Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

Внешняя политика Казахстана: Сборник статей / Под ред. Н.Ж. Даненова,  

     

Б.Ш. Надирова и В.М. Ковлева. Алматы – Москва: МИД Республики   



     

Казахстан, 1995. 3 с. 

2.

 

Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев: логика перемен. Астана: Елорда, 2001.  



     462 

с. 


3.

 

Cм. анализ в трудах: Назарбаев Н.А. На пороге 21 века. Алматы: Өнер, 1996.  



     

288с.; Лаумулин М. Казахстан в современных международных отношениях:  

     

безопасность, геополитика, политология. Алматы: КИСИ – ИАЦ  



     

«Континент», 1999. 208с.; Токаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан.  

     

Астана: Елорда, 2001.  552с.; Сулейменов Т.Е. Первые шаги казахстанской  



     

дипломатии // Мысль. 1994. № 1; Токаев К.К. Казахстанская дипломатия:  

     

первые шаги, новые задачи // Мысль. 1995. № 5; Абен Е.М., Жоламан Р.К. и  



     

др. Потенциальные территориальные споры и конфликты в контексте  

     

безопасности Центрально-азиатского региона // Евразийское сообщество.  



     

1998.  № 4. 

4.

 

Токаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан.  Астана: Елорда, 2001. 4 с. 



5.

 

Политика и интересы мировых держав в Казахстане /Под ред. Б. Султанова.  



     

Алматы: Дайк-Пресс, 2002. 4 с. 

6.

 

См.: Выступление Президента Н.А. Назарбаева на Совещании по вопросам  



     

внешней политики (Алматы, 15 февраля 1995 г. // Внешняя политика  

     

Казахстана: Сборник статей / Под ред. Н.Ж. Даненова, Б.Ш. Надирова и  



     

В.М. Ковлева - Алматы – Москва: МИД Республики Казахстан. 1995. С.5-17. 

7.

 

Подробнее см.: Амреев Б. Казахстан и Саудовская Аравия. Астана: Елорда,  



     

2003. Амреев Б. Аравийские монархии и их место во внешнеполитических  

     

приоритетах Казахстана. Астана: Елорда, 2004.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 


Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының  

негізгі принциптері   

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық 

 

университетінің  «Қазақстан тарихы» 

 

кафедрасының меңгерушісі,  

                                                                                                          

т.ғ.к., доцент  

Смағұлов Н.К. 

 

1991  ж.  желтоқсанда  мемлекеттік  егемендікті  жариялау    Қазақстан 



Республикасының  алдына,  өзінің  сыртқы  саясатының  жалпы  принциптерін 

қалыптастыруға  байланысты  міндеттер  қойды.  Бұл  елімізге  халықаралық 

қатынастар  жүйесіндегі орнын  анықтауға  мүмкіндік берді және  Қазақстанның 

стратегиялық  мүдделеріне  сай  келді.  Бұның  іргетасы  -  әлемдік  саясаттың, 

геосаясаттың  және  геостратегияның,  ХХ  ғасырдың  аяғына  қарай  қалыптасқан 

және  мемлекеттер  арасындағы  қатынастарды  реттейтін  жалпы  принциптері 

болды.    

Түрлі елдердің саяси мүдделерінің арақатынастарын белгілеуге мүмкіндік 

беретін  сыртқы  саясат  принциптері  барлық  адамзат  тарихы  бойында 

қалыптасып  келді.  Ежелгі  заманнан  «...адамдар  өз  көршілерімен  өзара 

қатынастар 

жасауға 


талпынған. 

Анағұрлым 

жоғары 

мемлекеттік 



құрылымдардың  тектерінің,  ұрпағының  жақсы  жағдайы  өзара  түсіністік  пен 

сенім деңгейіне байланысты болды. Бұрынғылардың, кез келген бейбітшіліктің 

соғыстан артық екендігі туралы  нақыл сөздері ақиқат, бірлесіп азап шегілген 

екендігі  айқын».  Алайда  құжаттық  рәсімделуін  олар  ХХ  ғасырдың  екінші 

жартысында ғана, анағұрлым беделді халықаралық ұйымдардың құжаттары  – 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Жарғысы,  1970  ж.  Халықаралық  құқық 

принциптері туралы деклорация, сондай-ақ 1975 ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен 

ынтымақтастық жөніндегі мәжілістің Хельсинктік Қорытынды актісі қатарынан 

тапты.    

Сыртқы  саясат  пен  халықаралық  қатынастардың  негізгі  принциптері 

дегеніміз – жоғары императивтік заң күштері бар анағұрлым жалпы, маңызды 

және  іргелі  нормалар.  Ережеге  сай,  халықаралық  актілерде  мәселе  келесі  он 

принцип туралы жүреді: мемлекеттердің егемендік теңдігі; күш немесе күшпен 

қауіп  төндіруді  қолданбау;  шекаралардың  бұзылмауы;  мемлекеттердің 

аумақтық бүтіндігі; таластарды бейбітшілікпен шешу; ішкі істеріне араласпау; 

адам  құқығы  мен  негізгі  еркіндікті  құрметтеу;  халықтардың  өз  тағдырларын 

шешу  теңдігі  мен  құқығы;  мемлекеттер  арасындағы  ынтымақтастық; 

халықаралық құқық бойынша міндеттерін адал орындау.    

Аталған принциптердің мазмұнына талдау жүргізіп және олардың бейнесін 

Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясаты  концепциясында  да,  оның 

практикалық сыртқы саяси қызметінде де бақылап көрейік.    

1. 


Мемлекеттердің  егемендік  теңдігінің  принципі  БҰҰ  Жарғысында: 

«Ұйым  өзінің  барлық  мүшелерінің  егемендік  теңдігі  принципіне  негізделген» 



 

11 


деп  жазылған  жерінде  бекітілген.  Бұл  принцип  мемлекеттік  егемендікті 

құрметтеу  және  БҰҰ  барлық  мемлекет  мүшелерінің  тең  құқықтығы  мен 

олардың өз тағдырларын шешу құқықтарын мойындау дегенді білдіреді.   

Мемлекеттік  егемендік  мемлекеттің  негізгі  бөлінбес  белгісі  болып 

табылады. Барлық мемлекет, оның ішінде Қазақстан, әлемдік қауымдастықтың 

тең құқықты мүшелері болып табылады. Егемендік теңдік принципі дегеніміз  - 

тіпті  ең  кіші  әлсіз  дамыған  мемлекеттің  халықаралық  істерді  шешуде  ең  ірі 

және  жоғары  дамыған  мемлекет  сияқты  өз  дауысы  болады,  әрбір  мемлекет 

халықаралық  аренада  егемендік  құқық  ала  отырып,  халықаралық 

қауымдастықтың  басқа  қатысушыларындағы  осындай  егемендік  құқықтарды 

құрметтеуге міндетті.  

 

Бұл  принцип  Н.Ә.Назарбаевтың  негізгі  назар  аударатын  мәселесі. 



Көрегендік,  әрі  оптимистік  түрде  қалыптасқан  саяси  көшбасшы  бола  тұра,  ол 

«тек  ....  әлемдік  тәртіп  негізіне  өзара  тәуелділік  және  халықаралық 

қауымдастық  мүшелерінің  егемендік  теңдігінің  принципін  қоя  отырып, 

елдердің әлеуеттерін жаңа заман күресіне лайықты жауап беру үшін біріктіруге 

және  ұлттық  мүдделер  мен  халықаралық  әрекеттердің  қиылысуының  тиімді 

механизмдерін  құруға  болады...  Нақ  осындай  тәсіл  біртұтас  халықаралық 

процес  шеңберінде  тең  мүмкіндіктерді,  тең  қауіпсіздікті  және  барлық 

мемлекетке  олардың  көлемдеріне,  күштердің  геосаяси  орналасуындағы 

орындарына  және  рөлдеріне  қарамастан,  лайықты  орынды  максимум 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».  

 2. 

Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау принципі егемендік 

теңдік  принципімен  байланысқан.  БҰҰ  Жарғысы  бойынша  «маңызы 

бойынша  кез  келген  мемлекеттің  ішкі  құзыретіне  енетін  істерге»  қол  сұғуға 

тыйым  салынады.  1970  ж.  Халықаралық  құқық  принциптері  туралы  

декларацияға  сәйкес  қол  сұқпау  принципі,  мемлекет  өзінің  саяси, 

экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  жүйелерін  басқа  мемлекеттердің  қол 

сұғуысыз  анықтау  құқығы  бар  екенін  білдіреді  және  керісінше  –  бірде-бір 

мемлекет  қандай  түрде  болмасын  немесе  қандай  себеппен  болмасын  басқа 

мемлекеттердің ішкі және сыртқы істеріне интервенция немесе интервенцияны 

жүзеге асыруға немесе қол сұғуға құқығы жоқ. 

    


Республиканың  сыртқы  саясаты  алдында  тұрған  міндеттерді  табысты 

жүзеге  асыру  жағдайларының  бірі  –  жайлы  халықаралық  жағдай  болып 

табылады. «Сондықтан сыртқы саясат саласында, - деп хабарлайды Президент 

Н.Ә.Назарбаев,  -  басымдық  желісі  Қазақстанның  тәуелділігі  мен  егемендігін 

дамыту және нығайту болып қалады. Біздің еліміз, келесі жүз жылдықта әлем - 

көп  полюсті,  күштер  орталығы  мен  бөлуші  сызықтардан,  конфронтация  мен 

қарсы келуден, ішкі істеріне қол сұғудан және саяси орнатуларға мәжбүрлеуден 

еркін мемлекеттердің пікірлеріне қосылады».  

 3. 

Мемлекеттердің  халықаралық  ынтымақтастық  принциптері 

мыналармен шектеледі:  

мемлекеттер  халықаралық  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қолдау 



мақсатында  бір-бірімен ынтымақтасуға міндетті; 

 

12 


мемлекеттердің  ынтымақтастығы  олардың  әлеуметтік  жүйелеріндегі 

айырмашылыққа тәуелді болмауы керек; 

мемлекеттер  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  және  гуманитарлық 



сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде ынтымақтасуы керек. 

4.

Халықаралық  міндеттерді  адал  атқару  принципі.  Осы  принциптің 

негізінде  бұрынғы  заманнан  келе  жатқан  «келісім-шарттар  сақталуы  керек» 

деген  белгілі  қарапайым  норма  жатыр.  БҰҰ  Жарғысының  2-бабында  оның 

мүшелерінің өздеріне қабылдаған міндеттерін адал орындау міндеттілігі туралы 

айтылады.  Барлық  мемлекеттер  БҰҰ  Жарғысынан  шығатын  міндеттемелерді 

сақтаулары керек. Бірде-бір мемлекет БҰҰ Жарғысы әрекеттерінің шектерімен 

өздерін шектей алмайды, ал халықаралық құқықтық принциптерден, сондай-ақ 

олармен  жасалған  халықаралық  келісім-шарттардан  шығатын  барлық 

міндеттемелерді қалтқысыз орындауға міндетті.   

Қазақстан 

өзінің 


келісім-шарттық 

тәжірибесінде 

халықаралық 

міндеттемелерді адал орындау принципін басшылыққа алуға талпынады. Оның 

үстіне,  Қазақстанның  келісім-шарт  мәтіндеріне  келісім-шарттан  шығатын 

келісім-шарттар  мен  міндеттемелерді  сақтау  механизмін  қарастыратын 

мақалалар енеді. Осы принципке сәйкес Президент Н.Ә.Назарбаев, 1995 ж. 15 

ақпанында  Алматыда  Сыртқы  саясат  мәселесі  бойынша  мәжілісте  сөйлеген 

сөзінде осыған сәйкес органдардан мынаны талап етті: «қолдағы келісім-шарт 

базасын  жүзеге  асыру  жөніндегі    күнделікті  тақырыптық  жұмысты  орнына 

келтіру.  Мемлекеттік  аппараттың  барлық  деңгейдегі  қызметкерлеріне:  егер 

мемлекет  басшысы  оның  араласуы  барысында  шетелде  ынтымақтастықтың 

нақты бағыттарының немесе жобаларының пайдасына пікір айтқан болса, онда 

жоғары деңгейде қол жеткізгендерді орындау жөнінде кез келген сарсаңға түсу 

қатаң жазалануы керек». 

Президенттің  осы  талаптарын  ескере  отырып,  Қазақстан  Республикасы 

Конституциясына  арнайы  норма  енгізілді,  оған  сәйкес  «Республика  бекіткен 

халықаралық келісім-шарттардың оның заңдары алдында басымдығы бар және 

халықаралық  келісім-шарттан  оны  қолдану  үшін  заң  шығаруды  талап  ететін 

жағдайлардан басқасы, тікелей қолданылады».  

5. 

Күш  немесе  күшпен  қауіп  төндіруді  қолданбау  принципі.  БҰҰ 

Жарғысында:  «Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  барлық  мүшелері  халықаралық 

қарым-қатынаста  күшпен  қорқытуға  немесе  кез  келген  мемлекеттің  аумақтық 

қол сұғылмауына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолдануға бармайды», 

деп  жазылған.  Күш  немесе  күшпен  қорқытуды  қолданбау  принципі    -  жаңа 

заманғы халықаралық құқықтың игілігі. Оның мәнісі – мемлекеттердің соғысу 

құқығына  тиым  салды,  ол  агрессиялық  соғысты  халықаралық  қылмыс  деп 

білдіреді.  Бірақ  осыған  орай  ел  агрессорына  қарсы  қарулы  күш  қолдану,  күш 

қолданбау  принципіне  қарсы  келмейді.  Оның  үстіне,  БҰҰ  Жарғысының  51-

бабына  сәйкес,  шабуылға  ұшыраған  мемлекет  жеке  немесе  ұжыммен  өзін-өзі 

қорғауға құқығы бар.   

6. 



Шекара  тұтастығының  принципі.  Халықаралық  құжаттарға  сәйкес 

берілген принцип күш қолданбау принципінің құрамды бөлігі болып табылады. 

Ол  Хельсинки  Қорытынды  актісінде  1975  ж.  дербестік  алды,  онда  «әрбір 


 

13 


мемлекет  күшпен  қорқытуға  немесе  оны  басқа  мемлекеттің  бұрыннан  келе 

жатқан  халықаралық  шекараларын  бұзу  мақсатында  қолданудан  аулақ  болуы 

тиіс».  Актіге  сәйкес  шекараларды  зорлық  әдістермен  бұзуға  болмайды.  Бірақ 

келіскен  жақтардың  келісілген,  өз  еріктері  бойынша  шектес  мемлекеттер 

арасындағы шекарадан өтуді өзгертуге тыйым салынбайды.  

Қазақстан  басқа  да  бейбітшілік  сүйгіш  мемлекеттер  сияқты,  шекараның 

бүтіндік  принципін  ұстанады.  Бұл,  жеке  алғанда,  Қазақстан-Қытай 

шекарасының  режимі  бойынша  Қытаймен  қол  жеткізген  келісімшіліктен  өз 

бейнесін тапты.  

 7. 

Мемлекеттердің  аумақтық  бүтіндігі  принципі  Хельсинки 

Қорытынды  актісінде  дербес  халықаралық  принцип  ретінде  бекітілді.  Осы 

құжатта,  мемлекеттер  БҰҰ  Жарғысына  қарама-қайшы  тұрған  және 

мемлекеттердің  аумақтық  бүтіндігіне  қарсы  бағытталған  кез  келген 

әрекеттерден аулақ болулары керек.  

 

Аумақтық бүтіндік принциптері мен шекараның тұтастығы өздеріне, ХХ ғ. 



90-

жылдарының  басында  кеңес  үкіметінен  кейінгі  кеңістікте  құрылған  жас 

тәуелсіз  мемлекеттердің  ерекше  назарын  аударды.  Олар  ТМД  мүше 

мемлекеттердің кездесулері мен бірнеше рет талқылауының құралы болды.   

 

Егемендікті,  аумақтық  тұтастықты және  ТМД  қатысушы  мемлекеттердің 



шекараларына  қол  сұғылмау  туралы  1994  ж.  15  сәуірдегі  Декларациясында  – 

ТМД  мүше  мемлекеттердің  басшылары,  халықаралық  құқықтың  жалпы 

мойындалған  нормаларын,  БҰҰ  Жарғысының,  Еуропада  қауіпсіздік  және 

ынтымақтастық  жөніндегі  келісімнің  мақсаттары  мен  принциптерін 

басшылыққа  ала  отырып,  аумақтық  бүтіндік,  шекара  тұтастығын  дәлелдей 

отырып,  құқыққа  қарсы,  аумақтық  алымдардан  және  басқа  да  бөтен  аумақты 

бөлшектейтін  кез  келген  әрекеттерден  бас  тартуда,  сондай-ақ  әскери,  саяси, 

экономикалық немесе блокаданы қосқанда, кез келген қысым түріне, әрі қандай 

да бір достастыққа қатысушы  мемлекеттерінің бірінің  аумақтық  бүтіндігі  мен  

қол  сұғылмауына  қарсы  сепаратизмін  қолдауға  және  пайдалануға  бармайды. 

Қазақстан  сыртқы  саяси  бағыттың  шынайы  бейбітшілік  сүйгіштігін 

жариялайды,  сондықтан  оның  шекарасының  периметрі  бойынша,  берік  саяси 

және халықаралық-құқықтық негізге негізделген сенімдік, адал көршілестік пен 

достық белдеуі қалыптасты.  

   8. 

Халықаралық  таластарда  бейбітшілік  жолымен  шешу  принципі 

дегеніміз  –  мемлекет  өздерінің  арасындағы  таластарын,  халықаралық 

қауіпсіздік  пен  әділдікке  қауіп  төндірмес  үшін  зорлық  құралдарымен  және 

әдістерімен  емес  тек  бейбітшілік  жолымен  шешуі  тиіс.  Бұның  айқын  дәлелі 

ретінде 1962 ж. Кариб дағдарысының шешімі қызмет етеді, мұнда екі жоғарғы 

державаның  (КСРО  мен  АҚШ)  келіссөз  жүргізуі  арқылы  бүкіл  әлем  ядролық 

апат аузында тұрды.  

 

Қазақстан бұрын Таулы Қарабахтағы оқиғаларға байланысты Азербайжан 



мен  Армения  арасындағы  таластарды  реттеу  мақсатында делдалдықты  жүзеге 

асырды.    Қазіргі  кезде  Пәкістан  мен  Үндістан,  Израиль  мен  Иранның  өзара 

қарым-қатынастарындағы  талас  тудыратын  мәселелерді  шешуде  өз  қызметін 

ұсынады.  2000  жылы  БҰҰ  мың  жылдығы  Саммитіндегі  сөйлеген  сөзінде  



 

14 


Қазақстан  Президенті  БҰҰ  қызметін  жетілдіруді  ұсына  отырып,  былай  деді: 

«

оның  құрылымында  жағдайды  жаһандық  талдау  негізінде  толғағы  жеткен 



жанжалдар туралы алдын-ала ескерте алатын, белгілі бір жағдайға ерте кезден 

араласуға  арналған  ұсыныстар  қалыптастыратын  және  сақтандыру 

дипломатиясын  тиімді  пайдалана  отырып,  жанжалдарды  шешудің  әскери 

әдістерін болдырмайтын институттарды дамыту мақсатты болған болар еді». 

9.

Халықтар мен ұлттардың өзін-өзі анықтау принципі. Осы принципке 

сәйкес барлық халық еркін, сырттан қол сұғусыз және қысымсыз өзінің саяси 

статусын  анықтауға  және  өзінің  дамуын  жүзеге  асыруға  құқығы  бар.  Әрбір 

халық  және  әрбір  этнос  өз  даму  жолдарын  таңдауда  еркін.  Осы  принципті  

практикада жүзеге асыру капиталистік, отарлық жүйелері сияқты, социалистік 

жүйенің: бірінші –ХХ ғасырдың 50-60 жж., ал екіншісі 80-90 жж. құлдырауына 

әкелді.   

 

КСРО  құлағаннан  кейін,  Қазақстан  халқы  егеменді,  тәуелсіз  мемлекет 



құру түрінде өзін-өзі анықтауда өз құқығын жүзеге асырды.   

10. 


Адам құқығы мен негізгі еркіндігін құрметтеу принципі  - соңғы он 

жылдықта  (Адам  құқықтарының  бүкіл  әлемдік  декларациясы  1948  жылы 

қабылданды) дербестігін ала түскен халықаралық құқық принциптерінің негізін 

қалаушы  принциптерінің  бірі.  Хельсинки  Қорытынды  актісіне  сәйкес  1975  ж. 

адам құқығы мен негізгі еркіндігін құрметтеу принципі – барлық мемлекеттер 

өздерінің  аумақтарында  тұратын  барлық  тұлғалардың  құқықтары  мен 

еркіндіктерін  құрметтеуге  тиіс,  практика  жүзінде  адамның  саяси,  азаматтық, 

экономикалық,  әлеуметтік  құқықтарын  ешбір  кемсітушіліксіз  жүзеге  асыруға 

міндетті. 

Адамның құқығы мен негізгі еркіндіктерін құрметтеу принципі нақты жеке 

тұлғаны  мемлекеттің    заңсыз  әрекеттерінен  қорғауды  болжайды;  өз  елінің 

нақты  тұлғасы,  кез  келген  адамы  халықаралық  құқықтың  дербес  субъектісі 

болатын ережені бекітеді. Қоғамдық құндылықтар жүйесінде бірінші жоспарда 

адамның жеке тұлғасы алға қойылады.   

Демократияның  өз  бұлжымастығы  мен  адам  құқығын  құрметтеу  туралы 

Қазақстан  бірнеше  қайталап  айтып  келеді.  «Біз  бұл  жолды  стратегиялық 

мақсатқа жету – тұрақты даму және халықтың жайлы тұрмысын жақсарту  үшін 

өз  еркімізбен  таңдадық»,  -  деп  мәлімдейді  Президент  Н.Ә.Назарбаев.  Осы 

негізін  қалаушы  принциптер  басымдық  алуда  және  барлық  халықаралық 

келісім-шарттар  мен  келісімдерде,  мәлімдемелерде,  декларацияларда  және 

Қазақстанның  мемлекеттік  билігінің  жоғарғы  органдарының  қаулыларында 

көрініс табуда. Қазақстан БҰҰ мүшесі, ЕҚЫҰ қатысушысы бола тұра,  өзінің 

сыртқы  саясатын  халықаралық  құқық  принциптері  негізінде  қалауда,  өзінің 

сыртқы  саясатында  1975  ж.  Хельсинкиде  қабылданған  Қорытынды  акті 

декларацияларының 10 принципіне сүйенеді.  

Қазақстанның  сыртқы  саясатын  толықтыратын  және  түзететін  бірқатар 

басқа да принциптер бар.  

1. 


Сыртқы және ішкі саясаттың тығыз байланысу принципі. Адамзат 

тарихы, кез келген мемлекеттің саясаты сыртқы және ішкі саясатқа бөлінетінін, 

осыған орай олар тығыз байланысты екенін куәландырады.  


 

15 


Мемлекеттің ішкі саясаты, оның қоғамдық саяси  жүйесінің тұрақтылығы, 

экономикасының  тиімділігі,  сөзсіз,  халықаралық  қатынастар  саласында 

жобаланады.  Сондықтан  Қазақстанның  сыртқы  саясатының  одан  әрі  дамуы 

елімізде  жүргізілетін  экономикалық  реформаның    табысымен  тікелей 

байланысты.  Өз  кезегінде  сыртқы  саясат  та  еліміздің  ішінде  реформаны 

табысты өткізу үшін жайлы халықаралық жағдайлар жасауы керек.    

2.

Принциптіліктің  және  мығымдықтың  икемділікпен  үйлесуінде 

байқалатын принцип. 

 

Кез  келген  мемлекеттің  сыртқы  саясаты,  ең  алдымен  ұлттық  мүдделерді 



білдіреді, сақтайды және қорғайды. Берілген жағдайда принциптілік дегеніміз - 

мемлекет өзінің ұлттық мүдделерін сақтап қалудағы өз ұстанымдарында нығыз 

тұруы  керектігін  білдіреді;  икемділік,  керісінше,  -  мемлекет  міндетті  түрде 

басқа көзқарасты ескеруі керек және қиын мәселелерді шешу кезінде мәмілеге 

келе білу керек. Бұл қажет, себебі көптеген мемлекеттердің ұлттық мүдделері 

тоғысады, егер олардың бәрі өз мүдделерін толық көлемде қорғаса, олар ортақ 

шешімге келе алады.   

 3.

Баланстық пен көп векторлық принцип. Осында, яғни Қазақстанның 

сыртқы саясаты принципінде толығырақ тоқталуға болады. Бұл принцип оның 

маңызын  көрсетеді  және  Қазақстан  Республикасы  әлемнің  барлық 

мемлекеттерімен  бірдей  қарқынды  қатынастар  жасайтынын  білдіреді,  яғни 

өзінің  сыртқы  саясатында  сол  немесе  басқа  мемлекетке  ерекше  ынта 

танытпайды.    Көп  векторлық  –  Қазақстан  өзінің  сыртқы  саясатын  көптеген 

бағытта және көптеген елдермен бір мезгілде орнатады дегенді білдіреді.     

Қазақстан  өзінің  геосаяси  орналасуы  мен  экономикалық  әлеуетіне  қарай 

тар аумақтық мәселелерде қалып қоюға құқығы жоқ. Бұл тек біздің көп ұлтты 

халқымызға  ғана  емес,  барлық  әлемдік  қоғамдастыққа да  түсініксіз  болар  еді. 

«Қазақстан болашағы – Азияда да, Еуропада да, Шығыста да, Батыста да».  

2001  ж.  сәуірде  түркі  тілдес  мемлекеттердің  басшыларының  жетінші 

саммитінің  жұмысы  күндері  өткізілген  қазақстандық  журналистерге  арналған 

баспасөз конференциясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев саясаткерлер 

мен әлем қауымдастығының назарын тағы да, «Қазақстанның көп векторлығы 

халықаралық  аренада  өзгеріссіз  қалуда.  Біз  үшін  Ресеймен,  Қытаймен  және 

ислам  әлемімен  кең  пейіл  және  жемісті  қарым-қатынастар  маңызы,  түрік 

бауырластармен  болғаннан  кем  емес.  Және  біздің  бәрімен  достықта  және 

келісімде  өмір  сүруге  талпынуымыз  –  қауіпсіздік  және  экономикалық 

мақсаттылық мәселесіне» аударуды қажет деп тапты.  

 

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының келесі 4-принципінің  де 



– 

қауіпсіздік  тұтастығының  принципінің  маңызы  аз  емес.  Ол  барлық 

элементтердің тығыз байланысын білдіреді. Қауіпсіздік бөлінбеу керек. Бұл  - 

қауіпсіздікке қатысты барлық мәселелер кешенді түрде шешілуі керек дегенді 

білдіреді.  Яғни  ұлттық  қауіпсіздікті  -  мемлекеттіктен,  аймақтықты  - 

континенттіктен,  континенттікті  -  жаһандыққа  бөлуге  болмайды.    Бұл,  ең 

алдымен,  әлем  біртұтас  және  шоғырлану  оның  субъектілерінің  дамуының 

басты бағыты болып келеді және қауіпсіздіктің барлық мәселелері өзара тығыз 


 

16 


байланысқан,  олардың  біреуін  шешу  басқасының  алдын  ала  шешілуін  талап 

етеді.  


Осыған  орай,  барлық  мемлекеттер  бірдей  дәрежеде  жаңа  заманғы  қауіп-

қатерден  қорғалуы  және  олардың  байқалуына  ортақ  жауапкершілік  жүктеу 

маңызды.  Осымен  ұлттық  және  әлемдік  прогреске  бейімделген  халықаралық 

қатынастар жүйесінің тұрақтылығы шектеледі. Н.Ә.Назарбаев – социализмнен 

кейінгі  елдердің  ішіндегі  бірінші  көшбасшыларының  бірі  -тәуелсіздік 

мемлекетінің  басшысы  ретінде  өз  міндетін  -  бейбітшілікті  сақтау  және 

халықаралық қауіпсіздікті нығайту деп білді.  

Қазақстан  Республикасы  сыртқы  саясатының  негізгі  принциптерінің 

қарастырылған  мазмұны  -  негізін  қалаушы  принциптер  өзара  қарым-

қатынастардың  құқықтық  негізін  салу  шеңберінде  қызмет  етсе,  онда  соңғысы 

Қазақстанның  сыртқы  саяси  және  сыртқы  экономикалық  мүдделерін  жүзеге 

асыру жағдайын, әдістері мен тәсілдерін құрайтынын білдіреді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет