Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет221/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
181
ның арасындағы байланыстарды анықтауға үй-
ретуге мүмкіндік береді, айнала қоршаған бол-
мысты өздігінше зерттеу дағдыларын қалыптас-
тыруға жағдай жасайды[2, 244]. 
Топсаяхаттар тікелей табиғатқа, музейлер-
ге, көрмелерге, ботаникалық баққа, зоопаркке, 
фабрикаларға т.б. жүргізіледі. Олар оқулық (бағ-
дарлама) және оқудан тыс (бағдарламадан тыс) 
болып бөлінеді. Оку экскурсияларын тақырыпты 
өткенге дейін (кіріспе топсаяхаттар, мысалға 3-
сыныпта жергілікті жер бетімен таныстыруға ар-
налған топсяхаттар), немесе тақырыпты өткен-
нен кейін (қорытынды топсаяхаттар, мысалға 2-
сыныпта әрбір жыл мезгілі өткеннен кейін) 
жүргізуге болады. 
Мұғалім әрбір топсаяхатты алдын ала тың-
ғылықты түрде дайындайды. 
Оның өзі алдын ала топсаяхат жүргізілетін 
жермен танысып, көңіл аударарлық сипатты 
обьектілерді 
табады; 
маршрутты, 
тоқтатуға 
қолайлы жерлерді қарап шығып, анықтайды; оқу-
шылардың өздігінше жүргізетін бақылауларының 
сипатын ойластырады; оқушылар коллекцияға 
(табиғатқа зиян келтірмеу) не жинайтынын 
анықтайды; топсаяхатты жүргізу жоспарын жа-
сайды; қорытынды әңгіме негізгі мәселелерді 
белгілейді. 
Топсаяхатқа оқушылар да дайын болуы 
керек. Мұғалім балаларды топсаяхаттың міндет-
терімен және мақсатымен таныстырады; топсая-
хат алдындағы сабақта оқушылардың алдын 
олар топсаяхатта шешуге тиісті мәселелерді 
қояды; табиғат материалын бақылауға және жи-
науға тапсырмалар бөледі [3,142]. 
Топсаяхаттың табысты өтуі көпшілік жағ-
дайда оны ұйымдастыруға байланысты. Осы 
мақсатпен сыныпты шағын топтарға (5-6 адам-
нан) бөліп, әр қайсысына тәртіпке және тапсыр-
маларды орындауға жауап беретін басшы та-
ғайындайды. Топсаяхаттың сипатына сәйкес әр 
топтың тиісті жабдығы; компас, күрек, гербарий 
папкасы, этикеткалар, кішкене банкілер, сачок, 
лупа т.б. болады. 
Ең бастысы – оқушылар табиғаттан нені 
және қалай көру, нені тану керектігін білуі керек. 
Зерттеу орны мен обьектілеріне сәйкес мұ-
ғалім топсаяхаттың құрылымын, жүргізу әдістерін 
анықтайды және жоспар – маршрут жасайды. 
Мысалға 2-сыныпта қысқы топсаяхатты 
былай өткізуге болады. 
Топсаяхаттың мазмұны: қыстың белгіле-
рін, қар мен мұздың қасиеттерін, жапырақты 
және қылқан жапырақты ағаштардың сипаты 
белгілерін анықтау; қыстайтын құстардың, өсім-
діктердің және аңдардың тіршілігін, адамның та-
биғат қорғауға байланысты әрекетін бақылау. 
Жұмыс әдістері мен түрлері: әңгімелесу, 
мұғалімнің әңгімесі, бақылаулар, практикалық
жұмыс, өздігінше, жұмыс, жиналған материалды 
өңдеу болып табылады. 
Маршрут және бақылау обьектілері: жол, 
бөген не көл, орман; қыстайтын құстар (қарға, 
ұзақ қарға, сауысқан, торғай, сары шымшық, то-
қылдақ, қызылбауыр); ағаштар (қайың, жөке, 
емен, қарағай, шырша); қар астындағы өсімдік-
тер; қабықтың немесе ескі түбірдің астындағы 
құрттар мен олардың личинкалары; қардағы 
іздер. 
Топсаяхат кезінде балалар кейбір ағаштар 
мен бұталардың бұтақтары мен жемістерін, 
қабық бөлшектерін, шөптердің құрғақ сабақтарын 
жинайды; қар астынан жасыл өсімдіктерді қазып 
алады. Егер балалр орманна құстар шоқып тас-
таған, тиін мүжіген бүрлер немес басқа бір орман 
тіршілігінің іздерін тапса, онда оларды да сынып-
қа алып келу керек. Егер мұғалім, немесе оқушы 
бірнеше фотосуреттер түсірсе, тіпті жақсы бо-
лады.
Оқушылардың адамның табиғат қорғау 
жөніндегі іс-әрекетін көргені жөн (құстарға үстеме 
жем беру, жасанды ұялар, құстар мен басқа да 
хайуанаттарға жем беретін жер т.б.) 
Топсаяхат соңында мұғалім мына сұрақтар 
бойынша әңгіме өткізеді: Қыста жапырақты және 
қылқан жапырақты ағаштар мен бұталар қандай 
күйде болады? Өсімдік тіршілігі үшін қардың 
қандай мәні бар? Қыста орманда, орманға бара-
тын жолда, бөгенде немес көлде қандай жануар-
ларды көруге болады? Қыстайтын құстар немен 
қоректенеді? 
Келесі күндері балалар табиғат мүйісінде 
топсаяхат материалдарынан көрме жабдықтай-
ды. Жиналған материалдарды дүниетанудан зат-
тық сабақтарда, сонымен бірге оқу, сурет, еңбек 
сабақтарында пайдалануға болады [3,173б]. 
Мұндай топсаяхаттар тек білімдік қана 
емес (балалардың маусымдардың негізі белгіле-
рін және соларға байланысты өсімдіктер мен жа-
нуарлар дүниесінде өтетін өзгерістерді ұғуы), 
сонымен бірге тәрбиелік те міндеттер қояды. 1-
сыныптың өзінде – ақ балалардың табиғатқа 
сүйіспеншілігін тәрбиелеу, олардың қоршаған 
табиғаттан әсемдіктерді көре білуіне көмектесу, 
оларға үлкен сезім мен ой әлемін ашу, балады 
табиғаттың қорғаушыларына, достарына ай-
налдыру қажет. 
Бастауыш сыныптарда табиғатпен таныс-
тыру мектеп оқушыларын қуанышқа бөлейді, 
олар өздерінің табиғатпен біртұтастығын көріп, 
түсіне отырып, табиғат байлықтарын сақтауға 
және көбейтуге қамқорлық жасайды және жаны 
күйеді. В.А.Сухомлинский топсаяхат кезінде, 
жалпы балалар табиғатпен әрбір жанасқан 
сайын олар табиғат – біздің үйіміз, табиғат біздің 
үйіміз, табиғат біздің өзіміздің бір бөлшегіміз, ал 
табиғатқа селсоқ қарау - өз тағдырымызға қалай 
болса солай қарау деген шындық екендігі жайын-
да ойланулары үшін оларға әлемді көрсету керек 
деген болатын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет