Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 24
«Бір Алла пендесіне береді бақ, құлына зияны
жоқ болады жақ» – деп жазады. Осы жолдардан-
ақ оның Ислам дініне көзқарасын, Жаратушыны
мойындағанын айқын аңғарамыз.
Алланы жырға қосқан, оған мінажат қылған
ақындар Қостанай өңірінде де көп болған.
Мәселен, діндар ақын Нұржан Наушабайұлы:
«Хаққа құлсың тисе де төбең көкке,
Қалаусыз іс болад деп жүрме текке.
Ажал уақыты жетпесе сақтар Алла,
Төсіңді ашып шапсаң да зеңбірекке», – деп
пәтуаға келеді.
«Рабымсың, ырыздықты өзің беруші,
Не халімде екенімді білуші,
Бір өзіңе зар илеген мен ғаріп,
Әрбір іске разы болып, көнуші!», – деп
Аллаға мінәжат қылады.
Ақын «Алаш еді ұранымыз, дін-ислам
құранымыз, дүния-ақирет жайынан қолда жоқ еш
құралымыз, ата қоныс кетті қолдан, бұған бар ма
қыларымыз?!», – деп өмірді мағыналы өткізуге
шақырады. «Ескіден қалған есті сөз» кітабында
басылған Серғали Досовтың жазуымен қағазға
түскен Нұржанның жаңадан табылған термесі:
«Бісімілла, рахман-рахим!
Болмады төмен назарым,
Жер жүзіне жайылды
Насихат
болып
ғазалым»,
–
деген
жолдармен басталады.Нұржан белгілі кісілерге
жиі жыр арнап отырған. Мәселен, Сатыпалды
ишан қайтыс болғанда оған арнап мынандай
жыр шығарған:
«Сатыпалды ишан әулие
Фәниден өтті бақиға,
Дін мұсылман жұрты үшін
Қайғылы, ауыр оқиға.
Тізеңді бүгіп, қолың жай,
Арнап құран оқырға,
Жақсылығы көп елі
Жетім менен пақырға.
Дарақ егіп, жеміс сап
Өсіріп еді тақырға.
Тәлім берген сол еді
Біз секілді соқырға».
Сейітжан Бекшентайұлы да Нұржан секілді
діндар ақындар қатарына жатады. Ұлттық
қауіпсіздік
комитеті
Қостанай
облыстық
басқармасында
№
02754
мұрағат
(архив)
материалдарында сақталған ісінде Сейітжан
ақынның араб таңбасымен өзі қол қойған
өмірбаяндық деректері және берген жауабы
тігулі. Онда ақын 1874 жылы (туған-туыстарының
айтуына қарағанда, 1875 жылы туған) Оңтүстік
Қазақстан
(қазіргі
Қызылорда)
облысының
Қармақшы ауданында үшінші ауылда туғаны,
партияда болмағаны, орта шаруадан шыққаны
атап
көрсетілген.
1937
жылдың
20
желтоқсанында толтырылған анкетада оның
әйелінің есімі Айжан, тігінші болып жұмыс
істейтіні, ал қызы Зибаның тоғыз жаста екені
айтылған.Ақынның тұтқынға алынар алдындағы
тұрған жері Жітіқара қаласы (құжатта Жітіқара
приискісі деп көрсетілген), № 5 учаске, 8 март
көшесі, 353-ші үй деп атап жазылған. 1938 жылғы
13 ақпандағы шешім бойынша ақынды ату
жазасына
кеседі.
Үкім
1938
жылдың
16
ақпанында орындалған. Ақынның жерленген жері
туралы мәлімет жоқ.
Сейітжан ақын Алла бір, пайғамбар хақ
екендігін айтып, көпшілікті Құдайдан ұялуға,
харам іске бармауға, кісі ақысын жемеуге,
жаманшылық қылмауға үндейді.
«Біреуден біреу өнеді,
Уыстап тұқым шашқандай,
Рақымын көрсең Алланың,
Кілтсіз жұмақ ашқандай.
Қаһарын көрсең Алланың,
Тауларды тауға қосқандай,
Не жандар өтті дүниядан,
Жолбарыс
жүрек
арыстандай»,
–деп
тебіреніп, ала қарға - сауысқанға ұқсап шоқақтап
ғұмыр сүрмей, баянсыз өмірді мағыналы өткізуге
шақырады.
Ақынның көп өлеңі «бісімілла-рахман-
рахимнан» басталуының да өзіндік мәні бар.
Бісімілласыз іс қылмайтын ақын кәлиманың
мағынасын да, шариғаттың шарттарын да,
имандылық иірімдерін де жыр арқылы түсіндіріп,
насихаттайды. «Білмегенің болса, не молда, не
ақыннан сұрап біл!», – деп өсиет айта отырып:
«Күнім түнмен алысып,
Қараша тумай қауышып,
Заманым азып барады,
Жазым қысқа ауысып,
Кент болып, халқым, кетерсің,
Мал тұқымын тауысып.
Көрісу жоқ, құшақ жоқ,
Бір қолды ғана алысып,
Знаком, здрасти!
Сәлемге тілің шалысып,
Шариғаттан закония,
Озбаса еді жарысып?!
Әркім өзін жөн көріп,
Бетімен жүрсе қарысып», – дейді.
Абай айтқандай: «көк тұман – алдындағы
келер заманды» көріп, көңіліне секем кірген,
жақсылық пен жамандықтың ара жігін білген
көріпкел ақын:
«Мұхамбеттің үмбетін,
Қинай ма деп қорқамын.
Біз қой болсақ, ол қасқыр,
Шайнай
ма
деп
қорқамын»,
–
деп
термелетіп, болашаққа болжау жасайды.
Сейітжан Бекшентайұлына байланысты
тағы бір айта кететін жай, ел арасында, әсіресе
Қызылорда өңірінде насихат өлеңдер шығарып,
пiр атанған, дiн басшысы, ғұлама ғалым ретiнде
танылған кісілерді ахун деп атаған. Ахун деген
сөз парсы тiлiнде дiни ұстаз дегенді білдіреді
екен. Қытай және ұйғыр мұсылмандары өздерін
басқарушы имамдарды осы күні де ахун деп
атайды. Ел аузында: «Ахун-ишан белгiсi Кәләм-