Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 185
рекшеленеді, соны бақылап, салыстырыңдар. 2.
Шөптсін өсімдіктерді табыңдар және олардың
қазіргі түр-тұрпатын айтып беріңдер. 3. Ерте
гүлдейтін өсімдік терді: ағаштарды, бұталарды,
шөптерді табыңдар.
Топсаяхат
өтетін
жерге
келген
соң
оқушылар алған тапсырмаларын орындайды. Ал-
ғашқы тапсырмаларын орындаған соң балалар
мұғалімнің жанына жиналады да өз бақылаула-
рының нәтижелерін айтады. Мұғалім ағаштардың
жапырақтарының көктемде қолға жабысқыш, хош
иісті екені, ал бұтақтарында жапырақтан басқа
сырғалары да бар екенін, олар қайыңның гүлі
екенін,
олардың
жапырарақтардан
бұрын
шығатынын атап өтеді, Балалар бүршік жарып,
жапырақ шығарғанымен әлі де гүл ашпаған
мойыл бұталары жайлы әңгімелеп береді.
Екінші тапсырманы орындап балалар
жердің жас көк шөп жамылғанын айтады. Ол қар
астында қалып, қыстап шыққан, жақсы сақталған
түп тамырлардан өсті.
Содан соң оқушылар ерте гүлдеген шөпте-
сін өсімдіктерді; бәйшешектерді (қаз жуа, өгей-
шөп,
балшытыр),
гүлдеген
бұталардың
бұтақтарын (ырғай, мойыл, берескелет және
т.б.), гүлдген ағаштарды (қайың, тал, қызыл тал
және т.б.).
Үшінші тапсырманы орындар алдында
мұғалім балаларға міндетті түрде өсімдіктерді
қажетті мөлшерде ғана жинауды (әр топқа бір не
екіден) ескертіп және оны қадағалауы керек.
Жиналған өсімдіктерден бірден гербарий жасау
керек.
Содан кейін мұғалім балалардың назарын
көптеген жәндіктер мен құстарға аударады. Ол
тыныш тұрып құстардың даусы мен орманның
шуылын тыңдауды ұсынады.
Соңында оқушылар көктемгі жылу және өлі
табиғаттағы өзгерісетр өсімдіктер мен жануар-
лардың өміріне ықпал жасады: ағаштар мен бұ-
талардың жапырақтары өсіп жер-жерге жас көк
шөптер шыға бастады, жәндіктер оянып, жылы
аймаққа ұшып кеткен құстар қайтып келді деп
қорытады [7,259б].
Оқушыларды жылына екі рет, күзде және
көктемде, табиғат аясына топсеруенге шығару
кезінде, оқушылар өздері бақылап, байқаған
табиғаттың жергілікті ерекшеліктері мен адам-
дардың шаруашылық әрекетінен жер бедерінің
өзгеруіне
және
әр
түрлі
нысаналар
мен
аймақтарды салыстыруға үйренеді. Табиғатта
өткізілетін
топсеруен
оқушылардың
кеңістік
жайындағы түсінігінің дамуына, көзбен және
қарапайым тәсілдердің көмегімен қашықтықты
және биіктікті анықтаудың әдістерін үйренуіне,
сондай-ақ тұсбағдар бойынша және жергілікті
жердің белгілеріне қарай сол жерді бағдарлауы-
на аса мол мүмкіндік береді. Топсеруен бағыты-
ның жергілікті ерекшеліктерін және оқушылардың
әзірлігін ескере отырып, мұғалім жүру бағыты-
ның біріншісінен екіншісіне өткенде, кейде жеке
аялдамада, сол әдістердің кейбіреуін үйретуді
ұйымдастырады [8,127б].
Оқушыларды топсеруенге шығару, мұғалім
мен оқушылардың тыңғылықты әзірлігін қажет
етеді. Мұғалімнің әзірлігіне мыналар жатады:
- топсеруеннің мақсаты мен міндеттерін
тұжырымдау;
- баратын бағытты белгілеу, жүргізілу
жоспарын жасап, жобасызбасын жасап, мектеп
басшылығына бекіттіру;
- топсерун кезінде тоқтайтын аялдама-
лардың саны мен орнын, әр аялдамада оқушы-
лармен істелетін жұмыстардың мазмұны мен
әдісін анықтау;
- топсеруен материалдарын дүниетану
сабақтарында пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.
Топсеруенннің міндеттері:
1. Жергілікті жердің нақты материалдары
негізінде өсімдік пен топырақтың қалыптасуын
көрсету.
2. Адамдардың шаруашылық әрекетінен
жер бедерінің өзгеруін, қалыптасуын көрсету.
Топсеруенге әзірлік.
Оқушыларды алдын ала топсеруен мақса-
тымен, таңдап алған бағытымен, жол жүру кезін-
дегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Жол жүру-
ге ыңғайлы киімдер киюге және өздерімен бірге
қағаз, қалам, дәптер, қарындаш, сызғыш, өшіргіш
алу, жол қапшықтарына тамақ салып алуды
үйрету.
Топсеруеннің жүргізілуі.
Мектеп ауласына жиналған оқушыларды
түгендеп, баратын бағыт бойынша жолға шығу.
Бұл топсаяхатта оқушылар төмендегідей
мәліметтермен танысады:
1. ауыл тарихы, ауылды ауыз сумен
қамтамасыз етілумен;
2. адамдардың шаруашылық әрекетінен
табиғаттың бүлінуі, жер бедерінің өзгеруі (жы-
ралардың пайда болуы);
3. жер асты суларының жинақталуы, оның
жер бетіне шығуы;
4. өсімдіктер (шалғын шөптер, балдырлар,
жуа), жануарлар (суыр, түлкі, қарсақ, т.б.)
дүниесімен танысады;
5. өздері көрген, байқаған дүниелеріне
сипаттама жазады.
Оқушыларға берілетін тапсырмалар:
1. Топсеруен кезіндегі көргендері туралы,
алған әсерлері туралы үйден әңгіме жазып келу.
2. Оқушыларға топсеруенге шығу кезіндегі
алға қойған мақсаттары орындалғандығын, оқу
жылы ішіндегі алған білімдерін жинақтап, бүгінгі
көргендерімен
салыстыру,
сипаттама
беру
тапсырылады.
Бастауыш сыныптардың мұғалімі топсая-
хаттарда дүниетану ұғымдарын анықтап, кеңей-
туге, логикалық ойды дамытуға, эстетикалық
сезімдеді тәрбиелеуге, оқушылардың табиғатты
бақылау қабілеттілігіне байланысты жұмыс жүр-
гізуі керек.