Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар әдебиеті пәні бойынша дәріс жинағы



бет8/19
Дата21.10.2022
өлшемі174,61 Kb.
#44708
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Төрт аяқтыда бота тату.
Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.


Егіншілікке байланысты мақал-мәтелдер:
Жері байдың — елі бай.
Арпа, бидай ас екен.
Алтын, күміс тас екен.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Егін ексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға.


Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер:
Жақсының жаттығы жоқ.
Жақсыда кек жоқ,
Кектіде тек жоқ.
Жаман болса туысың,
Туыспай-ақ құрысын.
Төеектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы — қорлық.
Әлсіз ат сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Тәні сұлу — сұлу емес,
Жаны сұлу — сұлу.
Адам болар баланың
Кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың
Кісіменен несі бар.

Отбасында ата-аналар бала тәрбиесіне лайықтап іс-әрекет, пікірлесу, пікірсайыс кезінде өнеге, өсиет ретінде:


ана тілін алмасаң, арың кетеді;
әке - тірегің, ана жүрегің:
бірінші байлық - денсаулық;
сабыр түбі - сары алтын,
еріншектің ертеңі таусылмайды;
көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый;
іс істесең ретін тап;
ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың, ырысы бар;
бір үйдегі бәрің де бір-біріңе меймансың;
ашу - дұшпан, ақыл - дос;
ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық;
әке тұрғанда бала сөйлегеннен без;
әдептілік - әдемілік,
қыз қылығымен жағады,
бала жақсы болса - бала, жаман болса - пәле, т. б. мақалдарды жиі айтады.


3.2. Өтірік өлеңдердің бала қиялының дамуына әсері

Өтірік өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтірік өлеңді бүлдіршіндер ғана емес, үлкендер де сүйсіне тыңдайды, тіпті бүгінгі айтыста да бұл жанр тіріле, жаңа қырынан танылып жүр. Сол сияқты халық «Тазша баланың кырық өтірігі» жөніндегі ертегіні де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткізіп келеді. Бұл өтірік өлеңнің қазақ фольклорындағы көне де дәстүрлі жанр екендігін көрсетеді.


Қазақ өтірік өлең нұскаларының хатқа түсе бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын В.В.Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезіктіреміз. Өтірік өлең үлгілерін жинап бастыруға Ә.Диваев, С.Сейфуллин, I.Жансүгіров сияқты белгілі адамдар да атсалысқан. Бұл орайда, әсіресе, I.Жансүгіров құрастырып, алғы сөз жазған «Ел өтірігі» атты жинақты ерекше атаған жөн. Кейінгі кезеңде өтірік өлеңдер жинағы әлденеше рет жарық көріп келеді.
Ел арасында өтіріктің қара сөзбен айтылатын түрлері де мол ұшырасады. Тіпті әр ауылдың өзінің қиыннан қиыстырып: «өтірікті шыңдай, ақсақты тыңдай» қылып әңгімелеу арқылы халық «құрметіне» бөленген адамдары болған. Бүгінгі күндері баспасөз бетін көріп жүрген Әлімжанның өтірігі, Сұраубайдың өтірігі, Судырахметтің өтірігі делінетін әңгімелер бұған айқын дәлел. Е.Ысмайылов өтірік өлең қиыстырудың салдар салтында да болғандығын айта келіп, былай дейді: «Салдардың... өлеңдері де өз мінездеріне сай өтірік, қыңыр мағыналы, қисынсыз құралған күлдіргі болып келеді. Жантұрған сал өзінің бір құрбысына кездескенде: Алабас ит көрдің бе шідерлеулі, Әр ауылдың көлінде оттап тұрған»,– деп бастайды өлеңді».

Үлкендерге арналған өтірік өлеңде әрқашан әлеуметтік салмақ жатады, қарама-қарсы жағдайларды қиюын келтіре ұйқастырып, сол арқылы өмір шындығын көрсетіп, байдың сараңдығын, ханның қаталдығын күлдіре отырып сынау ерекше тапқырлықты қажет етеді. Әрине, балалар репертуарындағы өтірік өлеңдердің ересектер жырынан айырмашылығы бар. Ең алдымен үлкендер өтірік өлеңдеріндегі салмақты әлеуметтік жүк балалар өлеңдерінде байқала бермейді. Олардың құрылысы қарапайым, ұзақ сонар сюжет жоқ. Көбінесе төрт жолдан тұратын қара өлең үлгісіндегі қысқа шумақтардан келеді. Өлеңдерде шендестірілетін заттар, жан-жануарлар да балаларға күнделікті өмірден таныс болып келеді. Оның мысал үлгілері мынадай:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет