Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет222/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
182
Топсаяхаттың табысты өтуі көп жағдайда 
мұғалімге, оның бірлігіне табиғатты сүюне, бала-
лардың көңілін таба білуіне байланысты. 
Балалардың көргендері оларды эстетика-
лық тәрбиелеуге әсер етіп, олардың көз алдына 
нақтылы бейне елестетіндей, олардың қырағы-
лығын арттырып, ойын, тілін поэзиялық бейне-
лермен байытатындай болуы керек. Бұл мақсат-
та табиғатта поэзиялық тұрғыдан сипаттайтын 
жерлері бар көркем шығармалардан үзінділер 
оқуды қолдануға болады. Егер балалар топсая-
хатта шаршаса, немес мұғалім қайсы бір обьек-
тіге көбірек назар аудару керектігін сезсе, ол үшін 
қызықты сұрақтар мен жұмбақтар пайдалануға 
болады. 
3-сыныптағы топсаяхаттар өз өлкесін, өз 
жерін зерттеумен байланысты. Әрбір топсаяхат-
тың алдында мұғалім үлкен дайындық жұмысын 
атқаруы керек: жергілікті жердің планымен белгі-
ленген маршрут бойынша жеке табиғат элемент-
терімен танысады өз жерінің өсімдіктері мен жа-
нуарлары туралы оқиды, оқушыларға жеке дара 
тапсырмалар дайындайды т.б. Әсіресе, топсая-
хаттар кезінде балалардың өздігінше жұмыс 
істеуіне көңіл бөлу керек.
Топсаяхатта 3-сынып оқушыларының төбе 
және оның биікттігі, жазық, жыра, жергілікті суат-
тар (өзен, көл, бөген), олардың орналасуы, 
еркшеліктері, адамның шаруашылыққа пайдала-
нуы дұрыс түсініктері қалыптасады. 
Өсімдік пен жануарлар дүниесімен таныс-
тыруды бәрінен де комплекстік топсаяхаттар 
кезінде ұйымдастырған жөн. Жануарлар мен 
өсімдіктер арасындағы байланыстар мен өзара 
тәуелділіктерді оқушылардың өздері ашатындай 
жағдайға ұмтылу керек. Мәселен, суатқа топсая-
хат кезінде бұл байланысты негізінен құрттармен 
(наксикомдар) қоректенетін көлбақаның мысалы-
нан көрсетуге болады. Көлбақаларды құрту суат 
маңында маса шіркейлердің орасан зор мөлшер-
де көбейіп кетуіне апарып соғады. .[4,28б] 
Топсаяхатта жиналған материал қажетті 
түрде жабдықталады да әр түрлі сабақтарда пай-
даланылады. 
Табиғаттағы 
маусымдық 
өзгерістермен 
танысу үшін бақылаулармен қатар бағдарламада 
топсаяхаттар өткізілу де қарастырылады. Таби-
ғатқа бірінші топсаяхатты мұғалім балаларға күз-
дің бастапқы кезінде табиғатта не болып жатқа-
нын балаларға көрсету мақсатымен өткізеді. 
Балалрды топсаяхатқа апармастан бұрын 
мұғалім топсаяхат өтетін жерді зерттеуге: орман-
ның немес парктің жапырақты және қылқан жа-
пырақты өсімдіктері өсеттін жерін таңдап алуға, 
мектептен баратын неғұрлым қысқа да қолайлы 
жолды, әңгімелесу және демалу үшін орындарды 
белгілеуге тиіс. 
Топсаяхаттың тақырыбы: «Күздің бас-
тапқы кезіндегі орманның немес парктің көрініс-
імен танысу». 
Топсаяхаттың мақсаты: күздің басталу 
белгілерін бақылау, жапырақты ағаштармен та-
нысу. 
Жабдықтар: өсімдіктеге арналған папка-
лар, тұқым жинауға арналған қорапшалар. 
Оқушыларды 
топсаяхатқа 
дайындау. 
Топсаяхат мұғалім мынадай сұрақтар бойынша 
әңгіме өткізеді: қандай орман (парк) мектепте ең 
жақын жерге орналасқан? Ормандағы (парктегі) 
қандай ағаштарды білесіңдер? Жазда ағаш-тар-
дың жапырақтарының түсі қандай еді? Жазда 
шөптің түсі қандай болады? Жазда орманна не 
жинадыңдар? Қандай саңырауқұлақтаррды біле-
сіңдер? Біздің орманда қандай жидектер өседі? 
Қазір жылдың қай мезгілі? 
Мұғалім оқушыларға орманға (паркке) 
жасалатын топсаяхат туралы хабарлап, оның 
мақсатын, өткізіллетін орнын айтады. 
Топсаяхаттың барысы. Топсаяхат ба-
сында балалар ауа райын бақылайды. Олар 
көшеде жылы немес салқын екенін, аспанның 
қаншалықты бұлтты екенін белгілейді. Содан соң 
мұғалім балалардың назарын күзгі орманның 
сұлулығына аударып, алуан түрлі бояуларды 
атап өтіп, шөптерді, жолдарға түсіп қалған, аяқ 
астында 
сылдырлап 
жатқан 
жапырақтарды 
көрсетіп, орманда (паркте) қандай ағаштар 
өсетінін сұрайды. Ол ақ қайыңды тауып, ол 
туралы айтып беруді ұсынады: қайыңның діңінің 
түсі қандай? Қайыңның жапырақтары қандай? 
Олардың формасы қандай? Түсі қандай? Мұға-
лім балалардың назарын қайыңның сырғаларына 
аударып, оның ішінде тұқымы болатынын, егер 
олар жерге түссе, одан жаңа ағаш өсіп шығаты-
нын айтып береді. Ол балаларға қайыңдардың 
жас бұтасын көрсетеді. 
Мұғалім жаңа тапсырма береді: еменді 
табу және «қай ағаш биииік – емен бе немес 
қайың ба?»-деген сұраққа жауп беру (салыстыру 
үшін үлкен еменді алу қажет). Қай ағаштың діңі 
жуан? Қайсысының жапырағы үлкенірек, еменнің 
бе немес қайыңның ба? (Балалар еменнің жапы-
рағын қарап шығып қайыңның жапырағымен 
салыстырады). 
Еменнің 
жапырағының 
түсі 
қандай? 
Содан соң мұғалім орманда өсіп тұрған бұ-
таны өзі көрсетеді де ағаштың бұтадан айырма-
шылығы жөнінде айтып береді ( ағаштың діңі 
біреу, ал бұтаның діңі көп; ағаштың діңі жуан, ал 
бұтаның діңі жіңішке; ағаш биік, ал бұта аласа). 
Топсаяхатта бақылау обьктісі жануарлар 
да болуы қажет. Бірінші сынып оқушылары жән-
діктерді де (көбелектерді, араларды, шыбындар-
ды және басқаларды) көруі, құстардың сайраға-
ны естілмейді деп белгілеуі де мүмкін. 
Тыныққан соң балалар өздері топсаяхатта 
танысқан ағаштар мен бұтақтардың тұқымы мен 
жапырақтарын жинайды. Мұғалімнің топсаяхат 
соңында оларға «Күз» деген өлеңін оқып беруіне 
болады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет