Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар әдебиеті пәні бойынша дәріс жинағы



бет9/19
Дата21.10.2022
өлшемі174,61 Kb.
#44708
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Мініп алып құртқа,
Өрмеледім бұлтқа.
Алып келіп Айды
Көрсеттім көп жұртқа.

Өтірік өлең бала қиялын ұштауда, бейнелі ойлауға жетелеу, ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан да халық ақындары мен балалар жазушыларының шығармашылығында бұл жанр жалғасын тауып өрісті дамып келеді. Бүгінгі күн тақырыбына арналған өтірік өлеңдерді «Балдырған», «Ұлан», «Ақ желкен» сияқты газет-журнал беттерінен бүлдіршін оқырмандар ынтыға оқиды. Бұл өлеңдерде ғылым мен техниканың жаңалықтары өтірік өлеңнің көне формасымен жымдаса астасып келеді.


Өтірік өлеңнің көлемінің үлкен-кішілігіне қарамастан, олардың негізінде іс-әрекет, белгілі сюжет болады. Сюжеттік желіге арқау болған күлкілі әрекеттер бала жанын баурап отырады. Және ол іс-әрекеттер шектен тыс әсіреленген (гипербола) немесе шектен тыс кемітілген (литота) көркемдік тәсілдермен шендестіріле сипатталады. Өтірік өлеңнің көлемі неғұрлым ұзақ болған сайын ондағы іс-әрекет бірден-бірге дамып, оқиға күрделеніп, фантастикалық бояу қоюлана береді. Ал қысқа өтірік өлеңдерде үлкен кішірейтіліп, әлсіз күшейіп, ұзын қысқарып, биік аласарып деген сияқты әдеттегі үйреншікті жағдайлар адам сенгісіз кереғар кейіпте сипатталады. Сондықтан да орыс фольклортану ғылымында бұл жанрды «перевертыши» деп те атайды. Сондай-ақ бұл жанр әлем халықтары фольклорының барлығында да бар.


Өтірік өлеңнің бұлайша барша халықтар фольклорына ортақ балалардың сүйікті мұрасына айналып, ерекше өміршең сипат алуында үлкен мән бар. Оның ең басты себебі бала психологиясының табиғи ерекшеліктеріне етене жақындығында.

Бала үшін айналадағының бәрі жұмбақ. Ол сол жұмбақ сырдың құпиясын ашуға құмар. Иә, өтірік өлеңде жұмбақ сырдың қандай шешуі бар дерсіз. Мәселе сонда, бала өтірік өлеңнің өтірік екендігін түсіну үшін алдымен «шындықты» білуі керек. Бала сол білгенін өлеңдегі өтірікпен салыстыра отырып ойына бекітеді. Өтірік өлеңнің бар құдіреті де осында. Ол бала қиялына қанат бітіреді. Өмірдегі күнделікті құбылыстар өтірік өлеңде өзгеше қызық түрге еніп шыға келеді.




Өтірік өлеңдер аса қызықты, адам ақылына сиымсыз, тіреуі жоқ оқыс сөздерге құрылғандықтан, тыңдаушысының бәрі де қыран жапқан күлкіге, көңіл сергітерлік ойын-сауыққа, думан сейілге айналдырып жібереді, Әсіресе, балаларды мәз-майрам етеді. Ұзақ күнге арыпталып, біреудің қол астында жалшылықта жүріп еңбек етсе де халық өз кеңілдерін көтеру үшін кей кездерде осындай қуақы, оспақты әзіл сөздермен балаларын жұбатып, жарастықты қалжындар айтып, ойын-сауық құрып отырған.
Өтірік өлеңдер өзінің қызықтығы арқылы балаларды мәз-майрам етумен қатар, оларды неше алуан жәндіктердің атымен, олардың іс-тәсілімен, шама-шарқымен таныстырады. Шыбын-шіркей, құмырысқаларды, салмақсыз үрген қарынды, қағанақ пен қуықты кереметтей алып етіп суреттегеніне, көбелекпен қасқыр қуғанына, шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым дегендері еріксіз күлдіреді. Осынысымен қатар қазір де сирек қолданылатын көне атауларды еске түсіреді.
Қазақ ертегілеріндегі көп айтылатын тазшалар бейнесі сырт пішіні жағынан сондай елеусіз, нұсқасы келмеген жарамсыз жан боп көрінсе де, ақыл-айласы, сөзге тапқырлығы, қулығы бәрінен де асып түсіп отырады. Алдынан ажал тосып тұрса да саспайтыны жол тауып құтылып кете беретіні балаларды қатты сүйсіндіріп, көп ойға қалдырады.
Тазша бала қырық өтірікті мүдірмей айтып, ханның жетекші сұрақтарына да жауап берген соң, хан бұл баланың ақылына, тапқырлығына таң қалады. Баланы сөзден жаңылтып мерт ете алмағанына хан бір жағыман іштей қатты күйінеді де.
«Сен бала бір міндеттен құтылдың. Сөзуар тапқырлығың да бар екен. Қырық өтірікті сөзбен айттың, енді тағы да осындай қырық өтірікті өлеңмен айта аласың ба?» - дейді хан сүріндірсем, осы жерден сүріндірермін дегендей. Тазша бала оған да мүдірместен, тіпті, қиналмастан «айтсам, айтайын», - деп бірден төгілтіп жібереді.
Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге ұстауға сырық қылдым.
Бір талын сойылымның кесіп алып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет