Әдебиеттер тізімі:
1.
Назарбаев Н. А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.
2.
Далаева Т. Т. Из истории международных связей Казахстана // История
Казахстана в школе и в вузах. Астана, 2002. № 4.
3.
Сарсекеев М. Национальные интересы и внешняя политика Казахстана //
Евразийское сообщество. Алматы, 2002. № 1.
4.
Шаймаков Г. Внешнеполитическая деятельность Республики Казахстан в
международных организациях. Алматы, 2002.
85
Н.Ә. Назарбаевтың қарусыздандыру және ядролық
қаруды таратпау бойынша бастамалары
А.О. Жетпісбаев,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
кафедрасының аға оқытушысы
Қазақстанның қарусыздандыру және жаппай жою қаруын таратпау
саласындағы саясаты сыртқы саяси бағытпен анықталады, оның негізінде
ядролық қарудан бас тартуға, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға,
мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, халықаралық
ұйымдардың жаһандық проблемалар мен дауларды реттеудегі ролін арттыруға
бейімділік жатыр.
КСРО ыдыраған соң, мамандар пайымдағандай, Қазақстан әлемдегі 4-ші
ядролық арсеналдың иеленушісі болды. Бұл уақытқа қарай әлем ядролық
қарудың талқандаушы күшін және оны иеленген елдердің әлемдік мәртебесін
жақсы білген. Әрине, жаңа құрылған мемлекетте өзінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін соншалықты қуатты құралды өзінің қарамағына алуға
күшті азғырушылық болуы мүмкін. Біздің Тәуелсіздігіміздің алғашқы
күндерінде шетелдік эмиссарлардан тоқтату болған жоқ, олар Қазақстанға
орасан зор қаржылай сыйақымен және «ядролық қаруы бар бірінші және
жалғыз мұсылман елі» ретінде беделмен дәмелендіріп, ҚР Президенті Н.
Назарбаевты осы жойқын салатын қаруды сақтауға иландырды.
Қазақстанда қаруды сақтаудың қарсыластары да, жақтаушылары да
болғанын атап кету керек. Бірінші кезекте, арсенал, мұнымен келіспеу мүмкін
емес, ықтимал қарсыластың әлеуетті кеудемсоқтығын ұстап тұрудың тиімді
құралы болар еді. Қазақстанда ядролық ракеталардың бар болуының өзі ғана
кез келген басып алушының есін бірден жиғызар еді, арсенал кәдімгі
қаруландыру және Қарулы күштер саны саласындағы әскери әлеует дисбалан-
сының орнын толтырар еді – бұл дәлел де сол қиын кезең үшін қисынды.
Үшіншіден, ядролық қарудың өзі Қазақстанға өңірлік астам держава мәртебесін
беретіндігі туралы тезис кеңінен қолданылды. Төртіншіден, ғылыми-техника-
лық әлеуетті, іргелі және қолданбалы ғылымды дамыту үшін ядролық кешенді
сақтаудың жоғары маңыздылығы аталды. Бесіншіден, бүтіндей қызықтырарлық
идея - әлеуетті ядролық ұстап тұру үшін жеткілікті көлемдерге дейін қысқарту
ұсынылды. Сонымен бірге 20-30 жыл ішінде, осы проблеманың шешімімен
асықпай анықталу керек.
КСРО ыдыраған соң Қазақстанның ядросыз аймақты таңдауы төтенше
күрделі жағдайларда жасалды. 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық
полигонын жабу туралы жарлық шығарылды. Жылдар өткен соң дәл осы
86
күннің Қазақстанның бастамасы бойынша Халықаралық ядролық сынақтарға
қарсы әрекеттер күні болып жарияланған фактісі терең символдық болды.
Қазақстанның ядролық қаруды таратпайтын болашақ саясатының негізін
қалаған бірінші қадам 1991 ж. ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың № 409
Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын жабу болды. Бұл әлемдік
практикадағы ядролық полигонды ерікті жабудың бірінші өнеге боларлық
жағдайы, жаңа қалыптасып келе жатқан жас мемлекет үшін ғана емес, сонымен
бірге бүкіл әлемдік қауымдастық үшін де айрықша маңызды шешім. Семей
ядролық полигонының жабылуы басқа алаңдарда да байқалды: Невададағы,
Лоб-Нордағы, Жаңа Жердегі полигондардың үні өшті. Муруроа атоллында
сынақтар жүргізген Франция халықаралық қауымдастықтың қысым
көрсетуімен олардан бас тартуға және барлық сынақтарды мерзімінен бұрын
қысқартуға мәжбүр болды.
1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары
Стратегиялық ядролық күштерге қатысты Алматы декларациясында бұрынғы
КСРО ядролық арсеналының жұмыс істеуін бірлесіп бақылау, ядролық
қауіпсіздіктің лайықты деңгейін қолдауда қандай да бір жаңылысуға жол
бермеу механизмін анықтады және стратегиялық шабуылдық қару-жарақты
қысқарту саласындағы КСРО халықаралық міндеттемелеріне бейімділікті
растады.
199
2 жылғы 23 мамырда Лиссабонда берілген елдердің және АҚШ
өкілдері төрт мемлекеттің аумағында орналасқан Стратегиялық Ядролық
Күштерге қатысты стратегиялық шабуылдық қару-жарақты (СШҚ) қысқарту
және шектеу туралы Шарт ережелерін іске асыру үшін олардың жауапкершілігі
сферасын нақтылаған бес жақты Хаттамаға қол қойды. Лиссабон Хаттамасында
сондай-ақ Беларусьтің, Украинаның және Қазақстанның ядролық қаруды
иеленбейтін елдер ретінде ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылу
міндеттемелері болды. Қазақстан Лиссабон хаттамасы бойынша міндеттеме-
лерді бірінші болып орындады, оған 1992 жылғы 23 мамырда қол қойды,
сонымен қатар стратегиялық шабуылдық қару-жарақты қысқарту және шектеу
туралы КСРО және АҚШ арасындағы Шартты белсенділендірді.
1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту (ҚБҚ) бағдарламасы
іске асырыла бастады, сондай-ақ ол “Нанн-Лугар бағдарламасы” деп аталды,
оның шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алған соң Қазақстан аумағында қалған
ядролық, химиялық және биологиялық қарудың инфрақұрылымын және
объектілерін жою және зарарсыздандыру бойынша жобалар кешені,
стратегиялық шабуылдық қару-жарақ демонтажын, экспорттық бақылау
жүйесін құру, ядролық материалдарды басқару мен бақылауды жақсарту,
қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.
1993 ж. 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
Ядролық қаруды таратпау шартын (ЯҚТШ) ратификациялады.
ЯҚТШ ядролық қаруды бақылау саласындағы жалғыз көп жақты келісім
болып табылады, ол қатысушы-мемлекеттерді ядролық қарусыздандыру
бойынша шаралар қабылдауға міндеттейді.
87
Қазақстанның бұл ұйымға қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске
асырудағы маңызды кезең болып табылды.
1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ Будапешттік саммиті кезінде Ресей,
Ұлыбритания Қазақстанның, Беларусьтің және Украинаның ядросыз мемлекет-
тер ретінде ЯҚТШ-ға қосылуына байланысты оларға қауіпсіздік кепілдіктерін
беру туралы Меморандумға қол қойды. Осы құжатқа қол қою халықаралық
қауымдастықтың Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару
бойынша міндеттемелерін толық және бұлжытпай орындау фактісін мойында-
ғанын білдірді. Кейінірек Қазақстанға осындай түрдегі кепілдікті Қытай мен
Франция ұсынды.
Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындап,
Қазақстан қазақстандық жерде ядролық қарудың инфрақұрылымын жою және
бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға конверсиялау проблемасы-
мен айналысты. Осы мақсатта ХАТЭАГ қамқорлығымен ядролық
материалдарды есепке алудың және бақылаудың мемлекеттік жүйесін
ұйымдастыру, АЭС пайдалану, ядролық материалдар мен қондырғыларды
физикалық қорғау бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсету бойынша
Координациялық жоспарды әзірлеген болатын, оған Ұлыбритания, АҚШ,
Швеция және Жапония қатысты.
1994 ж. 14 ақпанда Қазақстан Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің
(ХАТЭАГ) мүшесі болды. ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 ж. 26 шілдеде
Алматыда Қазақстан Үкіметі және ХАТЭАГ арасындағы кепілдіктер туралы
Келісімге қол қойды, ол ҚР Президентінің 1995 ж. 19 маусымдағы Жарлығымен
ратификацияланды. Барлық ядролық объектілер ХАТЭАГ кепілдігінде және
Қазақстанның бүкіл ядролық қызметі Агенттіктің ережелері мен
стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
1996 ж. қыркүйекте Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 51-ші сессиясы
кезінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты (ЯСЖТШ) қол қойды
және Шарт шеңберінде анықтау режимін нығайтуға елеулі үлес қосып,
Жаһандық Мониторингтік Желіні құру тұрғысында ЯСЖТШ Дайындау
комиссиясымен белсенді ынтымақтасып, 2001 жылғы 14 желтоқсанда оны
ратификациялады.
1994-
1996 жж. ядролық қарусыздандыру саласындағы белсенді
қызметінің арқасында Қазақстан 1996 ж. бақылаушы мәртебесін иеленді, ал
1999 ж. 5 тамызда консенсуспен Қарусыздандыру жөніндегі конференция
мүшелігіне қабылданды.
2002 ж. 13 мамырда Қазақстан Ядролық жеткізушілер тобының (ЯЖТ)
40-
шы мүшесі болды. Біздің ЯЖТ-ға қатысуымыздың мақсаты терроризммен
күрес, жаппай жою қаруын таратпауға қарсы әрекет ету, екі жақты
тағайындалған ядролық материалдар мен өнімнің пайдаланылуы және
тасымалдануы үшін бақылауды күшейту бойынша шараларды белсенділендіру
болып табылады.
2004 ж. 6 ақпанда Қазақстан Республикасы кепілдіктерді қолдану туралы
Қазақстан Республикасы және ХАТЭАГ арасындағы Келісімге арналған
88
Қосымша хаттамаға қосылды және 2007 жылғы 19 ақпанда оны
ратификациялады.
2005 ж. шілдеде Қазақстан «Краков бастамасы» ретінде белгілі жаппай
жою қаруын таратпау саласындағы қауіпсіздік бойынша Бастамаға қосылды.
Бастаманың мақсаты – барлық елдерді күмәнді әуе және теңіз кемелерін,
сондай-ақ ОМУ-мен байланысты материалдарды тасымалдайтын жер бетіндегі
көлікті тосқауылдау процесіне қатыстыру.
2006 ж. 8 қыркүйекте Қазақстан Орталық Азияның басқа елдерімен қатар
Семейде өңірде ядролық қарудан бос аймақты құру туралы Шартқа қол қойды,
бұл жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға маңызды ұжымдық үлес
болып табылады. Өңір мемлекеттері қарусыздандыру және таратпау
принциптеріне, қазіргі заманның аса маңызды проблемаларының бірін шешу
бойынша ашық ынтымақтастықққа өзінің қатты бейімділігі туралы мәлімдеді.
ХАТЭАГ Шартты ЯҚТШ-ға, жаһандық қарусыздандыру мен ядролық таратпау
процесіне қосқан нақты үлес деп атады.
Қазақстан сондай-ақ 2006 жылғы шілдеде Ресей мен АҚШ Президент-
терімен шығарылған ядролық терроризм актілерімен күрес бойынша Жаһандық
бастамаға белсенді қатысады. 2007 ж. маусымда Астанада Жаһандық
бастаманың сыртқы істер министрлері орынбасарларының Үшінші кездесуі
жүргізілген болды.
2008 жылы Қазақстанда Жаһандық бастама шеңберінде келесі шаралар
өткізілді:
-
6 маусымда Алматы қаласында Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық
физика институтының базасында «Атом-Антитеррор–2008 халықаралық
антитеррористік оқулары болды.
-
2008 жылғы 11 қыркүйекте Өскеменде Үлбі металлургия зауытының
базасында «Жобалық қауіп» екі күндік семинары өткізілді.
Бүкіләлемдік қарусыздандыру процесіндегі тоқырауды есепке алып, ҚР
Президенті Н. Назарбаев Жалпыға ортақ ядролық қаруды көлденеңінен және
тігінен таратпау туралы жаңа шартқа қол қою бастамасымен сөз сөйледі.
2009 ж. 18 маусымда жарияланған Мемлекет басшысының бастамасы
бойынша оның Семей полигонындағы сынақтарды тоқтатудың 20 жылдығына
арналған салтанатты шарада және 2009 ж. 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі
діндер көшбасшыларының III съезінің ашылуында сөз сөйлеуі барысында,
2009 ж. 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясы 29 тамызды
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекеттер күні деп жариялау туралы
Қазақстан ұсынған қарарды қабылдады. Қазақстан ұсынған қарардың қосымша
авторлары 26 мемлекет, соның ішінде Армения, Беларусь, Бразилия, Қатар,
Қырғызстан, Монғолия, Сауд Аравиясы, Тәжікстан, Түркіменстан және
Жапония болды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 ж.
желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде Жалпыға
ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдау туралы шақыруы
айтылды. Саммит шеңберінде біздің мемлекетіміздің басшысы Арал теңізін
сақтау, бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағын жандандыру сияқты
89
экологиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесетін, ЕҚЫҰ Экологиялық
форумын құруды ұсынды. ЕҚЫҰ басқарушы үштігінің құрамында биылғы
жылы Қазақстан ЕҚЫҰ экологиялық өлшемінің мазмұнын белсенділендіру
бастамасын ұсынды. Ядролық қарусыз бастамаларды нығайтуда Қазақстан
ХАТЭАГ-пен, Ядролық қаруды жеткізушілер тобымен, Краков бастамасымен,
Цангер Комитетімен және Ядролық терроризм актілерімен күрес бойынша
жаһандық бастамамен сәтті ынтымақтасады.
Қазақстанның осы бітімгершілік бастамалары бүкіл әлемде танылды,
оларды БҰҰ және халықаралық қауымдастықтың үлкен бөлігі қолдады. ЕО
жоғарғы өкілі атап өткендей, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты
жөніндегі жоғарғы өкілі, Еуропа комиссиясының вице-президенті К. Эштон
былай деді: «…мен әрқашан Қазақстанның халықаралық аренаға шығатын
ерекше рухани бастамаларының тізбесіне таң қаламын».
2011 ж. қазанда Астана Ядролық қарусыз әлем үшін белсенділердің
халықаралық форумын өткізеді, ол Семей ядролық полигоны жабылуының 20
жылдығына арналған.
ХАТЭАГ-пен ынтымақтастықтың маңызды бағыты ядролық қауіпті
қысқарту (NTI) бойынша Бастама Қорының жобасы шеңберінде Агенттік
қамқорлығымен өткізілетін Халықаралық ядролық отын банкін (ХЯОБ)
Қазақстан аумағында орналастыру туралы мәселені алға қою болып табылды.
Банктің құрудың негізгі мақсаты - әлемдік ядролық энергетиканы
дамытуды қалайтын, бірақ жеткілікті ішкі ресурстары, ядролық материалдарға
қатынасы жоқ елдерді қамтамасыз ету. Сонымен бірге объект еліміз үшін
қандай да бір экологиялық қауіп төндірмейді. Халықаралық сарапшылар
растайтындай, Қазақстанда радиоактивті материалдарды өндірудің, қайта
өңдеудің және сақтаудың қауіпсіз технологиялары бар.
ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан бейбіт ядролық бағдарламаны
соғыс бағдарламасынан бөлетін шектен ешқашан шықпайтынына сендіріп,
Қазақстан берілген банкті өзінің аумағында орнаталастыруға ғана емес,
сонымен бірге ядролық отынның тиесілі сақталуын қамтамасыз етуге әзір
екендігін мәлімдеді.
Банкті құру туралы идея бірқатар әлем мемлекеттері көшбасшыларының
арасында мақұлданды. Ал АҚШ Президенті Б. Обама Қазақстанның ХАТЭАГ
Басқарушылары кеңесінің құрамына кіру туралы ниетін өзінің қолдайтыны
туралы мәлімдеді.
Осы және көптеген басқа еңбегі үшін Қырғызстан Парламенті Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты бейбіт өмірді құрылысына қосқан үлесі
үшін 2012 жылы Нобель сыйлығын алуға ұсыну туралы идеяны қолдады.
Назарбаевты әлемнің Нобель сыйлығына ұсыну туралы ұсыныстар бұрын
да болған. Тура бір жыл бұрын осы идеяны Бүкіләлемдік түркі халықтарының
Ассамблеясы айтқан болатын. Жақында Шешен Республикасының басшысы
Рамзан Қадыров та осыған ұқсас ұсыныс жасады. Қазақстанда оны шешен-
ингуш мәдени орталығының өкілдері қолдады.
Биылғы жылдың тамызында "Bike for Peаce" норвегиялық қоғамдық
ұйымы Қазақстан Президентінің кандидатурасын 2012-2013 жылдарда әлемнің
90
Нобель сыйлығына ұсынуға ұсыныс жасады, оны бірінші кезекте Н.Ә.
Назарбаевтың Кеңес Одағы ыдыраған соң ядролық қарудан бірден
құтылғанымен негіздеді, бұл көптеген елдер өзінің ядролық қаруын құруға
талпынған жағдайда айтарлықтай елеулі факт болып табылады.
Тоғызыншы тамызда «Ақ Орда» республикалық қозғалысы «Әлем
халықтарына үндеумен» сөз сөйледі, онда Семей сынақ полигонын жабу
шешімі үшін, ядролық қарусыздандыру саласындағы бастамалары үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын әлемнің
Нобель сыйлығына ұсынуға ұсыныс жасады. «Ақ Орданың» ұсынысы
Қазақстанның Ұлттық мұрағатында өткен «Жапондық дабыл» циклінен
алынған шарада жарияланды.
Қазақстанның ядролық қарусыз болашақ пайдасына жасаған стратегия-
лық таңдауы Қазақстан үшін қауіпсіздік саясатының басымдылығын көрсетті.
Оның негізінде халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, мемлектетер арасындағы
ынтымақтастықты дамытуға, жаһандық проблемалар мен дауларды реттеудегі
халықаралық ұйымдардың ролін арттыруға, тұрақты даму принциптері мен
бастамаларына бейімділік жатыр.
Сонымен, егеменді Қазақстанның қарусыздандыру және ядролық қаруды
таратпау бойынша бастамалары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
қызметімен тікелей байланысты. Қазақстандағы Семей полигонына келіп, БҰҰ
Бас хатшысы Пан Ги Мун: «Мен Ресей Федерациясының, Құрама Штаттардың
және басқа ядролық державалардың көшбасшыларын ядролық қарудан
толығымен бас тартуға шақырамын, себебі ядролық қарудан бос әлемді құру, -
Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызды басымдылығы және адамзаттың ең батыл
мақсаты. Мен барлық ядролық державаларды Қазақстаннан үлгі алуға
шақырамын. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды Халықаралық
ядролық сынақтарға қарсы әрекеттер күні етіп жариялауға рухтандырды», - дей
отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа 1991 жылы әлемдегі төртінші ірі
ядролық арсеналдан бас тарту, полигонды жабу және ядролық қарудан бос
орталық азиялық аймақты бастау туралы көреген шешімі үшін ризашылығын
білдірді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Я – «ястреб»: Воспоминания, публикации, интервью. 1988-2007 годы.
Михайлов В.Н. Издательство: Институт стратегической стабильности Росатома,
2008.
2. Нурсултан Назарбаев – лидер, на которого надо равняться//
Казахстанская правда. 2010, 17 апреля.
91
Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік қауымдастықта
Қазақстан Республикасының ақиқатқа
негізделген имиджін қалыптастырудағы рөлі
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
кафедрасының аға оқытушысы
Есенжолов Е.С.
Философтардың бірі: «Заманның ұлы адамы – бұл өз заманының еркін
сөзбен тұжырымдай алатын, өз заманына оның еркі қандай екенін айта алатын
және осы ерікті орындай алатын адам. Оның жасағанының барлығы, – жүрек,
және оның заманының мәні, ол өзінің заманын материалдандырады» - деп
айтқан екен.
Мұндай адам, біздің заманымыздың ұлы тұлғасы Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің көшбасшысы, жаңа дәуірдің
көшбасшысы, жаңа типті көшбасшы болып табылады.
Өткен XX ғасырдың соңғы онжылдығы әлемнің саяси картасын және плане-
таның көптеген халықтарының тағдырларын түбегейлі өзгерткен оқиғалармен
қаныққан болды. Ол тәуелсіздік алған, прогресс, нарықтық экономиканың
қалыптасуы, демократиялық өзгерістер жолымен сенімді алға жылжи бастаған
Қазақстан үшін де елеулі болды.
Қазақстан халқының және ел басшылығының үлесіне ұлы тарихи миссия
тиді, ол әр ұрпаққа және әр көшбасшыға жете бермейді. Осы ежелгі және мәңгі
жас жерде жаңа мемлекет - еркін, демократиялық, экономикалық мықты,
бейбітшіл және бүкіл әлемге ашық мемлекет құрылады. Сонымен бірге Қазақстан
адамзатқа өзін, өзінің талантты, төзімді және еңбек сүйгіш халқын, өзінің
табиғи, этникалық және мәдени алуан түрлілігі бойынша қайталанбас өлкесін
ашады.
Мемлекеттің қазіргі замандағы бейнесінің проблемасы саясаткерлердің
ой өрісінде болмауы мүмкін емес. Әрбір ел ол туралы көбірек білуге және осы
ақпаратқа жақсы резонанс иелендіруге ұмтылады. Елдің жақсы бейнесі бүкіл
қоғамға пайда әкеледі, өйткені елдің халықаралық аренадағы беделін арттырып
қана қоймай, сонымен бірге инвестициялар мен туристердің елеулі бөлігінің
келуіне мүмкіндік туғызады. Көптеген үкіметтер қазіргі РR-технологиялардың
әр түрлі әдістерін пайдаланып, өз елдерінің шетелдегі ақиқатқа негізделген
бейнесін қалыптастыру үшін орасан күштер мен қаржыларды жұмсайды.
Сондықтан әлемнің дамыған елдерінде сыртқы саяси РR-қызметке маңызды
көңіл бөлінеді. Мемлекет бейнесін жасау міндеті экономикалық және саяси
реформалау мәселелері сияқты басымдылық болып табылады.
Мемлекет бейнесінің әр түрлі факторлардың толық кешенінен
қалыптасатыны белгілі, олардың арасында мемлекеттің сыртқы саяси қызметі
мен экономикалық, әлеуметтік және басқа параметрлерден тұратын ішкі саяси
92
жағдай бар. Әлемдік қауымдастық алдында мемлекет ылғи да нақты саяси
көшбасшымен сәйкестендіріледі, сонымен бірге мемлекеттің табыстары мен
қателіктері де оның атымен байланыстырылады.
АҚШ-та елдің жақсы бейнесін қалыптастыру мәселелерімен Құрама
Штаттардың арнайы ақпараттық агенттігі ЮСИА айналысады. Жыл сайын олар
өздерінің әр түрлі шараларына 1 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсайды
(мамандардың кейбір бағалары бойынша). 1990 жылдан бастап ЮСИА АҚШ
Мемлекеттік департаментінің құрылымдық бөлімшесі ретінде әрекет етеді және
142 елдегі 190 бөлімшені иеленеді. Агенттікте 6 мыңнан астам қызметкер қызмет
етеді, олардың ішінде 2,5 мыңнан астамы шетелде агенттіктің жергілікті
өкілдіктерінде жұмыс істеу үшін жалға алынған. Сонымен қатар, ЮСИА
мәдениет пен білім бағдарламаларын дайындаумен және іске асырумен
айналысады. Тәртіп бойынша, ЮСИА қызметкерлері шетелде АҚШ
елшіліктерінің баспасөз, мәдениет және қоғамдық байланыстар бөлімдерін
жинақтаған.
Францияда елдің жақсы бейнесін жасау үшін үш құрылым жұмыс істейді,
олар әлемде «француз тілі мен мәдениетін таратуға» бейімделген. Олардың бірі
–
«Француз альянсы», ол 1883 жылы құрылған және оның әлемнің 138 елінде
мыңнан астам бөлімшесі бар. Екінші құрылым - 1910 жылы құрылған, «Француз
институттары» желісі. Әдетте «Француз институттары» шетел мемлекеттері
астаналарындағы Францияның елшіліктері жанындағы мәдени-ақпараттық орта-
лықтар ретінде жұмыс істейді. Үшінші құраушы – мемлекеттік Халықаралық
француз радиосы, оның саясаты Сыртқы істер министрлігімен анықталады.
Ұлыбританияда бұл жұмыс бірден бірнеше ұйыммен жүзеге асырылады.
Олардың арасында – Британ кеңесі. Берілген органды қаржылық қолдауды
шетел мемлекеттерімен мәдени байланыс жасаумен айналысатын үкімет пен
ұйым жүзеге асырады. Британ кеңесінің бөлімшелері әлемнің 109 елінің 230
қаласында ашылған. Олар британдық кітапханалардың, лингвистикалық және
мәдени орталықтардың жұмысын қолдайды, шетелдегі британдық көрмелерге
демеушілік етеді.
«Күн шығыстағы елдің» шетелдегі жақсы бейнесін Жапония Қоры
қолдайды. Берілген Қор Сыртқы істер министрлігінің басқаруымен әрекет етеді.
Қордың әлемнің 17 елінде өкілеттіктері бар. Жапон елшіліктерінде, әдетте,
мәдени орталықтар жұмыс істейді, ал елшіліктердің өздері келген елдің тілінде
иллюстрацияланған журналдар шығарады.
Осыдан, әлемдік қауымдастықтағы маңызды рөльден үміткер елдер
өздерінің жақсы бейнесін құрумен айналысады.
Қазақстанға қатысты алсақ, онда кеңес кезеңінің өзінде мұндай қызмет
түріне орасан көп материалдық қаржы бөлінген. КСРО ыдыраған соң,
Қазақстанда ұзақ уақыт бойы осыған ұқсас ештеңе жүзеге асырылмаған. Тек
соңғы бірнеше жылда біздің мемлекетіміздің жақсы бейнесін құру бойынша
бағдарламаның шеңберінде шаралар жүргізу туралы белсенді пікірталастар
жүргізілуде.
Батыстың бірқатар БАҚ талдауы куәландыратындай, Батыстың
Қазақстанға деген қызығушылық деңгейі XX ғасырдың аяғына және XXI
93
ғасырдың басына қарай біртіндеп өсті (кезеңдік құлдырауға қарамастан). Бұл
бірқатар себептермен түсіндіріледі.
Біріншіден, Наполеонның «мемлекет саясаты оның географиясымен
анықталады» - деген ойын халықаралық қатынастардағы Қазақстанның бейнесіне
де жатқызуға болады. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан.
Республика аумағы батыстағы Жайықтың төменгі ағысынан шығыстағы
Алтайға дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан оңтүстіктегі
Тянь-Шань тау жоталарына дейін 1600 км-ге созылады.
Екіншіден, Қазақстандағы оқиғаларға белгілі қызығушылық кезеңдері
оның тарихындағы түйінді бетбұрыстармен байланысты болған. Сонымен, КСРО
саяси кеңістігінде Қазақстан ұзақ уақыт бойы КОКП ОК Саяси бюросының
мүшесі, Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтің
қызметімен байланыстырылған.
Кеңес өкіметі кезінде Қазақстан әлемде ядролық полигонның жабылуын
жақтайтын, «Невада-Семипалатинск» бейресми қозғалысымен байланыстырылды.
Әйгілі Байқоңыр космодромы әрдайым қазақ даласымен байланысты болды.
Өнеркәсіп алыптарының арасында «Қазақстандық Магнитка» болды, онда
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің еңбек жолы басталған. КСРО
ыдыраған соң, нарық жағдайларында «Теңіз-Шеврон» сияқты мұнай өндіру
өнеркәсібімен байланысты ұйымдар, сондай-ақ «Қазақмыс», «Қазақойл»,
«Қазмұнай-газ», «Эйр-Астана» авиакомпаниясы сияқты ірі компаниялар белгілі
болды.
Қазіргі әлемдік саяси кеңістікте Қазақстан бейнесінің осындай танымал
құраушысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болып
табылады.
1991 ж. аяғы - 1992 ж. басы. Әлемдік қауымдастықты әлемнің құдіретті
державаларының бірі күтпеген жерден бірқатар тәуелсіз мемлекеттерге ыдырады
деген жаңалық қатты толқытты. «Тарихтың бұйрығымен Қазақстан биполярлық
әлем ыдыраған кезеңде әлемдік саясаттың эпицентрінде болып шықты... Біздің
ақиқатымызды білмеу алдымен Қазақстанның ядролық қаруы бар және бүкіл
әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіретін ислам мемлекеті ретінде жағымсыз
бейнесінің құрылуын тудырды. Осы жағымсыз бейне күшіне еніп тұрды және
тек бізге емес, сонымен бірге біздің болашақ серіктестерімізге де кедергі
жасады», - деп есіне алады Н.Ә. Назарбаев. Яғни Кеңес Одағы ыдыраған соң,
Қазақстанның бейнесі «перденің» екінші жағында «демократиялық әлемнің»
қауіпсіздігіне және ілгерілемелі дамуына тиген қауіп ретінде қабылданды.
Біздің елімізге деген қызығушылық шыңының қайта құру жылдарына
және түбегейлі өзгерістердің бастапқы кезеңіне келгені даусыз. Біздің елімізде
сол күрт өзгерісті кезеңде болып жатқан оқиғаларды саяси элита ғана емес,
сонымен бірге қатардағы азаматтар да мұқият бақылады. «Еркін әлемнің» жаңа
даму бағыттарын нығайтуда мүдделілігі туралы батыстың саяси және сараптық
қауымдастығы табандылықпен еске салып отырды. Тіпті сол күрделі өтпелі
кезеңде Қазақстан өзін саяси аренада дұрыс көрсете білді. Қазақстанның жақсы
бейнесін құрудағы айрықша сәтті қадам еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
94
алғашқы бағдарламалық мәлімдемелерінде айтылған, ядролық қарудан бас тарту
және ашықтық пен халықаралық ынтымақтастыққа бағытты жариялау болды.
Осы мәлімдеменің салдарында Қазақстан сыртқы саяси аренада нақты
ұстанымды құра бастады және халықаралық қатынастар жүйесінде өзінің орнын
іздей бастады. Республика әлемдік қауымдастық елдерінің басым көпшілігімен
дипломатиялық қатынастарды орнатты және БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді
халықаралық ұйымдарға кірді, мемлекет аралық бірлестіктер ШЫҰ, АӨСШК,
ЕурАзЭҚ бастамашысы және белсенді қатысушысы болды. Осының барлығы
тарихи өлшемдер бойынша қысқа уақыт аралығында болды.
Қазақстан тарихи тынышсыз Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен
тұрақтылықтың тірегі болды. Қазақстандық ұлтаралық және конфессияаралық
келісімді қамтамасыз ету моделін бүкіл әлем таныды. Бүгінгі күні біздің еліміз
2010 жылы ЕҚЫҰ-да Төрағалық ету постын алды. Ендеше Қазақстан ЕҚЫҰ
болашақ төрағасының постысында да Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің
толеранттылығы және өзара байытылуы негізінде өркениеттер диалогы деп
аталатын тақырыптаманы аса терең әзірлеуге өз үлесін қоса алады және қосуы
тиіс.
Қазіргі әлем жаһандық проблемаларды, жаһандық және жеке қауіпсіздік
проблемаларын шешуде жаңа институционалдық амалдарды іздеу үстінде.
Қазақстанның халықаралық саясаты тұжырымдамасына Нұрсұлтан Әбішұлы әуел
бастан жаһандық жауапкершілік, көп векторлылық, сенім режимін және
тайталастық модельдерден бас тартудың стратегиялық диалогын құру
принциптерін салды. Бұл қазіргі жаһандық үндеулерге толығымен жауап
беретін, теңдессіз «Назарбаев моделінің» тағы бір маңызды сипаттамасы. Қазіргі
Қазақстанда берілген бейнені құру мен дамытуда ел туралы жағымды, не
болмаса жағымсыз түсінікті құрай алатын, бұқаралық ақпарат құралдары үлкен
рөл атқарады. Жоғарыда айтып кеткендей, Қазақстан – орасан зор ел.
Республикада күн сайын көптеген алуан түрлі оқиғалар болып жатады, олар да
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атымен және бастамаларымен
байланысады.
Ақырында, ел бейнесі туралы ой жүгірте отырып, сөздердің оның тұрақты
дамуына әкелетін нақты істермен расталуы тиістігін есте сақтау қажет. Елдің
жақсы бейнесін құрумен қатар елдегі тіршілік жағдайларының өздерін де
жақсарту қажет. Еңбек ақы, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату
саласындағы батыл әлеуметтік реформалар, жан-жақты жаңарту, әлемдік
экономика мен қауымдастыққа сәтті кірігу – міне, бәрі болмаса да, бірақ кез
келген мемлекеттің жақсы бейнесін негізгі құраушылар.
Елді дамытудың жаңа кезеңін Президент жыл сайынғы Жолдауында мына
түрде белгілеген: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты». Елдің алдында жеделдетілген жаңарту, азаматтардың
өмір сүру сапасын арттыру жобалары тұр.
Әрине, берілген даму басымдылықтарының белгілі имидждік жүктемесі
де бар. Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта, соның ішінде бизнес-элиталарда
танылатын болды. Қазақстан бізбен бірігіп істер атқаруға болатынына ірі батыс
бизнесінің көзін жеткізе алды және ол шетел инвестицияларын жұмылдыру
95
бойынша аймақтық көшбасшыға айналды. Сонымен бірге өткен уақыт ішінде
бұрын қол қойылған шетелдік инвесторлармен жасалған келісім-шарттарды қайта
қарау жағдайлары болмады, бұл біздің елімізде сенімнің артуына мүмкіндік
туғызады. Осы жерде тағы да Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлінің
көрінетіні сөзсіз.
Елбасының саяси ерлігі, оның стратегиялық таланты, алдын ала болжау
күші және мақсаттарына қол жеткізудегі табандылығы Қазақстанды бүкіл
әлемде лайықты бағаланған табыстармен қамтамасыз етті. Жалпы алғанда,
жоғарыда айтылғанның барлығы Қазақстан үшін басқалардан алған және
меншікті тәжірибенің өзіндік синтезі не «түрлі-түсті революцияларды», не
жылдар бойы құрылған және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің
қайталанбас имиджін жасаған тұрақтылықты бұзуға қабілетті басқа
күйзелістерді қабылдамайтын, қоғамдық дамудың мықты негізі болғаны
туралы айтады.
Сонымен, Қазақстанның экономикалық өсуі және саяси тұрақтылығы,
плюс сыртқы саяси кіріктіру бастамалары жетекші әлемдік державалардың
алдында біздің еліміздің сыртқы да, ішкі де жақсы бейнесінің едәуір нығаюына
мүмкіндік туғызды. Көбінесе Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының күш салуының
арқасында біздің еліміз ашық, демократиялық жүйе жағына қарай маңызды
қадамдар жасады және әлемдік қауымдастықта танылуға қол жеткізді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Рахимова Г. Образ Казахстана в контексте политического развития //Саясат.
2008. № 10.
2. К. Масимов. «Модель Назарбаева». Ответ на глобальный вызов
//Казахстанская правда. 2008. 5 июля.
96
Мазмұны
Смағұлов Н.К. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің
қалыптасуындағы Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ....................................3
Смағұлов Н.К. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының
негізгі принциптері..........................……………………………..……............10
Шаймұханова С.Д. Қазақстан Республикасы және Біріккен Ұлттар
Ұйымы (БҰҰ) ..........................................…………....................................17
Шаймұханова С.Д. Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік және ынты
мақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ)..………………………….…..…...........24
Даниярова А.Е. Қазақстанның өзара әрекеттесуі және Солтүстік
Атлантикалық келісім ұйымы (НАТО)..........................................……..........29
Даниярова А.Е. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіндегі
халықаралық экономикалық қаржы институттары ...............……….............35
Сүлейменова М.Ж. Қазахстан және «Ислам Конференциясы» ұйымы.....42
Сүлейменова М.Ж. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық
процестер............................................................................................................46
Әбдірахманова А.А. Қазақстан және ЕурАзЭҚ...............……...……........52
Ошанов Н.З. Еуразиялылық идея және Қазақстан....................................60
Мақалақов Т.Ж. Қазақстан және ұлттық қауіпсіздік мәселелері ............64
Нұғман Б.Ғ. Қазақстан халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт ұйымы
(ҰҚКҰ) және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі
кеңесі (АӨСШК) ………..................................................................................70
Тілеуғабылова Қ.С. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына
(ШЫҰ) қатысуы ...............................................................................................76
Тілеуғабылова Қ.С. Қазақстан Республикасының халықаралық
қатынастар жүйесіндегі орны мен ролі ..........................................................82
Жетпісбаев А.О. Н.Ә. Назарбаевтың қарусыздандыру және ядролық
қаруды таратпау бойынша бастамалары....................................................85
97
Есенжолов Е.С. Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік қауымдастықта Қазақстан
Республикасының ақиқатқа негізделген имиджін құрудағы рөлі..….…..91
98
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖҮЙЕСІНДЕ
2-
кітап
2-
ші басылым, өңдел. және толық.
Құрастырушы авторлар: Байжабагинова Г.А., Матвеенкова Л.Г., Волкова А.В.,
Сламбекова А.К., Смағұлов Н.К., Шаймұханова С.Д., Даниярова А.Е.,
Сүлейменова М.Ж., Абдрахманова А.А., Мақалақов Т.Ж., Нұғыман Б.Г.,
Ошанов Н.З., Тілеуғабылова К.С., Жетпісбаев А.О., Есенжолов Е.С.
31.03.2004 ж. берілген № 50 мемл.баспа лиц.
Басуға 15.12.2011 ж. қол қойылды. Тапсырыс 1921
Пішімі 60х84х16. Есептік баспа табағы 6.1. Таралымы 3 дана.
Бағасы келісімді.
ҚарМТУ баспасы. 100027. Қарағанды. Бейбітшілік бульвары, 56
Document Outline - Қазақстан қорғаныс институттарын құру жөніндегі серіктестік әрекетінің жоспарының мақсатын қабылдау фактісі осы жұмысқа жақсы тірек болды. Бағдарлама, қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы түрлі органдар үшін тиімді соттық қадағалау мен басқарудың т...
- Ғылым және қоршаған орта. НАТО-ның ғылыми бағдарламасы НАТО ғылыми комитетін құру кезінде 1958 ж. негізін қалады. НАТО ғылыми бағдарламасының бағыттары: ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық, ғылыми стипендиялар бөлу, зерттеу инфрақұрылымын қол...
- «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасының желісімен Қазақстан ғылым мен экология саласында ынтымақтастықтың жиырмаға жуық жобасын жүзеге асыруға грант алды. Жобаларға: Орталық Азияда радиологиялық қауіпсіздікті зерттеудегі ынтымақтасты...
- Қазақстан «Виртуалды Жібек жолы» жобасына да қатысады, оның мақсаты – Кавказ бен Орталық Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлері үшін спутниктік желіні пайдалану есебінен Интернетке қол жеткізуді жақсарту. «Вирт...
- Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап өзінің жан-жақты және екі жақты өзара қатынастарын кеңейтуде. Халықаралық ұйымдар жаңа егеменді мемлекеттің халықаралық қатынастардың әлемдік жүйесіне енуі мен қосылуына ықпа...
- 5. Назарбаев Н.А. Послание Президента Республики Казахстан Н.А.
- Назарбаева народу Казахстана. «Через кризис к обновлению и развитию» //
- Индустриальная Караганда. 2009. 7 марта.
Достарыңызбен бөлісу: |