Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақмола облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата15.03.2017
өлшемі5,97 Mb.
#9812
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Логистикалық  (оның  ішінде  кӛліктік)  қызметтер  келесі  қағидалар  мен 
ережелерге негізделеді: 
•   әрбір кӛрсетілетін қызмет алушыға бірегей; 
•      соңында  кӛрсетілген  қызметтен  бар  қалатыны  –  ақпаратқа  қатысты 
түйсік;  
•   қызмет (немесе оның бір бӛлігі) рециклденбейді; 
•   кӛрсетілген қызметті қайта жӛндеуге болмайды; 
•   кӛрсетілген қызмет қайта кӛрсету мүмкін емес; 
•  жақсы кӛрсетілген қызмет тез ұмытылуы мүмкін, ал нашар кӛрсетілген 
қызмет – кӛпке дейін есте сақталуы мүмкін.  
Соңғы  кездері  логистикалық  қызметтердің  қызметтер  индустриясы  мен 
компаниялар және қызметкерлердің санын қоса есептегенде, маңыздылығы күн 

 
272 
санап артып, кеңейіп келеді. Логистикалық делдалдар тобы кӛрсетілетін қызмет 
тауардың ӛтуіне тікелей байланысты сервистің кәсіпорны атанады, сәйкесінше 
кӛрсетілетін  қызмет  құны  ӛндіріске  жұмсалған  қаражаттан  асып  түсуі  әбден 
мүмкін екендігін айта кеткен жӛн.  
Қызмет  кӛрсету  сферасының  жұмысы  клиенттердің  талаптарын  мүмкін 
болса  аз  шығындану  арқылы  да  толығымен  қанағаттандыру  арқылы  жүзеге 
асырылуы  тиіс.  Алайда  күні  бүгін  олардың  ерекшеліктеріне  байланысты 
қызмет  сапасын  бағалауға  арналған  кеңінен  қолданылатын  тиімді  әдістер 
жоқтың қасы, бұл тӛмендегідей жағдайға саяды: 
-сезілмейтін  қызмет  (ұсынылатын  қызметті  ұстап  кӛру  мүмкін  емес); 
қызметті тұтынушы кӛбінесе қызмет кӛрсету үрдісіне ӛзі қатысады; 
-қызметті тұтынушы аталмыш қызметтердің иесі атанбайды; 
-қызмет  кӛрсету  —  бұл  үрдіс,  оны  тӛлем  енгізу  алдында  тестілеуден 
ӛткізу мүмкін емес; 
-қызмет  кӛрсету  үрдісі  кішігірім  іс-әрекеттерден  құралуы  мүмкін,  бұл 
жағдайда қызмет сапасы оның қорытынды бағасына тәуелді болмақ. 
Тұтынушы  кӛрсетілген  қызметті  бағалау  кезінде,  алған  қызмет  сапасын 
болжанған  күйімен  салыстырады.  Егер  аталған  жағдайда  қызмет  сапалары 
сәйкес келсе немесе соған жақын болса, қызмет сапасы қанағаттанарлық немесе 
келісуге боларлық болып саналады.  Клиенттің тұтынушылық болжамы келесі 
параметрлерге негізделеді: 
-    сӛйлесу  арқылы  (естіп-білу),  яғни  қызмет  тұтынушыларының  қызмет 
сапасы туралы ӛзара бір-біріне жеткізетін ақпараттар; 
-  жеке  қажеттіліктер  (клиенттің  сапа  жӛніндегі  түсінігі  мен  оның 
мүддесі); 
-  тәжірибе, яғни бұрын-соңды кӛрсетілген ұқсас қызмет; 
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсетін сыртқы коммуникациялар 
(хабарландырулар): радио, теледидар, пресса. 
Соңғы  кездерде  логистика  саласы  сервистік  ағындарды  басқарумен 
айналысып  келеді,  ӛйткені  кӛптеген  фирмалар  тек  дайын  ӛнім  шығарумен 
шектеліп  қоймай,  сонымен  қатар  ілеспе  қызметтер  кӛрсетуге  қауқарлы.  
Логистикалық  тәсіл  тек  қызмет  кӛрсететін,  оның  ішінде  кӛліктік  қызмет 
кӛрсететін  кәсіпорындар  үшін  мақсатты  әрі  тиімді  болып  табылады.  Кӛлік 
қызметіне деген сұраныс кӛбінесе ӛңірдегі кӛлік түрлеріне, олардың бір жүйеге 
шоғырлануы  мен  кӛлік  түрлері  бойынша  бекітілген  тарифтерге,  сондай-ақ 
кӛрсетілетін  қызмет  сапасы  мен  сұрыптылығына  тәуелді  болып  келеді.  Кӛлік 
қызметтерінің 
маңыздылығы 
нарықтық 
экономика 
мен 
оның 
инфрақұрылымының  дамуы  желісінде  айтарлықтай  арта  түседі  және  бұл 
жағдай барлық мемлекеттерге тән.  
Нарықтық экономикасы бар елдерде логистиканың ендірілуіне орай кӛлік 
саласындағы  саясат  қайта  қарастырылуда.  Кӛлік  тауар  айналымы  жүйесінде 
басым  мағынаға  ие.  Алдағы  уақытта  кӛліктің  жекелеген  түрлерінің  техника-
эксплуатациялық  ерекшеліктері  кӛлік  қызметі  нарығында,  әсіресе  кішігірім 
жӛнелтілімдер  тасымалына  деген  жоғары  сұраныс  жағдайында  сенімді  орнын 

 
273 
ойып  алуын  қамтамасыз  етеді  деп  күтіледі.  Сәйкесінше,  жүктің 
автоматтандырылған  түрде  ӛңделуі,  контейнерлендіру  мен  пакеттеп  орау 
үрдістері және жүк-тасымал жұмыстары саласындағы информатиканың дамуын 
жылдамдатуға әсер етпек.  
Кӛліктік қызметті ұйымдастыру саласында екі бағыт қарастырылады: 
1)  кӛрсетілетін  қызмет  ассортиментінің  клиенттің  айрықша  талаптарына 
бейімделуі; 
2) бар қызметтің пайдалы жүзеге асырылуы мақсатында кӛлік қызметіне 
деген сұраныстың белсенді қалыптасуы. 
Тұтынушылардың алуан түрлі топтарына олардың нақты қажеттіліктеріне 
сәйкес  қызмет  кӛрсетілуі  тиіс.  Қазіргі  таңда  тасымалдау  кӛлемінің  артуы 
еліміздегі  логистикалық  жүйенің  дамуына  ықпалы  ӛте  зор.  Логистикалық 
жүйенің даму арқасында біз Елбасымыздың жаңа экономикалық саясаты  «100 
нақты  қадам»  бағдарламысының  инфрақұрылымдық  реформаларын  жүзеге 
асыру міндеттері тұр. 
 
Әдебиеттер: 
 
1. Транспортная логистика. Миротин Л.Б. Москва, 2002 ж., 506 б. 
2. Транспортная логистика в перевозочном процессе. Куанышбаев Ж.М., 
Сулейменов  Т.Н.,  Арпабеков  М.И.,  Айдикенова  Н.К.,  Адилова  Н-Д.У.  Астана 
ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2014 ж., 198 б. 
3. Транспортная логистика. Сулейменов Т.Б., Миротин Л.Б., Москва, 1996 
г., 230 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
274 
«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ» секциясы 
Секция «ЭКОЛОГИЯ И ПРИРОДОПОЛЬЗОВАНИЕ» 
 
 
 
ПРИМЕНЕНИЕ БИОИНДИКАЦИОННОГО МЕТОДА ДЛЯ 
ОПРЕДЕЛЕНИЯ ВОЗДЕЙСТВИЯ ГОРНОГО ПРОИЗВОДСТВА  
НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ 
 
Абишева Галия Сериковна, 
Фахруденова Идия Булатовна 
КГУ им. Ш. Уалиханова, г. Кокшетау 
 
Загрязнение  окружающей  среды  токсичными  элементами  является  одной 
из  главных  экологических  проблем.  Развитие  промышленного  производства 
всегда  сопровождается  негативным  воздействием  на  окружающую  среду,  для 
оценки которого применяется экологический мониторинг [1]. 
В  результате  работы  горнодобывающих  производств  возникают 
определенные  риски,  которые  выражаются    воздействием  этих  комплексов  на 
компоненты  окружающей  среды  (атмосферу,  почвы,  поверхностные  и 
подземные  воды).  Исследованиями  установлено,  что  на  предприятиях  с 
открытым  способом  разработки  источниками  наибольшего  экологического 
риска являются выбросы и сбросы от технологических процессов на карьерах, 
от  процессов,  связанных  с  обогащением  руд,  с  поверхности  отходов 
производства (отвалов и хвостохранилищ). При этом источниками загрязнения 
атмосферы являются: карьеры, отвалы вскрышных пород, хвостохранилища [2].   
Литосферные  загрязнения  характеризуются  засорением  земной 
поверхности  твердыми  веществами,  пылью,  загрязнением  химическими 
веществами, а также закислением и раскислением почв различными растворами 
(жидкими 
веществами). 
Гидросферные 
загрязнения 
обусловлены 
проникновением  в  поверхностные  и  подземные  воды  различных  веществ. 
Загрязняющими  атмосферу  являются  газообразные,  парообразные,  жидкие  и 
твердые вещества.  
Для  определения  состояния  окружающей  среды  биоиндикационный 
метод  широко  применяется  для  оценки  воздействия  антропогенных  факторов 
при помощи биологических систем. Существуют биоиндикаторы реагирующие 
на  изменение  окружающей  среды.  В  качестве  таких  выступают  различные 
растения а также живые организмы [3]. 
В нашем исследовании мы выбираем одну из задач – изучение состояния 
почвенного покрова вблизи горного предприятия.  
Загрязнение  почвы  вызывается  различными  по  масштабу  и 
территориальному  распространению  различными  веществами,  влияющими  на 
почву,  почвенную  биоту,  совокупное  состояние  почвенной  экосистемы.  В 
настоящее  время  существует  ряд  подходов  к  проведению  экологического 

 
275 
мониторинга  токсического  загрязнения  почв,  при  этом  в  силу  высокой 
стоимости и сложности применение ряда из них оказывается ограниченным.  
В  основе  экологического  мониторинга  токсического  загрязнения  почвы  с 
использованием биологических тест-объектов лежит представление о том, что 
почва  как  среда  обитания  составляет  единую  систему  с  населяющими  ее 
различными организмами.  
Эффективным  подходом  для  определения  степени  токсичности  почв, 
загрязнѐнных  химическими  веществами,  является  использование  методов 
биотестирования. 
Почва выступает в роли фильтра, поглощающего и до некоторой степени 
обезвреживающего  токсичные  выбросы.  В  результате  многих  исследований  и 
наблюдений  установлено,  что  способность  почв  к  улучшению  окружающей 
среды  по  отношению  к  промышленным  загрязнениям  не  беспредельны.  При  
антропогенных  воздействиях  почва  сама  может  стать  средой,  токсичной  для 
роста  и  развития  растений,  источником  дополнительного  загрязнения 
экосистемы
.
   Вследствие чего необходимо контролировать состояние и состав 
почв при воздействии горного предприятия. 
Загрязнение почвы может повлиять на ее структуру, на состав и плотность 
горизонтов, что может привести к уменьшению плодородности. Это приводит к 
затруднению прорастания семян и проникновения корней в почву, замедлению 
роста  корней  и  побегов.  Для  определения  этих  изменений  используется 
широкий набор биологических методов.  
Биотестирование токсического загрязнения почв  основано на прорастания 
семян  растений-индикаторов.  Биологические  тесты  на  прорастание  семян 
успешно 
применяются 
для 
установления 
воздействия 
различных 
физиологически  активных  веществ.  Биологические  пробы  применимы  и  для 
токсикологической  оценки  различных  компонентов  окружающей  среды, 
особенно почв.  
Для  определения  воздействия  на  почву  вблизи  горнодобывающего 
предприятия  «Altyntau  Kokshetau»  нами  выбрана  методика  выращивания 
пшеницы на  отобранных  образцах почв  по  карте отбора проб,  совмещенной с 
отбором растений.  
В  ходе  исследования  наблюдается  всхожесть,  энергия  прорастания, 
длина  надземной  и  корневой  систем,  масса  сухого  вещества  надземной  и 
подземной части, состояния проростков.  На основании данной методики нами 
были  проведены  экспериментальные  опыты  по  определению  токсичности 
почвы  вблизи  горного  предприятия.  В  течение  опыта  ведутся  наблюдения  по 
следующим критериям: время появления всходов и их число на каждые сутки,  
общая  всхожесть  (к  концу  опыта),  измерение  длины  надземной  части  (высота 
растений),    измерение  длины  корней.  Плодородие  почвы  определяется  по 
высоте или массе проростков тест-растения.  
Уровень химического загрязнения почв находятся путем сопоставления 
содержания  токсичных  веществ  в  загрязненной  почве  с  установленными 
предельно допустимыми и ориентировочно допустимыми концентрациями. 

 
276 
Следующей  задачей  исследования  является  изучение  растительного 
покрова  вокруг  предприятия  «Altyntau  Kokshetau»  на  расстояния  15  км.  Для 
этого  были  отобраны  образцы  одного  распространенных  растений  на  данной 
территории  -  полыни.    Работы  многих  исследователей  показали,  что  между 
химическим  составом  растений  и  элементным  составом  среды  существует 
определенная  связь.  Химические  элементы,  которые  поглощают  растения  из 
почвы  в  разных  количествах,  играют  существенную  роль  в  регулировании 
биохимических и физиологических процессов в растительном организме.  
Изучение  состояния  растительности  основывается  на  изменении 
видового  состава,  общему  проективному  покрытию,  запасу  надземной 
биомассы,  а  также  на  основании  изучения  морфологических  признаков.  В 
результате данного изучения можно определить влияния тяжелых металлов на 
растительность [4]. 
На    основании  вышесказанного  биоиндикационные  методы  могут 
использоваться  в  различных  исследованиях  по  определению  загрязнения 
окружающей  среды  в  результате  воздействий  промышленных  предприятий  и 
антропогенных факторов. 
В результате выращивания семян растений-индикаторов на исследуемых 
образцах  почв  можно  сделать  вывод,  что  содержание  в  почве  загрязняющих 
веществ оказывает влияние на морфологические признаки тест-культуры. 
При 
исследовании 
растительного 
покрова 
установлено, 
что 
дикорастущие растения способны накапливать в себе химические элементы. 
 
Литература:  
 
1.Низамутдинова  Н.Р.  Диссертация.    Научное  обоснование  системы 
комплексного  эколого-аналитического  мониторинга  окружающей  среды.  2015 
г. 
2.  Когут  А.В.  Факторы  экологического  риска  в  зоне  действия  открытых 
горных работ. 2007 г. 
3.  Федорова  А.И.,  Никольская  А.Н.  Практикум  по  экологии  и  охране 
окружающей  среды.    Москва:  Учебное  пособие  для  вузов,  Гуманитарный 
издательский центр Владос, 2003 г.- 288 с. 
 
4. Казнина Н.М. Оценка степени техногенного загрязнения окружающей 
среды тяжелыми металлами по растительности. 2011 г.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
277 
 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
АСПЕКТІЛЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДА ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫН 
ЭКОЛОГИЯМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ 
 
Аскарова Г.Ш., Аймырзаева А.Б. 
Қызылорда қ., Қорқыт Ата ат. Қызылорда Мемлекеттік Университеті  
gulzat70@mail.ru 
 
 
Жаратылыстану  ғылымдары  -  биология,  география,  физика,  химия  және 
математика  әлемнің  нақты  бейнесін  сипаттайтын  теориялық  және  қолданбалы 
білімнің  негізін  қалаушы,  адамның  ӛмір-тіршілігінде  алатын  орны  ерекше 
ғылыми  пәндер.  Адамның  кез  келген  шаруашылық  еңбегі  қазіргі  уақытта 
жаратылыстану  ғылымдарымен  және  экологиямен  тығыз  байланысты. 
Сондықтан  дәл  қазіргі  уақытта  жаратылыстану  ғылымдарының  экологиямен 
байланысын оқыту болашақ эколог маман үшін аса қажет білім кӛзі саналады.       
«Жаратылыстану  ғылымдарының  экологиялық  аспектілері»  пәні 
5В060800  –  Экология  мамандығында  оқитын  білім  алушыларға  міндетті 
компонент ретінде енгізілген. Пәнді оқу бағдарламасына енгізу жоғары білімді 
маманның кең ғылыми кӛзқараста даярлануына негізделген [1].  
Пәнді  оқытудың  мақсаты  білім  алушыларда  әлемнің  жаратылыстану 
ғылымдары негізіндегі бейнесі жӛніндегі түсініктерді талдау арқылы қоршаған 
орта туралы дұрыс ғылыми кӛзқарасты қалыптастыру және қолданбалы маңызы 
бар білім негізін қалау. 
 «Жаратылыстану  ғылымдарының  экологиялық  аспектілері»  пәнінің 
мазмұны адамзат дүниетанымы мен қызметіндегі ғылымның алатын орны мен 
ерекшеліктері,  ғылым  мен  діннің  арақатынасы,  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізу  үшін  жасалатын  қадамдар,  зерттеу  әдістері,  теория  мен  практиканың 
мәні,  ғылымның  дамуы  үшін  қажетті  құндылықтар,  әлемнің  жаратылыстану 
ғылымдары  тұрғысындағы  бейнесіне  талдау  жасау,  қозғалыс  заңдылықтары, 
реакцияның  жүруі,  математиканың  маңызы  сияқты  кӛптеген  қызықты 
танымдық  мәселелерден  және  осы  білімдерді  экологиямен  байланыстырудан 
құралады [2, 3].  
       Жаратылыстанудағы  материя,  қозғалыс,  ӛзара  әсерлесу  және  симметрия, 
уақыт пен кеңістік түсініктерін қарастыру физика ғылымымен байланыстыруды 
қажет етеді.  
Жаратылыстану  ғылымы  тарихындағы  материя  туралы  түсініктің  дамуы 
тақырыбын  ашу  үшін  материяның  антикалық  кезең  мен  әлемнің  ғылыми 
бейнесі  (физикалық,  механикалық,  электромагниттік,  кванттық-релятивистік) 
негізіндегі  анықтамасы,  атом-молекулалық  ілім,  қазіргі  жаратылыстану 
ғылымындағы заттың құрамы мен құрылысы жӛніндегі ілім жайлы айтылады. 
Қозғалыс  түсінігі  ӛз  кезегінде  қозғалыстың  антикалық  кезеңдегі  және 
әлемнің  ғылыми  бейнесіндегі  түсінігі,  материя  қозғалысының  түрлері 
(механикалық,  биологиялық,  химиялық),  Ньютонның  бірінші,  екінші 

 
278 
заңдарының  мәні,  толқындық  процестердің  анықтамасы  (дифракция, 
интерференция)  тұрғысынан дамытылады. 
Ӛзара  әсерлесу  жӛніндегі  түсінік  Аристотельдің  кӛзқарастары  және 
әлемнің  ғылыми  бейнесіндегі  (механикалық,  электромагниттік,  қазіргі)  ӛзара 
әсерлесу туралы, ӛзара әсерлесудің іргелі түрлері, алыстан және жақыннан әсер 
ету,  ӛзара  әсердің  ӛрістік  және  кванттық-ӛрістік  берілу  механизмдері,  іргелі 
ӛзара әсерлерді тасымалдаушы бӛлшектер жӛніндегі мағлұматтарды қарастыру 
арқылы беріледі.   
Симметрияның  принциптері  және  сақталу  заңдарын  қарастыру  кезінде 
кеңістік  пен  уақыт  симметриясы,  симметрияның  сақталу  заңдарымен 
байланысы,  энергия,  импульс  және  импульс  моментінің  сақталу  заңдары, 
сонымен  қатар  уақыт  пен  кеңістіктің  сәйкестік  симметриясы  түсініктеріне 
тоқталуға тура келеді.  
Уақыт  пен  кеңістік  туралы  түсініктер  уақыт  пен  кеңістіктің 
субстанциялық және релятивистік тұжырымдамалары арқылы қарастырылады.  
Салыстырмалы  теорияның  арнайы  және  жалпы  түрлері  Эйнштейн 
постулаттарының  салдары  –  негізгі  релятивистік  құбылыстар,  ара  қашықтық, 
уақыт аралықтары, кеңістік пен уақыттың бірлігі, ғылымның даму тарихындағы 
кеңістік  пен  уақытты  ӛлшеу  мәселелері,  жалпы  салыстырмалы  теория  мен 
классикалық механикадағы сәйкестіктер сұрақтарымен ұштасып жатады.  
Заман  талабына  сай  сабақ  жүргізу  кезіндегі  ең  басты  мәселе  қазіргі 
ойлары ұшқыр, әрі сан саққа жүгіріп тұратын білім алушыларды жалықтырып 
алмай,  қызықтыра  білу,  ӛз  бетінше  ізденуге  жағдай  жасау  болып  табылады. 
Жаратылыстану  ғылымдарының  ішінде  физика  мен  экологияны  білім 
алушылар бүгінде әрқайсының қолында жүрген ұялы байланыс құралымен ғана 
елестетін сияқты. Бірақ ұялы телефонға дейін де айтылатын нәрселер кӛп. 
Бұл  жерде  ескеретін  мәселе  физикалық  білімді  болашақ  экологтарға 
физиктерге 
берілетін 
дәрежеде 
емес, 
күнделікті 
ӛмір-тіршілікпен, 
жаратылыспен,  табиғатпен,  қоршаған  ортамен  байланыста  нақты  мысалдар, 
суреттемелер және бейнелер кӛмегімен беру маңызды.   
Болашақ  экологтарға  ең  алдымен  физика  ғылымына  анықтама  беріледі, 
сонан  соң  әлемнің  ғылыми  бейнесі  түсіндіріледі.  Әдетте,  бұл  келесі  ретпен 
қарастырылады: физика (грек. physike, рhуsis - табиғат) - ӛріс пен заттың жалпы 
қасиеттерін  және  олардың  қозғалыс  заңдарын  зерттейтін  ғылым;  табиғат 
жӛніндегі  жетекші  ғылымдардың  бірі;  басқа  да  жаратылыстану  ғылымдары 
сияқты ұзақ тарихи даму жолынан ӛткен ғылымдардың бірі.  
Әлемнің ғылыми бейнесіне келгенде әлемнің физикалық бейнесі; әлемнің 
механикалық  бейнесі;  әлемнің  термодинамикалық  бейнесі;  әлемнің 
электромагниттік  бейнесі;  әлемнің  кванттық-релятивистік  бейнесі  ретімен 
түсіндіріледі, 1-сурет.  
Әлемді зерттеп, құпиясын ашқысы келген ғалым-оқымыстылардың кӛбісі 
адамның  ӛмір  сүретін  ортасына  жалпыға  бірдей  түсінікті,  ортақ    анықтама 
беруді  армандаған.  Осы  мәселе  жӛнінде  түсірілген  жақсы  бейнефильмдерді 
сабақта пайдалану тиімділік кӛрсетеді (мысалы, Лаванга Л.Д. «Единая картина 

 
279 
мира» 
және 
А.Н.Мансуров 
«Естественно-научная 
картина 
мира»). 
Бейнефильмдер білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. 
 
 
1-сурет. Әлемнің ғылыми бейнесін түсіндіруде қолданылатын сұлба. 
 
Заман  талабына  сай  қалыптасқан  әлемнің  бірыңғай  бейнесі  туралы 
айтылғанда  ақпарат  пен  білімді  шатастырмау  керек  екенін  үнемі  еске  салып 
отыруға тура келеді. Ӛйткені, қазір ақпарат ғасыры, бірақ ақпарат үнемі нақты 
білімге  сәйкес  келе  бермейді.  Ақпарат  кӛбінесе  шашыраңқы,  дәлелдемесіз 
болып келуі мүмкін. Білім алушыларға осы жағдайды түсіндіру олардың дұрыс  
ақпаратты  «азық  етіп»,  дұрыс  емес  ақпараттан  бойын  аулақ  салуына 
кӛмектеседі. Бұл әлеуметтік экологияның мәселесі болып табылады. 
Ӛзара  әсерлесу  және  оның  түрлерін  қарастырғанда  электромагниттік 
ӛзара  әсерлесуді  қызықты  физика  бӛлімінен  қарапайым  тәжірибелер  арқылы 
кӛрсетуге  болады.  Электр  тогы  жӛнінде  айта  келіп,  электромагниттік 
толқындардың 
кеңістікте 
таралуын, 
электромагниттік 
толқындардың 
техногендік  кӛздері  мен  олардың  адамға  және  басқа  да  тірі  ағзаларға  әсерін 
суреттер  арқылы,  слайд  кӛмегімен  кӛрнекі  түрде  кӛрсету  білім  алушыны 
жалықтырмайды, 2-сурет. 
 
    
      
 
 
2-сурет. Магнит ӛрісі және электромагниттік толқындардың таралуы.   
 
 
Компьютерде  отыру  ережесімен  таныстырып  кетудің  пайдасы  болмаса, 
зияны  болмайтыны  анық.  Таңертеңнен  кешке  дейін  ұялы  телефон,  планшет 
немесе ноутбукке  «жабысып» отырудың қаншалықты қан айналымына, кӛздің 
кӛру  қабілетіне,  ОЖЖ  (орталық  жүйке  жүйесіне)  және  жалпы  ағзаға  әсері 
жӛнінде мәліметті нақтылау тиімді болары сӛзсіз. Білім алушыларға ақпараттық 

 
280 
технологияларды  ретсіз  пайдалануға  болмайтыны  жӛнінде  түсірілген 
бейнефильмді  ұсынуға  болады  (Мысалы,  «Телефонға  үңігіліп,  уақытты  босқа 
ӛткізбеңіз!» бейнефильмі). 
 
 
Уақыт  пен  кеңістік  жӛнінде  жалпы  түсіндірген  соң,  уақыт  пен  кеңістік 
туралы  ішкі  ойын  күнделікті  ӛмір-тіршілікпен  байланыста,  эссе  жазуға 
тапсырма  беру  білім  алушыны басқа  қырынан  кӛріп,  ӛмірге  деген  кӛзқарасын 
байқап,  түсінігін  шыңдауға  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  тапсырма  білім 
алушылардың уақыт туралы түсінігін, оны тиімді пайдалану керектігін, «босқа 
кеткен уақыт – күнә» деген ойлары туралы айтуға жағдай жасап, ашық тәрбие 
сағатын  ӛткізгенмен  бірдей  әсер  қалдырады.  Уақыт  туралы  ӛлең  жазып 
келетіндер де табылып жатады.  
   
Салыстырмалы  теорияны  түсіндіру  үшін  «Qwrty»  –  ғылым  мен 
технология жӛніндегі кӛпшілікке арналған бейнефильмдер топтамасын қолдану 
тиімді  («Теория  относительности  для  чайников»,  1-2  часть).    Кӛпшілікке 
арналған  бейнефильмде  қозғалыстың,  уақыттың,  құбылыстың  және  т.б.  нақты 
ӛмірде салыстырмалы екені әдемі кӛрсетілген. Бейнефильмдердің орыс тілінде 
болуы  қазіргі  үш  тұғырлы  тіл  талабына  сай  келеді.  Орыс  тілінде  кейбір 
сӛздердің аудармасы айтылып, мағынасы түсіндіріледі. 
 
Сабақ барысында теориялық материалдар біршама пысықталған соң білім 
алушыларға топтық жұмыс ұсынуға болады: 
- Физика ғылымының басқа жаратылыстану ғылымдарымен байланысы; 
- Физика ғылымының экология ғылымымен байланысы; 
- Физика, техника және экология; 
- Экологиядағы материя қозғалысының түрлері; 
-  Толқындық  процестер  табиғаты  және  олардың  адам  ӛміріндегі 
кӛріністері; 
-  Ғаламдық жылыну проблемасының физикалық қырлары; 
-  Физикалық және экологиялық заңдар арасындағы байланыс және т.с.с. 
 
Физикалық құбылыстардың суреттерін үлестірме материал ретінде беріп, 
суретті физика мен экологияның байланысын әңгімелейтін эссе түрінде жазуды 
талап  ету  білім  алушылардың  ӛз  бетінше  ізденісіне  себін  тигізеді.  Топтық 
жұмысты да суреттер түрінде ұсынуға болады. 
 
Қорытынды:  «Жаратылыстану  ғылымдарының  экологиялық  аспектілері» 
пәнінен сабақ жүргізу үшін білім алушылардың танымдық кӛзқарасын арттыру 
мақсатында  алуан  түрлі  кӛрнекілік  құралдарды  құрастырып,  сабақты  жоғары 
танымдық  деңгейде  ұйымдастыруға  болады.  Бұл  тек  оқытушының 
шығармашылық ізденімпаздығына байланысты мәселе. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет