Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет24/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
21
езическия период на Дунавските Българи 
//Изследования по Българска средновековна 
археология. Сборник в чест на проф. Рашо 
Рашев. – Болгария, 2007. – Фабер. – С. 11-123.
22 Peter B. Golden. An Introduction to the 
history of the Turkic peoples. Ethnogenezis and 
State-Formation in Medieval and Early Modern 
Eurasia and Middle East. – Otto Harrassowitz. – 
Wiesbaden, 1992. – 474 с. 
23 Peter B. Golden. An Introduction to the 
history of the Turkic peoples. Ethnogenezis and 
State-Formation in Medieval and Early Modern 
Eurasia and Middle East. – Otto Harrassowitz. – 
Wiesbaden, 1992. – 474 с.
24 Golden Peter B. Turkic Calques in 
Medieval Earstern Slavic //Nomads and their 
Neighbours in the Russian steppe. Journal of 
Turkish Studies 8. – Cambridge, MA. 1984. - 
Ashgate: Variorum, 2003. – P. 103-111.
УДК 94(574) 
 
ЖЕР ТАРИХЫ – ЕЛ ТАРИХЫ 
 
Жақып Қ. Х. - философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Ахмет Байтұрсынов 
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мұражайының меңгерушісі 
Нарықтық қатынастар кезіндегі ономастика мәселелері жайында. 
Негізгі ұғымдар: тарих, ел, ұлт, қазақ, халық. 
Тіл қандай көне қоғамдық санаға жатса, 
ата-мекен, жер-су атаулары да сондай есте жоқ 
ескі замандар қатпарында жатқан, мәңгілікке сақ-
талған тарихи сана. 
Қазіргі кезеңде қоғамдық пікірде тарихи 
сана мәселесіне үлкен мән беріліп отырғаны заң-
ды. Әсіресе, бүгінде ел етек-жеңін жинап, еге-
менді еліміздің іргетасы қаланып, дамыған елдер 
қатарына батыл қадаммен бара жатқанда өз ұл-
тының өткен тарихына үңіліп, зерделеп зейін 
қойып ұқыптылықпен білуге ұмтылу да құптарлық 
іс. 
Қазақстан елін дүние жүзі табиғат байлығы 
мол елдер қатарына жатқызады. Ол дұрыс па? 
Дұрыс. Ал жерді, жер астындағы байлықты ға-
сырлар бойы қорғап келген сол жер үстіндегі 
байлықты – қазақ халқын, оның тарихын, кімдер 
біліп, қалай қабылдап жатыр? 
Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзіміз-
ге толық таныта алмай келеміз. Өзінің туған жері-
нің, өскен өлкесінің, ер жеткен елінің тарихын 
білмеген, бағаламаған адам Отанының адал ұлы 
бола алар ма екен?! 
Байлықтың байлығы – ол ұлттың биік рухы. 
Елдің өзін өзі сыйлауы - өзінің ұлтын ер сезінуі. 
Осы тұрғыдан қозғау салып, пікір тартар толғағы 
жеткен мәселенің бірі – халқымыздың кіндік қаны 
тамған атамекен, жер атаулары жайында. Себе-
бі, географиялық жер атаулары ғасырлар бойы 
ұрпақтан ұрпаққа ауысып тұрақтанған «Жер та-
рихы – ел тарихы» деп танылған тарихи сананың 
бір 
көрінісіне 
жатады. 
Орыстың 
көрнекті 
жазушысы К. Г. Паустовский «Жер атаулары 
дегеніміз – халықтың өз елін ақындық тілмен 
бедерлеуі. Бұлар – халықтың мінез-құлқы, тари-
хы, ой-аңсары мен тұрмыс-салт ерекшеліктері ту-
ралы сыр шертеді» деген екен. 
Олай болса тарихи сана үзілген жерде ру-
хани тіршілік те үзіледі дегені емес пе? Осыны 
үнемі есте ұстайық. Жер атаулары, ел атаулары 
кездейсоқ нәрселер емес, олардың да өмірге ке-
лер өзіндік объективтік заңдылықтары бар. Қан-
дай мемлекетте болмасын, қандай ұлтта болма-
сын елді мекен, жер-су атаулары кездейсоқ ма-
ғынасыз аталуы мүмкін емес, олар себепсіз өмір-
ге келмейді, екі шартты алға салып келеді. Олар 
– себептілік пен тұрақтылық және бұл атаулар 
негізінде әр кез географиялық сипаттамаға неме-
се тарихи оқиғалармен тығыз байланысты болып 
келеді. Мысалы, Қаражар, Шиелі, Сұлуағаш, Қыз-
бел, Бестөбе, Қамыстыкөл, Тайсойған, Найза-
кескен, Қалмаққырған, т.с.с. және олардың ға-
сырлар бойы өзгермей тұрақты аталуы. 
Жақында Қостанай қаласының іргесіндегі 
Тобыл өзенінің жағасындағы «Инспектор көлін» 
біреулер жеке меншігіне алған. Ол көлдің атауы 
Ұлы Ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 
есімімен тығыз байланысты. Ы. Алтынсарин ке-
сенесі мемлекеттік деңгейдегі қандай құнды та-
рихи орын болып саналса, осы көл де сондай 
деңгейдегі орын емес пе? Ал, бүгінде ол көл аты 
«Безымянное» деп өзгертілгенін ел болып 
түсінбей отырмыз. Біріншіден, бұл мемлекет қор-
ғауында болуға тиісті тарихи орынды сатуға кім 
рұқсат берген? Екіншіден, қандай мекеме, қашан, 
не себепті атауы бар көлді «Атаусыз» (Безы-
мянное) деп жариялаған? Тіпті, Ы. Алтынсарин 
зиратына бара жатқан жолда көл жиегіне «Бе-
зымянное» деп жазып та қойған. 
Жер, су нысандарын сатып алу, жалға алу 
- нарық қоғамының айнымас заңы. Ал, жер бола 
ма, көл бола ма оларды жеке меншікке бергенде 
ешқашанда оның ежелгі тарихи атауын өзгертпеу 
- тарихымыздың айнымас заңы. Себебі, ол хал-
қымыздың тарихы, біздерден бұрынғы жүздеген, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет