Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар әдебиеті пәні бойынша дәріс жинағы



бет19/19
Дата21.10.2022
өлшемі174,61 Kb.
#44708
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды – жаз кепті,– деп жырлайды. Табиғат құбылысын жылдың әр мезгіліндегі ел тіршілігімен байланыстыра береді. Бала назарын нақты өмір суреттеріне аударады. Өлеңдерінде ақын балаларды әр мезгілдің талабына сай еңбекке шақырады. «Жазғытұрым» атты өлеңінде жазғытұрым»ойналық та күлелік, қос басына мінелік» десе, шілдеде «ойналық та күлелік, үйретіп тай мінелік», күзде «ойналық та күлелік, енді оқуға кірелік» дегенді айтады.
Еңбек тақырыбы 1929 жылы Ташкентте, Алматыда басылып шыққан «Малта», «Шәркей» деген суретті кітапшаларынан да көрінеді. Ілияс бүлдіршіндердің психологиялық ерекшеліктеріне сай материалдарды дәл таба білген. Малта да, шәркей де еңбек жемісі екенін білдіреді. Малтаның да, шәркейдің де өзінен-өзі бірден жасала қоймайтынын айтады. Екі шығармада да бала өзі байқаған әрбір құбылыстың мән-жайын түсінгісі келеді, оның себептерін ұғып алуға тырысады. Ұйқасымы жеңіл, ырғағы жақсы «Малта» өлеңінің жатталуы оңай. Бүлдіршін бала өлеңдегі «өре», «саба», «піскек», «шүйке», «шуда» тәрізді қолданудан шығып бара жатқан сөздердің мән-мағынасымен танысады. «Шәркей» әңгімесінде бүлдіршін еңбек процесіне тікелей араласады. Жұмыстың тезірек бітуіне ынталанады. «Әңгіме қалай тартымды басталса, солай қызықты аяқталған. Жазушы баланы балаша сезіндіріп, балаша ойландыра білген. Сөзінде де, мінезі мен ісінде де жасандылық жоқ»,– дейді әңгіме турасында С.Сейітов.
І.Жансүгіров балаларға арнап пьеса да жазған. Қазақ балалар әдебиетіне пьеса жанрын ең бірінші болып енгізген еді. 1934 жылы жазылған «Мектеп» пьесасы балаларды оқуға, білімге, мектепке шақыру идеясына құрылған. Пьеса 1930 жылдардағы халықты сауаттандыру мәселесін көтеріп, жас жеткіншекке оқудың пайдасын түсіндіреді. І.Жансүгіровтің балаларға арналған шығармалары қазақ балалар әдебиетін тек тақырып, мазмұн, идея жағынан ғана байытып қойған жоқ, сонымен қатар жанр, түр және стиль жағынан да байытты. Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен қатар оларды жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеуде шығармаларының ерекше маңызы бар.


Негізгі әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1976
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очерктері. Алматы: Мектеп, 1965
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы, 1995
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А: Білім, 1998
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. А: Білім, 1993
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А., 1965
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. А: Білім, 1993
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., 1994
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2002
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А: Мектеп, 1983

Қосымша әдебиеттер:


Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы: Білім, 1995
Байменшин С. Майлының Бейімбеті. Алматы. Білім, 1994
Сарбалаев Б. Бейімбет Майлин. А.Мектеп, 1988
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А. Білім, 1998
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2002
Кенжебаев Б. Қазақ єдебиеті тарихыныњ мєселелері А,. 1973
Сәтбаева Ш.Қ. Шәкәрім Құдайбердиев. А., 1990
Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. А., 1990
Шәкәрім. Шығармалары. А: Жазушы, 1988
Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры. А: Жазушы, 1987
Байтұрсынов. Ақ жол. А: Жалын, 1991
Дулатов М. Шығармалары. А: Жазушы, 1991

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет