Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



 

Закон Республики Казахстан от 06.12.2001 года № 264-II «О членстве    

     

Республики Казахстан в Международном Валютном фонде, Международном  



     

банке реконструкции и развития, Международной финансовой корпорации,  

     

Международной ассоциации развития, Многостороннем агентстве гарантий  



     

инвестиций, Международном центре по урегулированию инвестиционных     

     

споров, Европейском банке реконструкции и развития, Азиатском банке   



     

развития, Исламском банке развития». 

2.

 

Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник для ВУЗов. Алматы,  



     2001.  

3. 


Международный валютный фонд. Пресс-релиз № 07/295. 2007. 19 декабря. 

4. 


Моисеев А.А. Международные финансовые организации: правовые аспекты  

     


деятельности.  М., 2006. 

5. 

Назарбаев Н.А. Послание Президента Республики Казахстан Н.А.   

     


Назарбаева народу Казахстана. «Через кризис к обновлению и развитию» //  

     


Индустриальная Караганда. 2009. 7 марта. 

6. 


Шреплер Х.А. Международные организации: Справочник. М.: МО, 1995.  

 

 

 

42 


                                 

Қ

азақстан және   

                             

«Ислам Конференциясы» ұйымы 

 

 

Қарағанды мемлекеттік  

Техникалық  университеті  

«Қазақстан тарихы» кафедрасының  доценті, 

т.ғ.к.   

Сүлейменова М.Ж.  

 

 

Қазақстан  тәуелсіздік  алған  сәттен  бастап,  жан-жақты  бастау  алуды 



нығайтуды  және  мемлекеттердің  жаһандық  мәселелерді  шешуге  ұжымдық 

жауапкершілік принципін жақтаушы бола тұра, күш балансы мен халықаралық 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  жалғыз  ғана  мүмкін  формуласы  ретінде  көп 

полярлы  әлемді  жасауға  және  дамытуға  теңдестірілген  сыртқы  саяси  бағыт 

жүргізеді.    

Біздің  еліміздің  сыртқы  саяси  мүдделері  мен  оның  ұлттық  мүдделерін 

қамтамасыз  етудің  кең  спектрінде  Қазақстанның  мұсылман  әлемімен 

ынтымақтастығы  ерекше  орын  алады.  Жаһандандыру  және  күштердің  жаңа 

орталықтарын  дамыту  дәуірінде  саяси  түрлі  бағыттарда  әр  тараптандыру, 

ұстанымдарды нығайту – еліміздің тұрақты дамуының объективті қажеттілігі.    

1995  жылы  Қазақстан  Республикасы  «Ислам  Конференциясы»  Ұйымына 

(ИКҰ) енгеннен кейін, оның көп қырлы қызметі мен іс-шараларына қатысады,  

«Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  жаңа  замандағы  рөлі  мен  маңызын 

нығайтуда,  оның  мұсылман  әлемінде  тиімді,  әрі  беделді  форумға  айналуын 

жақтай отырып, өзінің позитивті үлесін қосуға талпынады.   

«Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  тарихы  1926  жылдан  басталады,  ол 

кезде  «Бүкіл  әлемдік  Ислам  конференциясы»  құрылған  болатын.  1953  жылы 

осы  ұйым  базасында  «Ислам  Конференциясы  форумы»  және  конференция 

аясында басқа бірқатар ұйымдар мен құрылымдар құрылды. Алайда объективті 

себептерге  байланысты  олардың  біреуі  де  халықаралық  саяси  процестерге 

жеткілікті  әсер  ете  алмады.  Бұл  қалыптасу  және  өзара  әрекеттесу 

механизмдерін белсене іздеу, әрі қызмет рәсімдерін келістіру сатысы болды.    

Мұсылман әлемінде ол барлық ислам мемлекеттерін, әлемдік масштабтағы 

жаңалықтарға  ықпал  ету  мақсатында,  біртұтас  исламдық  саяси  платформаға 

негізделген,  тығыз  ынтымақтастыққа  біріктіре  алатын  осындай  ұйымның 

қажеттілігі айқынырақ біліне түсті. 1962 жыл ұйым тағдырының  бұрылысты 

жылы болып шықты.  Белгісіз адамдар Иерусалимде барлық мұсылмандар үшін 

қасиетті «Аль-Акса» мешітін жағып жіберді. Бұл жаңалық барлық ислам әлемін 

толқытты,  сол  жылдың  қыркүйегінде  Сауд  Аравиясының  королі  Фейсалдың 

бастамасымен  Рабатта  (Марокко)  26  мұсылман  мемлекеттерінің  басшылары 

жиналды, олар негізгі мақсаты исламды барлық әлемде қолдау болуға тиіс жаңа 

құрылымды  ұйымдастыру  жөнінде  шешім  қабылдады.  Осы  келісімнің 



 

43 


қорытындысы  ретінде  1970  жылы  мәжіліс  құрылды,  онда  жаңа  халықаралық 

құрылым  -  «Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  пайда  болуы  арнайы  түрде 

бекітілді.   

«Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  негізгі  мақсаттары  –  ислам 

ынтымақтастығын  күшейту  және  мүше  мемлекеттердің  саяси,  экономикалық 

және  әлеуметтік  салаларда  кең  масштабты  ынтымақтастығы  жөніндегі 

бірлескен  әрекеттері  мен  негізін  салушы  канондардан  бастау  алатын  және 

ислам  құндылықтарын  сақтауға  бағытталған  бітімгершілік  саясат  жүргізу, 

сондай-ақ  еркіндік  пен  тәуелсіздікті  қорғауда  мұсылман  халықтарын  қолдау 

болып табылады.  Жеке алғанда, Палестина халқын, оның аумағында тәуелсіз 

мемлекетті құру және исламның қасиетті заттарын сақтау жөнінде қолдау.    

«Ислам  Конференциясы»  Ұйымы  жұмысындағы  басты  басымдық  – 

мұсылман  елдерінің  бәсекелестікке  қабілеттілігін  жан-жақты  дамыту  үшін 

экономикалық,  инфрақұрылымдық,  білімдік  жаңаруды  қамтамасыз  ету 

жөніндегі  қызметі  болып  табылады.  Осыған  орай  ислам  конференциясы 

ұйымның  басты  принципі  ретінде  көмек  қажет  ететін  мемлекеттерге  ықпал 

етудің  тиімді  сауда-инвестициялық,  технологиялық,  әлеуметтік  және  басқа 

бағдарламаларын жүзеге асырумен көрінуі керек.    

«Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  негізгі  принциптері  –  толық  теңдік, 

әрбір халықтың өзін-өзі анықтау құқығын құрметтеу, ішкі істеріне қол сұқпау, 

егемендігін,  тәуелсіздігін  және  мемлекеттердің  аумағының  тұтастығын 

құрметтеу,  «Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  мүше  мемлекеттері 

арасындағы талас тудыратын мәселелерді сөйлесу, делдалдық немесе арбитраж 

арқылы,  күш  жұмсамай  немесе  оны  қолдану  қаупісіз  бейбітшілік  жолымен 

шешу. Осының бәрі толық шамада БҰҰ қызметінің ең негізгі принциптерімен 

келісіледі.    

Бүгінгі  күні  «Ислам  Конференциясы»  Ұйымы  ең  ірі  және  анағұрлым 

ықпалды  ресми  үкімет  аралық  мұсылмандық  халықаралық  ұйым  болып 

табылады. Қазіргі кезде ол 1,4 миллиард тұрғыны бар 57 елді біріктіріп отыр. 

«Ислам  Конференциясы»  Ұйымы  қатысушы  мемлекеттер  саны  бойынша 

әлемдегі БҰҰ кейінгі екінші институционалдық ұйым болып табылады. «Ислам 

Конференциясы» Ұйымының қызметі БҰҰ тарапынан мойындалды. Сонымен 

ол Бас Ассамблеяның сессиялары мен жұмысына бақылаушы ретінде қатысуға 

шақырылды.  Осы  екі  ұйымның  басты  аспектілерінің  бірі  –  бірлескен 

бітімгершілік күштері.     

Қазақстанның  «Ислам  Конференциясымен»  ынтымақтастығы  үдемелі 

дамуда. Қазақстанның осы ұйымның жұмысына қатысуы және республиканың 

мұсылман қауымдастығындағы оң имиджі қарым-қатынастың екі жақты және 

көп жақты форматын одан әрі нығайтуға арналған маңызды болжамдары болып 

табылады.   

Ислам  ынтымақтастығы  принципін  ескере  отырып,  берілген  ұйымдағы 

Қазақстан мүшелігі қазақстандық сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асыруға 

ықпал  ету  мүмкіндігін  береді.  «Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  мүше 

мемлекеттері  экологиялық  мәселелерді  шешуде  Қазақстанмен  дәстүрлі  түрде 

бірге.  Бірқатар  БАҚД    Ұйымдары  барысында  Қазақстанның  «Ислам  әлемі 


 

44 


аймағында,  жеке  алғанда  Арал  теңізі  бассейні  мен  Семей  аймағында 

экологиялық  апаттардан  зардап  шеккендер»  жағдайы    бойынша  бастауымен 

«Ғылым және технология» резолюциясын қолдау жөнінде айтылып өтті.  

Сонымен  қатар,  ислам  ынтымақтастығы  принципі,  қазақстандық 

кандидатураны басқа халықаралық құрылымдарда, жеке алғанда БҰҰ органына 

жылжытуда  «Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  мүше  елдерінің  қолдауына 

сену мүмкіндігін береді. Жоспарлы түрде «Ислам Конференциясы» Ұйымының 

жетекші  институттарының  бірімен  –  Ислам  даму  банкымен  ынтымақтастық 

дамуда.  

 

«Ислам  Конференциясы»  Ұйымымен  білім,  мәдениет,  ғылым  және 



технология  саласында  ынтымақтастықты  арттыру  басымды  болып  көрінеді. 

Осыған  орай  Ислам  ұйымымен  білім,  ғылым  және  мәдениет  жөнінде  тығыз 

әрекеттестікті  (ИСЕСКО)  орнату  Қазақстанға  мәдени  мұра  ескерткіштерін 

сақтау  және  қалпына  келтіру,  ислам  әлемі  тілдерін,  тарихы  мен  мәдениетін 

үйрену  және  оқыту  саласында  тәжірибе  алмасу  сияқты  ұлттық  жобаларын 

табыспен  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Түрлі  мәдениет  пен  өркениеттің 

құндылық бейімделуінде болатын қарама-қайшылықтарды жою мәселелерінің 

өзектілігі жағдайында Ұйымды қазіргі кезде әлемде болып жатқан реалийлерге 

сәйкестікке келтіру мақсатында қайта реформалау маңызы аз орын алмайды.   

Қазақстан «Ислам Конференциясы» Ұйымының мұсылман әлемінің тиімді 

және  беделді  форумы  ретінде  нығаюына  қолдау  көрсетеді,  оны  исламның 

гумандық принциптерінде әлемдік дін және прогресс ретінде  реформалау мен 

түрлендіру  жөнінде  қазіргі  күштерін  қолдайды.  Қазақстан  «Ислам 

Конференциясы»  Ұйымының  сенімділігі  мен  беріктігінің,  оның  болашаққа 

талпынуының символы болатын жаңа жарғысын құрастыруды қолдайды.   

 

Министрлердің  Угандада  соңғы  мәжілісі  барысында  біздің  республика 



мұсылман елдерінің бір дауыстан қолдауына ие болды  және 2011 жылы осы 

Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болады да, Астанада  

38- 

БАҚД  өткізеді.    Сонымен  қатар,  берілген  ұйым  шеңберінде  сөйлесу 



қорытындысы бойынша Қазақстан делегациясы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік 

Кеңесіне 2011-2012 жылдар кезеңінде тұрақты мүшесіне, БҰҰ бітімгершілікті 

орнату  жөніндегі  Комиссиясына  2008-2010  жылдар  кезеңінде  мүшелікке 

кандидатурасына  қатысты  барлық  мүше  мемлекеттердің  қолдауына  сенім 

білдірді.  

Мұсылман  елдерінің  өкілдері  біздің  еліміздің  2010  жылы  ЕҚЫҰ–на  

төрағалығының фактысын шабыттана қабылдағанын атап өткен жөн, берілген 

мәселені «Ислам Конференциясы» Ұйымының ЕҚЫҰ–мен, әсіресе ксенофобия 

және  исламофобия,  нәсілдік  төзбеушілік    көріністерімен  күрес,  есірткі 

трафигімен және заңсыз көшірумен күрес маңайында, мұсылмандардың батыс 

қоғамдарда  бейімделу  салаларында  кең  ынтымақтастығын  орнықтыру  

мүмкіндігі ретінде қарастырды. Жеке алғанда, 2008 жылы қазанда Астанада ҚР 

Президентінің  бастамасы  бойынша  мұсылман  және  батыс  елдерінің  Сыртқы 

істер министрлерінің «Ортақ әлем: алуан түрлілік арқылы прогреске» Форумы 

өтті,  онда  Астана  декларациясы  және  ксенофобияны  игеру  жөнінде  және 


 

45 


мұсылман  қауымдастығының  батыс  қоғамдарда  бейімделу  жолдарының 

бірқатар практикалық шешімдері  қабылданды.   

Қазақстандық бастама  2009 жылы қазанда Астанада мұсылман және батыс 

елдерінің  Сыртқы  істер  министрлерінің  «Ортақ  әлем:  алуан  түрлілік  арқылы 

прогреске»  Форумын  ұйымдастыруы  жоғарғы  бағасын  алды.  ҚР  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  2010  жылды  Мәдениет  жақындастығының  халықаралық 

жылы  деп  хабарлауын  мұсылман  елдерінің  басшылары  қолдап,  оң  көзбен 

қабылдады. 2008 жылы қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы әлемдік және дәстүрлі 

дін көшбасшыларының ІІІ Съезін 2009 жылы Астанада БҰҰ қатысуымен және 

техникалық ықпал етуімен өткізу туралы резолюция қабылданды. Бұл шешім, 

мезгіл сайын әлемде туындап тұратын этника аралық және конфессия аралық  

жанжалдар  аясында  бірегей  қазақстандық  тәжірибе  жаһандық  деңгейде  талап 

етілген 

болып 


шықты. 

Астана 


әлемдік 

қауымдастықтың 

діни 

көшбасшыларының  кездесу  орындары    мен  сұхбаттасу  алаңына  айналғаны 



тегін емес.   

 

Мұсылман  елдерімен  экономикалық  қатынастар  спектрін  кеңейту  мен 



серіктестік  қатынастарды  орнықтыруға  Қазақстан  Республикасында  2011  ж. 

жетінші Бүкіл әлемдік исламдық экономикалық форумды өткізу ықпал етеді.  

Конференция  шеңберінде  Қазақстанға  көп  жақты  форматта  ғана  емес, 

сондай-ақ  екі  жақты  қатынасты  орнықтыру  жөнінде  ынтымақтастық 

географиясын  кеңейтуге  мүмкіндік  туады.  Осының  практикалық  мысалы 

ретінде  «Ислам  Конференциясы»  Ұйымының  2008  жылы  іс-шара  барысында 

Қазақстанның  Угандамен,  Мозамбикемен,  Суданмен  және  Сенегалмен 

дипломатиялық  қарым-қатынасын  бекіту  туралы  келісім  жасасуы  болып 

табылады.  

 

Сонымен,  Ұйым  қызметіне  араласуы  және  Қазақстан  Республикасының 



БАҚД-ға  төрағалығы  «Ислам  Конференциясы»  Ұйымдары  2011  жылы 

Қазақстанға  әлемдік  саясатқа  одан  әрі  белсенді  әсер  ету,  халықаралық 

жанжалдар  мен  таластарды  шешуге  ықпал  ету,  ұлттық  мүдделерді  алға  қою, 

баға жетпес тәжірибе алу және жан-жақты дипломатия мектебінен өткен білікті 

қызметкерлерді  даярлау  мүмкіндігін  береді.  Қазақстан  мұсылман  әлемімен 

өзара  қарым-қатынастың  сапалы  жаңа  әлеміне  көтерілді  деп  айтуға  болады. 

Саяси жоспармен ислам елдерімен одан қарым-қатынасты жандандыру  біздің 

еліміздің  ұзақ  мерзімді  мүдделеріне  жауап  береді  және  ҚР  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының ережелеріне сәйкес келеді.  

  

Әдебиеттер тізімі: 



 

1. 


Назарбаев Н.Ә. Критическое десятилетие. Алматы: Атамұра, 2003. 

2. 


Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на съезде  

    


мировых и традиционно-национальных религий 23 сентября 2003 г. //  

    


Вечерний Алматы. 2003. 24 сентября. 

3. 


Послание Президента страны Н.А. Назарбаева  народу Казахстана «Через  

    


кризис к обновлению и развитию» //Казахстанская правда. 2009. 6 марта. 

4. 


Бойко В. Религий много, планета одна //Казахстанская правда. 2009. 18 июня. 

 

46 


Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестер  

 

Қарағанды мемлекеттік  

                                                                                  

техникалық университетінің 

 

«Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, 

 

т.ғ.к. 

Сүлейменова М.Ж. 

 

Кез келген мемлекеттің сапалы дамуының табысы ішкі және сыртқы өсу 

көздеріне оның әсер ету қабілетімен айқындалады. Еліміздің жоғары бәсекеге 

қабілеттілігі  осы  мемлекеттің  маңызды  мақсаты  болуы  тиіс.  Бәсекеге 

қабілеттілікті  арттырудың  маңызды  құралы  ірілендіру  және  интеграциялау 

процестері  болды.  Аймақтық  және

 

субаймақтық  интеграция  корпоративтік 



деңгейден  ұлттық  деңгейге  дейінгі  жаһандану  жағдайында  басым  үрдістер 

болып  қалыптасуда.  Интеграция  бойынша  серіктестердің  өзара  қарым-

қатынастары, бәрінен бұрын, нарықтың объективті экономикалық заңдарымен 

анықталуы  тиіс.  Осы  заңдарға  бағыну  интеграциялану  процесінің  жекелеген 

қатысушылары үшін ерекше, бір жақты құқықтарға жол бермейді.  

Осы  жоспардағы  міндеттер  ТМД  мемлекеттерінің  де  алдында  тұр,  өзіне 

келесі    кезеңдерді  енгізеді:  экономика,  тауар  саудасы  және  ақпарат  алмасу 

салаларында,  шекараның  ашықтығы,  Достастық  шеңберінде  азаматтардың  

араласу еркіндігін өзара және тең құқықты ынтымақтастықта қамтамасыз ету. 

Посткеңестік  мемлекеттердің  интеграциялануының  саяси  нысаны  ретінде 

посткеңестік  кеңістікте  КСРО  ыдырағаннан  кейінгі  ретсіздікке  жол  бермейтін  

реттеуші функцияны орындады.  

ТМД 

шеңберінде 



мемлекеттердің 

табысты 


интеграциялық 

ынтымақтастықтарының алғышарттары мыналар: 

  

ТМД-да  көп  жақты  ынтымақтастықты  дамыту  қатысушы  мемлекеттердің  

егемендігін ірілендіру процесіне қайшы емес; 

  

тоталитарлық өткеннен ажырауға бағытталған қоғамды өзгерту жолдарының 

ұқсастығы,  нарықтық  экономиканы,  саяси  демократияны  құру,  өндіруші 

күштерді және нарықтың кемелденуін дамытудың шамамен бірдей деңгейі; 

  

өте  ауқымды  адам  ресурстары  және  қорғаныс  әлеуеті,  ауқымды  аумақ, 

дамыған ғылымы және бай мәдениетінің болуы; 

  

әлеуметтік,  гуманитарлық,  ақпараттық  салаларда  ТМД  елдері  арасында 

тығыз байланыс орнату. 

Алайда,  осындай  оң  жағдайларға  қарамастан  ТМД  интеграциялық 

ынтымақтастығында  күрделенген  проблемалар  бар.  Достастықтың  дамуы 

экономикалық түрлендірулерге әртүрлі амалдар, қазіргі заманғы мемлекеттерді 

геосаяси  реалияда  қабылдау  және  сезіну,  қазіргі  заманғы  әлеуметтік-саяси 

жүйеде  өз  орнын  таба  білу,  сондай-ақ  посткеңестік  кеңістіктегі  интеграция 

қатынасында әртүрлі айырмашылықтардың бар екенін байқатты.  

Әлемдік экономикада және посткеңестік кеңістіктегі орталыққа ұмтылғыш 

және  орталықтан  тепкіш  күштердің  ара  қатыстарында  интеграциялық 


 

47 


процестердің  сипаты  геоэкономикалық  координаталар  жүйесінде  ТМД 

дамуының негізгі екі бағыты қалыптасты:  

  

ТМД  жаһандану  жағдайында  әлемдік  экономикада  экономикалық 

кеңістіктерді  біріктірудің  эпицентріне  айналуы  және  әлемдік  экономиканың 

қажетті бөлігі ретінде тиімді қызмет етуге барлық мүмкіншілігінің болуы; 



 

жекеленуге  ұмтылған  және  негізгі  әлемдік  экономикалық  топтардың  қарсы 

тұруы  ТМД  батыс  және  шығыс  бөліктерін  өзара  итермелеуге  апарды,  ал 

орталық  әлемдік  экономикалық  шет  жағы  болып  қалады  немесе  әлемнің 

экономикалық шегі ретіндегі күрес аймағына айналады. 

Бүгінгі  күні  көптеген  сарапшылардың  пікірі  бойынша,  ТМД  аумағында 

экономикалық салаларда интеграциялық процестер тым баяу өтуде. Бұл ретте  

әртүрлі  себептер  бар.  Көбінесе  ұлттық  элита  позициясына,  посткеңестік 

кеңістікті  шоғырландырмау  бойынша  сыртқы  күштердің  мүдделеріне,  ТМД 

елдері  басшыларының  көп  векторлы  саясатқа  ұмтылуына,  Достастық    елдері 

арасындағы ресурстарды біркелкі емес бөлуге байланысты. Алайда бір уақытта 

ТМД  елдерінің  экономикалық интеграциясын  қалыптастырғысы келетін басқа 

да  түрлі  объективті  факторлардың  да  әрекет  жасайтынын  ұмытуға  болмайды. 

Бұл  өте  үлкен  әлеуетті  рынок,  ТМД  барлық  мүшелері  үшін  өмірде  қажетті 

мемлекет  қатарындағы  табиғи  ресурстардың  бар  болуы,  біздің  еліміздің 

экономикасының субъектілері арасындағы осы уақытқа дейін сақталып келген 

байланыстар,  орыс  тілінде  мемлекет  аралық  қатынас  жасау  және  т.б.  Біздің 

көзқарасымыз  бойынша,  егер  экономика  саласы  бойынша  ТМД  елдері 

арасындағы  өзара  байланысты  объективті  түрде  бағалайтын  болсақ,  онда 

ұлттық  экономикалық  жүйелерді  қалыптастыру  процесі  жалғасып  жатқанын 

ескеру қажет. Ол объективті түрде және қайтарымсыз сипатта. Ол процесс әлі 

аяқталған  жоқ.  Әрбір  ел  экономикалық  қатынастардың  өз  жүйесін 

қалыптастырады.  Соның  нәтижесінде  посткеңестік  кеңістікте  ұлттық 

экономикалық модельдердің әртүрлі типтері қалыптасады. 

Бұл қазіргі замандағы дағдарыс жағдайында анық байқалуда, Еуразиялық 

идея  ролі  артуда,  оны  іске  асыру  еуразиялық  кеңістік  бойынша  геосаяси 

көршілермен  сенімді  байланыс  орнатуға  мүмкіндік  туғызады.  Посткеңестік 

кеңістікте  интеграциялық  процестерді  оң  дамытудың  басқа  факторы  соңғы 

кезекте  Достастық  елдерінің  дамуының  экономикалық  емес  факторларын 

есепке  ала  отырып,  әлемдік  дамудың  қазіргі  заманғы  прогресшіл  үрдістерге 

негізделген  бір  типті  экономикалық  жүйелерін  біртіндеп  қалыптастыруға 

байланысты. 

Экономикалық  дамудың  жалпы  заңдылықтары  экономикалық  емес 

ерекшеліктермен  қарама  қайшы  өзара  әрекет  жасайды.  Бұл  ретте  Достастық 

елдерінің  экономикасының  ұлттық  модельдерінің  айрықша  жалпы 

ерекшеліктері  анықталады,  олар  мемлекеттің  неғұрлым  жоғары  ролін  және 

әлеуметтік тұрақтылықты талап етеді. Ресей және Қазақстан экономикасы үшін 

мемлекеттің  ролі  көбінесе  табиғи  ұқсас  жағдайлардың  барлығымен 

анықталады: үлкен аумақ, табиғи бай ресурстар, маңызды өңірлік өзгешеліктер. 

Осы  жерден  трансферттің  үлкен  үлесінен  және  экономикаға  мемлекеттің 

қатысуы туындайды. ТМД елдерінің көпшілігінде күшті мемлекеттіліктің саяси 


 

48 


дәстүрі  әлеуметтік  проблемаларды  шешуде  мемлекеттің  ерекше  ролімен 

үйлеседі.  Біздің  еліміз  әлеуметтік  әділеттіліктің  дамушы  дәстүріне  ие.  Күшті 

әлеуметтік  дәстүрлер  оларды  іске  асыруға  нарықтық  негізгі  экономика 

негізделген бірқатар өзгерістерді енгізуді талап етеді. 

Бір типті ұлттық модельдерді қалыптастыру еліміздің саяси тәуелсіздігін  

жоққа  шығармайды,  бірақ  экономикалық  өзара  әрекет  етуге  бірдей  өлшемдер 

мен  принциптерді  қолдану  және  өзара  серіктестікке  негізделген  олардың 

қатынастарының  жаңа  типтері  үшін  алғышарттар  жасайды.  Бұған  мысал 

ретінде Қазақстан мен Ресей қатынастарын көрсетуге болады. 

ТМД  елдерінің  тығыз  экономикалық  ынтымақтастығына  және  олардың 

ұзақ  мерзімді  перспективада  интеграциясына  балама  жоқ.  Экономикалық 

дағдарыс посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестерді күшейтеді, ТМД 

елдерінің  бөлінуі әрбір мемлекеттің жеке дамуына қауіп төндіреді. ТМД елдері 

экономикасының тұрақты және берік сала аралық байланыстарының жүйелерін 

жасауды талап етеді, ал бұл нақты ұлттық экономикалық қауіпсіздік жүйесін, 

ішкі нарықты, халықты өңірлік интеграциялау енген еліміздің тіршілік әрекетін 

қамтамасыз  етуге  бағытталған  салалардың  түрліше  мемлекет  аралық  кешенін 

құруға  мүмкіндік  береді.  Интеграция  базасында  экономиканың  нақты 

секторында  мұндай  кешеннің  бөлінуі  –  бүгінгі  күні  посткеңестік  кеңістікте 

интеграциялық процестерді дамытудың бірінші дәрежелі міндеті. 

Өздігінен жетілу жағдайында жұмыс істеп жатқан ТМД елдерінің тұйық 

ұдайы өндіріс кешен тобын құру туралы сөз болуда. Мұндай тәсілді іске асыру 

үшін  ең  үлкен  перспективалар  ұлттық  үйлестіру  экономикалық  орган  бөле 

отырып  ЕурАзЭҚ  шеңберінде  бірыңғай  Кедендік  одақ  құру  болып  табылады. 

Аталған  жағдай  кеңінен  мойындалуда  және  ТМД  елдерінің  достастығы 

проблемалары  бойынша  бірқатар  қазіргі  заманғы  зерттеулерге  негізделеді. 

Ресей,  Қазақстан  және  Белоруссияның  осындай  одағын  құру  үшін 

қабылданатын экономикалық күштер әрине перспективалы. Бұл – қазіргі күнгі 

интеграцияның шешуші ролі. Кедендік Одақ құру туралы Н. Назарбаевтың сөзі 

басымдыққа ие, бірақ еуразиялық интеграцияның барлық шынайы жақтастарын 

қуанта алмайды. 

Тату көршілік, тең құқықтық, таза ынтымақтастық – бұл ТМД елдерінің 

экономикалық  интеграциясы  үшін  қажетті  шарттар.  Тек  осы  негізде  ғана 

интеграциялық  сипаттың  басқа  ұзақ  мерзімді  жобалары  –  бірлескен  көліктік 

жобалар, инновациялық типтес ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту 

сияқты жобалар жүзеге асырылуы мүмкін.  

Достастық  елдері  аумағында  интеграциялық  процестерді  тиімді  дамыту 

үшін  жоғары  технологиялық  өндіріс  ошақтарын,  орташа  және  жоғары  

технологиялық  деңгейдегі  бірлескен  кәсіпорындар  (ТМД  кеңістігінде)  құру 

қажет.  Меншікті  ғылыми-техникалық  әзірлемелерге  қолдағы  қаржылық 

ресурстарды бағыттау, ғылым, техника мен өндірістің нақты шоғырлануын іске 

асыру керек. 

Қазіргі  кезде  бірыңғай  экономикалық  кеңістікті  қалыптастыру  бойынша 

шаралар қалыптасты. Бұрында мұндай әрекеттер қолға алынды, бірақ олар 90-

жылдардың  ортасында  тоқтап  қалды,  негізін  қалаушы  бірқатар  құжаттар 


 

49 


әртүрлі  мемлекеттердің  мүдделеріне  байланысты  туындаған  бірқатар 

себептерге байланысты жүзеге аспай қалды. Қазіргі кездегі дағдарыс әсерінен 

бұл  процестер  қайта  қарауды  талап  етеді.  2009  жылы  21  сәуір  күні  Мәскеуде 

Қазақстан  Республикасы  Көлік  және  коммуникация  министрі  Әбілғазы 

Құсайыновтың  Ресей  Федерациясы  Үкіметінің  Төрағасының  бірінші 

орынбасары  Игорь  Шувальмен  кездесуі  болып  өтті.  Күн  тәртібінде  ЕурАзЭҚ 

шеңберінде  кедендік  одақтың  құрылуы  және  оның  құқықтық  негіздері  

мәселелері  талқыланды.  Келешекте  кедендік  одақтың  жұмыс  істеуі  2010 

жылдың ортасына қарай деп күтілуде. Осылайша, келешекте бірыңғай кедендік 

одақтың қалыптасуы ЕурАзЭҚ еуропалық экономикалық қауымдастыққа қарай 

жақындатудың қадамын жасайды деп сендіреді. Аймақтық резервтік валютаға 

есептеу  ауысқан  кезде  және  келешекте  бірыңғай  кедендік  саясатты  нығайту 

аймақтық бірыңғай ұлттық валютаға транзакциялау мүмкін.  

ЕурАзЭҚ  бірыңғай  дағдарысқа  қарсы  қорын  құру  туралы  Бурабайда 

өткен  ТМД  саммитінде  қабылданған  шешімдер  дағдарысқа  қарсы  тұру 

шараларын  өңдеуде  ірі  қадам  болды.  2009  жылы  4  ақпан  күні  Мәскеу 

қаласында өткен кеңейтілген құрамда ЕурАзЭҚ мемлекет аралық кеңестерінің  

мәжілісінде Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер 

басшыларының  10  млрд.  АҚШ  доллары  көлемінде  Дағдарысқа  қарсы  қорды 

құру туралы келісімге қол қойылды.  

Қазақстан  әрдайым  ТМД  шеңберінде  тәуелсіз  және  тең  құқықты 

мемлекеттердің болашақ одағының өздерінің белгілі бір егемендік құқықтарын 

бөлгенге  дейін  интеграцияның  жақтаушысы  болып  табылды.  ТМД  елдері 

қатарына  енетін  кейбір  мемлекеттер  поэзиясында  осы  мәселелер  бойынша 

маңызды  алауыздықтар  байқалады.  ТМД  қызметіне  қанағаттанбаушылығын 

Қазақстан басшысы бірнеше мәрте атап өткен болатын, ал бұл «Қазақстандық 

Президенттің  Еуразиялық  Одақ  идеясын  тудырды,  баяу  іске  асырылуын 

күтпей-ақ ТМД шеңберінде интеграциялық процестердің қуатты катализаторы 

бола білді».  

Н.Ә.Назарбаев  Еуразиялық  Одақтың  маңызын  атап  өте  отырып, 

еуразиялық  кеңістікте  интеграцияның:  экономикалық,  әскери-саяси,  мәдени-

гуманитарлық үш өлшеміне көңіл қояды.  

Әскери-саяси  өлшем  туралы  айта  отырып,  бұрынғы  15  одақтас 

республиканың  12-сін  біріктіре  алған  ТМД  құрылуы  жалпы  экономикалық 

және  әскери-стратегиялық  кеңістікті  сақтай  алуға,  ал  ең  бастысы  бұрынғы 

КСРО    ядролық  әлеуетінің  тағдырын  шешуге  мүмкіндік  берді.  Ядролық 

саладағы  шешімдер  «Ядролық  қару  қатынасында  бірлескен  шаралар  туралы 

келісім»  және  «Стратегиялық  күштер  бойынша  келісім»  Алматы 

декларациясында  анықталды  және  атап  өтілді.  Ол  ядролық  әлеует  орналасқан 

Ресей,  Қазақстан,  Украина,  Белоруссия  мемлекеттерінің  арқасында  болуы 

мүмкін, ядролық қаруды таратпаудың халықаралық режимін сақтаған жағдайда 

ядросыз  немесе  бейтарап  болғысы  келген  тілектерін  жариялаған  тәуелсіз 

мемлекеттерінің  мүдделері  есебінен  барлық  инфрақұрылымды  қайтадан  құру 

шешімін  қабылдады.  Қазақстан  үшін  ТМД  қалыптасудың  кезеңдеріндегі 



 

50 


алғашқы  міндет  дүние  жүзін  қамтыған  өте  қиын  жүйелік  тұрақсыздық  

жағдайында меншікті қауіпсіздікті қамтамасыз ету болды.  

Үшінші өлшем – мәдени-гуманитарлық – ТМД елдерінің білім кеңістігін  

дамытуды  ұсынады.  Бұл  жоспарда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев  әлемдік  тәжірибеден  және  тарихи  естелікке  байланысты  ТМД 

елдерінің  жалпы  білім  кеңістігін  қалыптастыру  бойынша  іс  жүзіндегі  іс-

шараларды  ұсынады.  Жоғары  білім  деңгейісіз  экономика  да,  ХХІ  ғасырдағы 

қоғам  да  бола  алмайтыны  барлығына  белгілі.  Қазақстан  Президенті  үшін  бұл 

қарапайым  шындық  емес,  іс-әрекетке  көшуге  басшылық  жасау,  осыған 

байланысты  Нұрсұлтан  Назарбаев  жалпы  білім  кеңістігі  туралы  мәселені 

жаңадан қою туралы өз ойын жариялады. 

Бұл мәселенің жаңашылдығы неде? Біріншіден, бұл проблема еуразиялық 

мәдени-гуманитарлық  интеграция  жүйесінде  қарастырылады.  Екіншіден,  «бай 

интеллектуалды мұраны байыту

 

және жинақталған білімді барлық аймақ үшін 



табысты дамыту үшін пайдалану қажет. Оны жүзеге асыруға тоқтаусыз кірісу 

керек».  Үшіншіден,  Президент  «мәдениет  және  тілдердің  әр  түрліктерінің 

жалпы  құндылықтары  негізінде  бірыңғай  еуразиялық  сәйкестендіруді  құру 

туралы ұмытуға болмайды» деп ескертеді. Бұл Мемлекет басшысының аузынан 

шыққан  принципті  сөз  барлық  еуразиялық  кеңістікте  білімнің  даму 

перспективасын түсіну үшін көбінесе революциялық тұрғыға байланысты. 

Еуразиялық  идеяны  нақты  іске  асыруды  растайтын  фактілерді  атап  өту, 

яғни  ол  объективті  бірыңғай  күш  ретінде  әрекет  ететіндігін  айғақтайды. 

ЕурАзЭҚ  дамуы,  еуразиялық  деңгейдегі  жаңа  экономикалық  институттар 

(Еуразиялық  даму  банкі,  Дағдарысқа  қарсы  қор  және  т.б.),  Кедендік  одақтың 

құрылуы  —интеграция  прогресінің  тікелей  куәсі.  Біз  бұл  пікірлердің  Н.Ә. 

Назарбаевтың жеке іс-әрекетісіз пайда болуы мүмкін емес екенін білеміз.  

ТМД  қазіргі  заманғы  қауіпті  қатерлер  алдында  тұр.  Әлемдік  қаржы 

дағдарысы  бүгінгі  күні  дамыған  және  динамикалы  даму  үстіндегі  елдердің 

экономикасына  күшті  соққы  болды.  Перманенттік  инфляция  жүйесінде 

құрылған  әлемдік  резервті  валюта  ретінде  доллардың  тұрақты  бағамы  және 

монополиялық  түрде  болудың  бұрынғы  қаржылық  жүйесі  өз-өзін  тұралатты. 

Ұлттық және аймақтық қауіпсіздіктің сыртқы шаралары, бүгінгі күні көрсетіп 

отырғандай  бірлескен  іс-әрекеттерді  шешуді  талап  ететін  өзекті  проблема 

болуы мүмкін. Терроризм қатері бір мемлекет шеңберінде шешілмеуі мүмкін. 

Мұндай  жағдай  интеграциялық процестер  үшін  осы проблемаларды шешудің, 

қалыптасқан жағдайдан бірлесе шығу және әрі қарай дамудың жаңа жолдарын 

іздеудің тәсілі ретінде ауқымды алғышарттарды ұсынады. 

ТМД  елдерінің  аумағында  интеграциялық  процестердің  тиімді  дамуы 

үшін  жоғары  технологиялық  өндіріс  ошақтарын,  орташа  және  жоғары  

технологиялық  деңгейдегі  бірлескен  кәсіпорындар  (ТМД  кеңістігінде)  құру 

қажет.  Меншікті  ғылыми-техникалық  әзірлемелерге  қолдағы  қаржылық 

ресурстарды бағыттау, ғылым, техника мен өндірістің нақты интеграциялануын 

іске асыру керек. 

 

 



 

51 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет