Әдебиеттер тізімі:
1. Козыбаев И.М. Дипломатия Казахстана: страницы истории. Алматы:
Оркениет, 2001. С 11.
2. Устав ООН. Статья 2. Сборник документов по международному праву. Том I.
Алматы, 1998. С. 15.
3.
Назарбаев Н.А. Концепция внешней политики требует адаптации к
современным условиям // Казахстанская правда. 2000. 3 октября.
4. Хан Г.Б., Суворов Л.С., Рахманова Г.Б. Внешняя политика Республики
Казахстан: Монография. Алматы: КазГЮА, 2001. С.37.
5. См.: Устав ООН. Статья 1. Сборник документов по международному праву.
Т. 1.
6. Выступление Президента Н.А. Назарбаева на Совещании по вопросам
внешней политики. В кн.: Внешняя политика Казахстана: Сборник статей /
/Под ред. Н.Ж. Даненова, Б.Ш. Надирова и В.М. Ковалева. Алматы-Москва,
1995. С.10.
7. Конституция Республики Казахстан (с изменениями и дополнениями,
внесенными Законом Республики Казахстан от 7 октября 1998 года). Алматы,
2007.
8. Заключительный акт Совещания по безопасности и сотрудничеству в Европе.
Хельсинки, 1975.
9.
Назарбаев Н.А. Выступление на Саммите тысячелетия ООН //Казахстанская
правда. 2000. 8 сентября.
10.
Назарбаев Н.А. Укреплять международные позиции Казахстана
//Казахстанская правда. 1998. 15 сентября.
11.
Рахметова Г. Президенты «сверили часы» // Казахстанская правда. 2001. 29
апреля.
17
Қазақстан Республикасы
және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
Қарағанды мемлекеттік
Техникалық университеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
профессоры, т.ғ.к.
Шаймұханова С.Д.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін
1945 жылы 24 қазанда құрылды.
БҰҰ басты міндеттерінің бірі – бейбітшілікті бүкіл әлемде қолдау және
ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. БҰҰ көптеген жылдар бойы
халықаралық дағдарысты болдырмауға ықпал етуде және ұласпалы
жанжалдарды реттеуде басты рөл атқарып келеді. Ол бейбітшілікті орнату мен
қолдауға және гуманитарлық көмек көрсетуге байланысты кешенді
операцияларды жүзеге асырып келеді. Оған өріс алып келе жатқан
жанжалдарды бірнеше рет басып тастауға тура келді. Жанжалдан кейінгі
жағдайларда ол көбінесе үйлестірілген, зорлықтың түпкі себептерін жоюға
және берік бейбітшілік үшін негізін қалауға бағытталған күштерді қолданады.
Қазақстанның 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына енуі маңызына
қарай тарихи акция болып табылды, ол біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа
нақты тәуелсіз мемлекет ретінде енуінің белгісін білдірді.
Қазақстан БҰҰ әлемдік қауымдастықтың жаңа мүшесі ретінде емес, жаңа
заманның ең өзекті халықаралық мәселелері бойынша белсенді ұстанымдағы,
ядролық қарусыздану үшін қозғалыс авангардында тұрған мемлекет ретінде
енді. 1991 жылы Семей полигонының жабылуы мен 1992 жылы Лиссабонда
ядролық сынауды жалпы қамтылған тиым салыну туралы Келісім-шартқа
(ЯҚНК) ядросыз мемлекет ретінде қосылу жөнінде міндеттеме қабылдауы
Қазақстанға биік бедел және БҰҰ Бас Ассамблеясының биік мінбесінен
халықаралық қауіпсіздік саласында өзіндік бастамасын алға қоюына моральдық
құқықты қамтамасыз етті.
Қазақстандық делегация БҰҰ толық құқықты мүшесі ретінде қатысқан
бірінші форум – БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылы күзде өткізілген 47-
сессиясы болды. Осы сессияда Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның
халықаралық саясаты туралы кеңінен сөз сөйледі.
1992 жылдан бергі өткен уақыт ішінде Қазақстан мемлекеттердің
халықаралық қауымдастығына табысты шоғырланып қана қоймай, онда белгілі
орын ала білді. Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі қызметінің басты міндеттері
жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы халықаралық аренада ҚР
стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету, саясат пен экономикада әділ
бейбітшілік тәртіпті орнату, әлемдік қауымдастық мүшелерінің арасында
18
қарым-қатынасты тұрақты дамыту мен үйлестіру шеңберін жасау жөнінде
жұмыс жүргізу болып табылады.
Қазіргі кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесі Қазақстанда 15
ұйыммен берілген. ҚР белсенді араласуға кіріскен, анағұрлым маңыздысы:
БҰҰДБ (БҰҰ Даму бағдарламасы), ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар қоры), ЮНПФА
(Халықты орналастыру жөніндегі БҰҰ қоры), БҰҰЕ (БҰҰ еріктілері),
ЮНИФЕМ (БҰҰ әйелдерінің даму қоры), ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы),
ЮНЕСКО (БҰҰ Ағарту, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым
мандаты), БДҰ (Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы), ЮНИДО (БҰҰ өнеркәсіптік
даму ұйымы). БҰҰ жүйесінің агенттігі Үкіметпен, үкіметтік емес ұйымдармен
және донор-серіктестермен белсенді ынтымақтаса отырып, өз қызметі мен қол
жеткізген нәтижелеріне жыл сайын бағалау жүргізеді. Жақын болашақтағы
міндеті – 2000 жылдан кейінгі және жаңа ғасыр мен мыңжылдықтың басындағы
кезеңде жаңа асуларды алумен басымдықты жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстанның БҰҰ жүйесінің жұмысына қатысуы Қазақстанның көп
жақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі болып табылады. Ол біздің
еліміздің егемендігінің нығаюына және тәуелсіздігіне ықпал етеді, әлеуметтік-
саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдің басқа салаларын одан әрі
жаңартуды жүзеге асыруда жайлы халықаралық жағдай жасайды.
БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ)
1993 жылы өзінің ашылу сәтінен бастап Қазақстанда БҰҰ даму
бағдарламасы, әлеуметтік дамуға және кедейліктің тамырын жоюына,
демократиялық процесс шеңберінде тиімді мемлекеттік басқаруға бірқалыпты
экономикалық өсуге, сондай-ақ экологияны тұрақты басқаруға ерекше назар
аудара отырып, өз бағдарламалары мен қызметін ұлттық стратегиялық
мақсаттармен келістіреді. БҰҰДБ кеңес берушілері Үкіметке жекешелендірудің
ұлттық бағдарламасын қалыптастыруға көмектесті. Сондай-ақ қоршаған ортаны
қорғау және тұрақты даму жөнінде әрекеттердің Ұлттық жоспарын, әйелдердің
жағдайын жақсарту жөніндегі әрекеттердің Ұлттық жоспарын, Әлеуметтік
дамуға ықпал етуді (ӘДЫ), Салауатты өмір салтын қалыптастыру
бағдарламасын, сондай-ақ басқа да жоспарларды реформалау және жүзеге
асыру бойынша кеңес беру қызметтері көрсетілді. Тағы бір басым міндеттерінің
бірі – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болды, БҰҰДБ көшбасшы
донорлары санатында болды, олар Семей аймағындағы 40-жылдық ядролық
қасіретке көңіл аудара отырып, Семей аймағының гуманитарлық және
экологиялық ақталуы мен экономикалық дамуының Жан-жақты бағдарламасын
жасады. БҰҰДБ ықпалымен Қазақстан БҰҰ бірнеше құқық қорғау
құжаттарына қосылды.
БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ)
БҰҰ балаларға көмек көрсету қорымен (ЮНИСЕФ) Қазақстан Үкіметі
арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына бес сала кіреді: ана мен бала
денсаулығы, ана мен баланың тамақтануы, бастауыш білім, су ресурстары және
санитария, сондай-ақ жоспарлау және түсіндірме-ағарту қызметі. Бағдарламада
19
ана мен баланың денсаулығына және тамақтануына негізгі көңіл аударылады.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстанға ықпал етуімен балалар өлім-жітімі деңгейінің өсуі
тоқтатылды және соңғы жылдары балалар өлімі төмендеп келеді. Қазақстанның
бала құқығы жөніндегі конвенцияны (БҚК) бекітуі ЮНИСЕФ-қа балалар
құқығын қорғау саласында үлкен мүмкіндіктер берді. Қазақстанда ЮНИСЕФ
бағдарламасына: Арал теңізіне вакциналар, шприцтер, негізгі дәрі-дәрмектер
мен сыныптарды жарақтандыру үшін жабдықтарды жеткізу, мұғалімдерді
оқыту, мектептерді таза ауыз суымен қамтамасыз ету, мектептердің санитарлық
жағдайларын жақсарту жолымен экологиялық және аймақтық көмек
Бағдарламасын (АСПЕРА) қолдау енгізілді. 2000 жылы ақпанда ҚР Үкіметі мен
ЮНИСЕФ арасында ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Келісімге қол
қойылды. Бағдарлама балалар құқығын қорғау негізінде, бұрынғыдай, бірақ
көбінесе білім тұрғысынан алғанда, денсаулыққа, сондай-ақ ерекше қолдауды
қажет ететін балаларға, жас өспірімдер мен балаларға заң мәселесінен,
жастардың қоғам өміріне араласуына көмектесуге басты көңіл бөле отырып,
құрылады.
БҰҰ халықты орналастыру жөніндегі қоры (ЮНФПА)
БҰҰ халықты орналастыру жөніндегі қоры тарапынан Қазақстанға көмек
1992 жылдан басталды және содан бері көбінесе қалпына келтірілген
денсаулық отбасын жоспарлау және қалпына келтірілген денсаулық саласында
ИОК қолдау қызмет сапасын арттыруға бағытталған. 1993-1996 жж. ішінде
ЮНФПА ана мен баланы қорғау және отбасын жоспарлау бойынша әр түрлі
медициналық жабдықтар жеткізді (АҚШ 1,6 миллион доллары көлемінде). 1996
жылы Қазақстан Үкіметі ЮНФПА қалпына келтірілген денсаулық және
отбасын жоспарлау саласында үш ірі жобасын мақұлдады, осының нәтижесінде
жабдықтар берілді, оқыту орталықтары құрылды, медицина қызметкерлерін
оқыту жүргізілді және тұрғындар арасына жергілікті НПО арқылы отбасын
жоспарлаудың жаңа заманғы әдістері туралы ақпарат таратылды. 1998-1999 жж.
2030 дейінгі әлеуметтік стратегиялық жоспарға жауап ретінде ЮНФПА ҚР
Үкіметіне халықты орналастыру саясатын тұжырымдауға көмек және
Қазақстанда халықтың алғашқы санағын жүргізуде қолдау көрсетті.
Есірткілерді бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі БҰҰ
Басқармасы (ЕБҚАБ)
БҰҰ есірткілерді бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі
Басқармасы Қазақстанда бір ұлттық және бір аймақтық жобаларды жүзеге
асырады. 1997 жылы шілдеде ЕБҚАБ «Қазақстанда институционалдық нығаю
және есірткі айналымына қолданылатын шараларды жетілдіру» (АҚШ 775 мың
доллар) Жобасы арқылы ҚР Үкіметіне есірткілерге бақылау жасау шаралары
аймағында кеңес беру көмегі, есірткілерді бақылаушы органдардағы тренинг
арқылы қолдау көрсете бастады. Басқа «Қазақстанда, Қырғызстанда және
Тәжікстанда есірткі құрамды өсімдіктердің заңсыз өсіп-өну аумақтарын
карталау» жобасы (АҚШ 742 мың доллары) 1997 жылы желтоқсанда басталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің өтініші бойынша ЕБҚАБ 1998 жылы
20
Үкіметке есірткілер мен ұйымдасқан қылмысты бақылау жөніндегі орташа
жедел бағдарламаны (мастер-жоспар) жасауға көмек көрсетті. Осы жобаның
жалпы бюджеті АҚШ 5,5 миллион долларын құрады. Жаңа ұлттық және
аймақтық жобалар - ұлғайып келе жатқан қиындықтар мен өткендегі оң
тәжірибені ескере отырып, көбінесе, жеткізу/тұтынуды төмендету және
есірткілер контрабандасы мәселелерімен айналысады деп болжайды.
БҰҰ босқындар ісі бойынша
Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ)
БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы 1995
жылы қыркүйекте ҚР Үкіметіне және үкіметтік емес ұйымдарға босқындармен
жұмыс жүргізу және оларға байланысты мәселелерді шешу үшін заң базалары
мен институционалдық құрылымдарын күшейтуге қолдау көрсету мақсатында
ашылды. Қазіргі кезде Қазақстанда 14500-ге жуық, әсіресе Тәжікстаннан,
Ауғанстаннан, Шешенстаннан келген босқындар тұрады. Алматыдағы өкілеттік
офис бірқатар жобалармен жұмыс істейді, олардың мақсаты – босқындарды
қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ босқындар туралы заңды жасауға
көмектесу. Осы жобалар елімізде босқындармен жұмыс жүргізу жөніндегі
кейбір өрлеуге ықпал етті, ол 1999 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының
1951 ж. Женева Конвенциясында, босқындар статусына, сондай-ақ босқындар
туралы заң жобасын жасау, босқындар статусын анықтау бойынша мемлекеттік
рәсімдерге қатысты сөйлеген сөздерінен көрінді. Сонымен қатар, БҰҰ БЖКБ
босқындарға қатысты халықаралық құжаттар бойынша бірқатар семинарлар
мен симпозиумдар өткізді, сондай-ақ адам мен босқындар құқығы туралы
бірқатар құжаттар жариялауға қатысты. БҰҰ БЖКБ босқындардың ең осал
топтарына Қазақстанның Қызыл крест және жарты ай өкілеттігі арқылы
материалдық көмек көрсетеді. БҰҰ БЖКБ ұзақ мерзімді стратегия ретінде
Алматыда, босқындардың ағылуына байланысты әлеуетті мәселелерді
техникалық көмек беру жолымен тәуелсіз шешу аймағында Қазақстанның
мүмкіндігін арттыруға, сондай-ақ үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға
жалпы қолдау көрсетуге барлық күш-жігерін салды.
БҰҰ еріктілері (БҰҰЕ)
БҰҰ ерікті мүшелері Қазақстанда өз жұмыстарын БҰҰДБ офистері
арқылы 1995 жылы бастады. Осы уақыттан бері 50 ерікті мүшелер түрлі
жобаларға қатысты, олардың көбісі Арал теңізі аймағының әлеуетін ақтау және
өсіру Бағдарламасы шегінде: экологиялық жағдайын жақсартуға көмектесу,
НПО мүмкіндіктерін арттыру және жұмыс орындарын құру жұмыстарын
атқарды. 1999 жылдың аяғына қарай БҰҰЕ Бағдарламасы Қазақстанның 7 түрлі
аймақтарында 10 жобаға қатысты, оған мамандандырудың түрлі: АИВ/ЖИТС-
пен күрес және компьютерлік бағдарламалаудан бастап, су ресурстарын
басқаруға дейінгі саласында еркімен келген мамандар қатысты. 1999 жылы
қаңтардан бастап енген жаңалық –ұзақ мерзімді тұрақтылық әлеуетін, аралас
команда негізінде мүмкіндіктер жасау арқылы, байыта және нығайта отырып,
21
жұмысқа еркімен келген ұлттық мамандарды тарту болды. Бүгінгі күні 10
ұлттық БҰҰЕ жұмыс істеуде және тағы 10 еркімен келгендер жақында
жұмысқа қабылданады.
БҰҰ әйелдерді дамыту қоры (ЮНИФЕМ)
БҰҰ әйелдерді дамыту қоры (ЮНИФЕМ) әйелдер құқығын қорғау,
олардың экономикалық және саяси жағдайын нығайту, сондай-ақ гендерлік
теңдік жөніндегі инновациялық бағдарламаларға қаржылық қолдау және
техникалық көмек көрсетеді. Қазақстанда 1999 жылы шілдеде ашылған сәтінен
бастап ЮНИФЕМ - БҰҰДБ, ЮНДГО және ЮНИФЕМ –мен бірлесіп, «БҰҰ
Резидент-координаторының Әрекеттердің Пекиндік платформасын орындау
қызметін қолдау» жобасын іске асырды. Бұл жобаның негізгі мақсаттары -
әйел рөлін арттыруды қолдау және көмек көрсетумен, сондай-ақ гендерлік
проблематиканы ескерумен, гендерлік саясат пен бағдарламаларды
тұжырымдау мен жүзеге асыру, жоспарлауды үйлестіру. Әрекеттің Пекиндік
платформасы стратегиясын орындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру
кезінде БҰҰ агенттіктерімен азаматтық қоғам және үкімет арасындағы іскерлік
және өнімділік қатынастарды дамыту, ЮНДАФ, ОСО және ССЗ сияқты БҰҰ
материалдары мен құжаттарындағы гендерлік тәсілдерді ескеру, сондай-ақ
ЮНИФЕМ түсіндірме-ағарту жұмыстарына ықпал етумен шектеледі.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)
Халықаралық еңбек ұйымының ҚР Үкіметіне көрсететін негізгі
техникалық көмегі екі ірі жоба бойынша жүзеге асырылады: «Жергілікті
экономиканы құрылымсыздандыру және жұмыспен қамтуды реттеу:
депрессивті аудандарда жұмыс орындарын құру жөніндегі демонстрациялық
жоба» (АҚШ 239 мың доллары) және «Өз ісіңді баста да, жетілдір» (АҚШ 250
мың доллары). Өз қызметінің басынан бастап 1995 жылы ХЕҰ жалақылардың
саясатын анықтау, жұмыспен қамту саясатын құру бойынша түрлі кеңес беру
қызметтерін және т.б. көрсетті. Қазақстанда жұмыс орындарындағы қауіпсіздік
техникасы мәселесі және кәсіптік аурулар, сондай-ақ үш жақты қатынас
жүйесін енгізу жөнінде бірқатар семинарлар өткізілді. ХЕҰ түрлі заң
жобаларына – еңбек, жұмыспен қамтылу және еңбек қорғау туралы
комментарийлер мен ұсыныстарды енгізді. 1995-1996 жж. ХЕҰ БҰҰДБ
басшылығымен Әлеуметтік даму стратегиясы шеңберінде «Қазақстанда
өнеркәсіптік кәсіпорындарды құрылымсыздандыру» мәселесі бойынша зерттеу
жүргізді, ХЕҰ еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы және жұмысшылар денсаулығы,
жұмыспен
қамтылу
саясаты
жөніндегі
бірнеше
Конвенциясын
ратификациялауда көмек көрсетті.
БҰҰ оқу ағарту, ғылым және мәдениет
мәселелері жөніндегі Ұйымының мандаты (ЮНЕСКО)
БҰҰ оқу ағарту, ғылым және мәдениет мәселелері жөнінде Ұйымының
мандаты ұлттар арасында ынтымақтастықты - білім, ғылым, мәдениет және
22
коммуникация арқылы дамыту жолымен бейбітшілік пен қауіпсіздіктің,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген заң мен адам құқығын,
сондай-ақ негізгі еркіндіктерін, әлем халықтарының нәсілдік немесе жыныстық
белгісіне, тілі мен дініне қарамастан, бәрі бірдей құрметтеуіне ықпал етумен
шектеледі. ЮНЕСКО офисі Алматыда 1994 жылы ашылды және содан бері
Қазақстанда формалдық және формалдық емес білім саласында донорлық
көмекті үйлестіруде жетекші рөл атқарып келеді. Сонымен 1995-1996 жж.
ЮНЕСКО Қазақстанда бастауыш, орта, жоғары және кәсіптік-техникалық
білімнің ұлттық талдауын АҚШ-тың 890,000 долларымен жалпы сомада
басқарып, ұйқастырды. ЮНЕСКО ғылым саласында Арал теңізі аймағында ірі
мониторингтік жобаны жүзеге асыруда, сондай-ақ Каспий теңізіне және
бұрынғы Семей ядролық полигонына байланысты мәселелермен жұмыс істейді.
ЮНЕСКО өзінің «Жібек жолы» аймақтық жобасы шеңберінде мәдениеттің
дамуына белсенді ықпал етуде. Ең маңызды мысалдарының бірі, халықаралық
және қазақстандық суретшілердің ынтымақтастығы шеңберін кеңейтетін
«Көпір» бағдарламасы болып табылады. Офистің алғашқы жұмыс істеген
жылдарынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және журналистік
дамытуды көздейтін коммуникацияны дамытуға қолдау көрсетіле бастады.
Бүкіл әлемдік денсаулық ұйымы (БДҰ)
Қазақстанда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы бағдарламасының
негізгі басымдықтары: денсаулық сақтау жүйесін реформалау, ана мен бала
денсаулығы, мейірбике күтімінің жүйесін реформалау, тамақтанудың ұлттық
саясаты, инфекциялық ауруларды бақылау, дәрі-дәрмектік саясатты дамыту,
экология және денсаулық болып табылады. 1996 жылы Қазақстанда бірнеше
жобалар басталды, олардың ішінде МЕКАКАР жобасы, осының нәтижесінде
Қазақстанға полиомиелитке қарсы 2920000 вакцина жеткізілді, сондай-ақ
орталық және жергілікті үкіметтерге, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге
байланысты бағдарламаларды шешуде көмек көрсететін, басқа донорлармен
ынтымақтастықтағы «Сумен жабдықтауды жақсарту» жобасы. Қазіргі кезде
Үкімет пен БДҰ арасында 2000-2001 жж. ынтымақтастықтың орташа жедел
бағдарламасы жүзеге асыру кезеңінде тұр. 1996 жылдан бастап БДҰ ЦАРК
халықаралық жобасын қолдауда, оған дені сау ана, төспен тамақтандыру,
отбасын жоспарлау және бала жастағы ауруларды интегралдап жүргізуге
(БЖАИЖ) қол жеткізуде көмек көрсетуде. Алдын ала алынған нәтижелер
Орталық Азия және Қазақстан Республикаларында ана мен бала өлімін
төмендетуге табысты үлес қосуды жариялады.
БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО)
Қазақстан БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымына 1997 жылы маусымда ресми
түрде енді. 2000 жылы ЮНИДО Қазақстанда өзінің ресми өкілеттілігін ашты.
Осыған қарамастан, Қазақстан осы ұйымға кірмей тұрып, ЮНИДО түрлі
жобаларды орындады. 1995 жылы қарашада БҰҰДБ, ЮНИДО –мен бірлесіп,
«Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі жобаны бастады, ол бірінші
кезеңде Текелі қорғасын-цинк комбинатын құрылымсыздандыру бойынша
23
көмек көрсетуді қарастырды. Жобаның екінші кезеңінде Алматыда Кеңес
беруші бизнес-орталық (КБО) құрылды, ол 454-ке жуық кәсіпкерлер мен жеке
кәсіпорындарға қызмет көрсетті, сондай-ақ бизнес бастамасы бойынша
Алматы, Қызылорда, Қостанай, Текелі және Оралда 2300-ден астам адамға 38
семинар өткізді. Ұлттық кеңес берушілер 726 бизнес-жоспар құрастырды,
оларды түрлі қорлар мен банктар қаржыландырды.
Алматы КБО осындай орталықтарды Текелі мен Атырауда құруға қолдау
көрсетті. ЮНИДО БҰҰДБ басқа бағдарламалары мен жобаларына гендерлік
даму, Арал теңізі жағалауын босату және мүмкіндіктерді дамытуға, сондай-ақ
БҰҰ басқа агенттіктері бойынша көмек көрсетті.
Қазақстан БҰҰ бітімгершілік қызметі мен күш-жігерін бүтіндей
қолдайды және БҰҰ резервтік келісімдері жүйесінің мандатын одан әрі кеңейту
бойынша қабылданатын шараларды оң бағалайды. Қазақстанның осы қызметке
белсенді араласуының куәсі – Қазақстандық бітімгершілік батальонын құру
болып табылады, оның бөлімшесі қазіргі кезде Ирактағы тұрақтандырылған
күштерінің құрамында (Қазбат) қызмет етуде.
2003 жылы БҰҰ дайындық іс-шараларының жүйесіне қосқан үлестеріне
қатысты БҰҰ-мен өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол қою отырып,
Қазақстан осы кезеңде бітімгершілік операциялар үшін – қызметкер,
бронетехника және бітімгершілік батальонының көлігін (Қазбат) беруге дайын,
әрі бейбітшілікті қолдау жөніндегі операция үшін БҰҰ сатып алу жүйесіне
анағұрлым белсенді араласуға мүдделі.
Достарыңызбен бөлісу: |