер-су атаулары біздің елімізде ертеден геогра-
фиялық ерекшеліктерге сай тарихи оқиғаларға
байланысты
аталатынын
ескерсек,
алдағы
уақытта ондай объектілерге адам есімдерін қою-
дан бас тартуымыз керек.
Жер-судың тарихи атауларын таза қазақ-
тандыру деп немесе басқа тілдердегі атауларды
қазақшалау деп қате де қысқа түсінбеуіміз керек.