Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар әдебиеті пәні бойынша дәріс жинағы



бет12/19
Дата21.10.2022
өлшемі174,61 Kb.
#44708
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Көріп едім бір үлкен дарияны,
Барша қыз мекен өтіп жатыр оны.
Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,
Жарықтық жеті сарбас балалары, - деп, аспанды - дарияға, жұлдыздарды –
қызға, Ай мен Күнді - аққуға, Жетіқарақшыны - балаға теңейді.
Ай мен Күн, жұлдыз, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан үнемі шарланып жұмбақталмайды, әрқайсысы өз алдына бір жұмбақ болып та отырады. Сонда күнді алма деп немесе күміс табақ, ақ сандық деп бейнелейді.
Жұлдыздар, көбінесе, ақ моншақ, мерует, шашылған тары, ұсақ тас немесе қыз бейнесінде жұмбаққа қосылады. («Үй үстінде ұсақ тас», «Там басына тары шаштым», «Тақиям толған сөк, ертеңгісін дым да жоқ», т.б.).
Айды жұмбақ еткенде, көбінесе оның үш мезгілі (жаңа туған ай, айдың жартысы, айдың толған кездері) бөлшектене алынады. Әр мезгіліне бөлек-бөлек бейне табады. («Көп бауырсақ ішінде бір қалаш», «Жабық астында жарты күлше», т.б.). Мұнымен қатар, Айды су бетіне түскен келеңкесімен де суреттеп отырады. Мысалы:
Қонақтап күнде келер су бетіне,
Пар келмес гауһар затты келбетіне.
Мекені су жүзінде көрінеді,
Тамаша, қарап тұрсам суретіне,—
Халық аспан әлемінен Шолпан, Үркер, Жетіқарақшы, кемпір-қосақ, найзағайды да жұмбағына енгізеді. Әрқайсысына ұқсас келетін сыртқы бейне, сурет, сипат, белгі табады.


Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы — төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен, оның сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін, келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар «Төсек астында терт бауырсақ» (сиырдың емшегі), «Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шепшек терді» (түйенің еркеші, ерні) секілді болып келеді. Кейде әр түліктің неше айда төлдейтінін де жұмбақ арқылы білдіреді. «Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр, бес ешкі» дегенде түйенің он екі айда бір боталайтыны, жылқы он айда құлындайтыны, сиыр тоғыз айда бұзаулайтынын, ешкі бес айда лақтайтынын керсетеді.
Хайуанаттар дүниесінен жұмбаққа қосылатыны: қасқыр, қоян, аю, жолбарыс, арыстан, түлкі, т.б. Бұларды жұмбақтағанда, олар сыртқы бейнесімен, мінез-қылығымен алынады. Кейде жыртқыш андар жұмбақ көлеміне өздерінің адам баласына, төрт түлікке жасайтын қастығымен енеді. Мысалы:
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты, жан шыдамас үндері бар,
Шаршы бой, елу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін зиян қылып бір жері бар,—деп жолбарысты жұмбақтайды.
Күзетсізді іздейді,
Малдан күдер үзбейді,— деп қасқырды сипаттайды.
Қасқыр жайы жұмбаққа, көбінесе, оның үй малына жасайтын қастығымен алынады. Мәселен, — «Келінінің атасына айтқаны» дейтін әңгімеде қасқыр ғана жұмбақталмайды. Онымен бірге ескі ауылдың әдет-ғұрпы да суреттеледі. Бұл әңгімеде келіні атасына: «Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр, қынамадан жаныманы әкеліңіз»,— депті. Мұнда өзен, қамыс, қой, қасқыр, қынап, бәкі жұмбақ түрінде айтылады. Ескі салт бойынша, жас келіндер ауылдағы үлкен кісілердің атын атамайтын болған, атай қалса, ол күнәлі саналатын, Ал мына жұмбақ түрінде айтылып отырған әңгімеде кісі атына ұқсас келетіндері бар (Өзенбай, Қамысбай, Қасқырбай, Қойшыбай, Бәкібай болуы мүмкін). Сондықтан оларды дана келін әрі жұмбақ, әрі түсінікті етіп тапқырлықпен жеткізеді. Бір жағынан, қасқырдың малға келтірген қаскүнемдік зиянын айтса; екіншіден, ескі салтқа байланысты ұғымды да жұмбақ етеді.
Хайуанаттар мен қатар, қазақ жұмбақтарынан шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бақа-шаян, т.б. қысқасы, барлық жәндіктер дүниесі орын алады. Бұлар өздерінің түс-түгі, сыртқы белгілерімен, әр түрлі тіршілігімен жұмбаққа енеді. Бұл тақырыптағы жұмбақтар Ұшқанда елең айтады, қонғанда жер қазады (қоңыз),
Кішкене ғана қара тас, атан түйе тарта алмас (қарақұрт),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет