Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН САЯХАТ ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ Султанбекова Ж. Х. - аға оқытушы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Нурова А. К. - аға оқытушы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Дүниетанудан сабақ беру үрдісінде топсаяхаттарға үлкен орын беріледі. Топсаяхат оқушылардың зерттейтін обьектілері мен құбылыстарын табиғи немес қолдан тудырған жағдайда қабылдауына негізделеді. Топсаяхаттардың мазмұны мұнан бұрынғы сабақтарда өтілген материалмен тікелей байланысты болады. Сонымен бірге, топсаяхатта алынған түсініктер бақылау нәтижелері және жиналған материалдарды кейінгі сабақтарда пайдаланылады. Топсаяхат - дүниетану ұғымдарын анықтап, кеңейтуге, логикалық ойын дамытуға, эстетикалық сезімдеді тәрбиелеуге, оқушылардың табиғатты бақылау қабілеттерін артыруға көмектеседі. Негізгі ұғымдар: педагогика. Бастауыш мектепте дүниетанудан сабақ
беру үрдісінде топсаяхаттарға үлкен орын бері-
леді. Топсаяхат оқушылардың зерттейтін обьекті-
лері мен құбылыстарын табиғи немес қолдан
тудырған жағдайда қабылдауына негізделеді.
Топсаяхаттардың мазмұны мұнан бұрынғы
сабақтарда өтілген материалмен тікелей байла-
нысты болуы керек. Сонымен бірге топсаяхатта
алынған түсініктер бақылау нәтижелері және жи-
налған материалдарды кейінгі сабақтарда пайда-
ланылады.
Топсаяхаттардың танымдық және тәрбие-
лік үлкен мәні бар. Олар оқушылардың білімін ке-
ңейтіп тереңдетеді. Балалар табиғат обьектіле-
рін табиғи ортада көреді өсімдіктердің топырақ-
пен жануарлардың өсімдікпен өзара байланысын
бақылайды. Бұл оқушылардың табиғаттың бар-
лық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты бо-
лып келетінін, біртұтастығы туралы түсінігін
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сынып сабақ-
тарында, топсаяхаттарда қабылданған жеке
ұғымдар «табиғат» деген анағұрлым кең ұғымға
бірігеді.Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі оқу-
шыларды топсаяхаттарда жергілікті жерде бағ-
дарлай білуге, бақылауға, салыстыруға, табиғат-
тың бақыланатынын заттары мен құбылыстары-